Хабар телеарнасы

Ұлттық құрылтайға кімдер кіреді? «Бүгін»

Президент наурыз айындағы халыққа арнаған жолдауында былай деді: «Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі өз міндетін табысты атқарды. Енді оның орнына құрамы жағынан ауқымды Ұлттық құрылтай құруды ұсынамын. Жаңа құрылым Ұлттық кеңестің қызметін жалпыхалықтық деңгейде жалғастырады».
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің жалғасы ретінде енді Ұлттық құрылтай құрылатыны белгілі. Бірақ құрылтайдың алдына қандай мақсат қойылады? Оның құрылымы қандай болады және оған кімдер кіреді?

Студия қонақтары:
1. Еркін Дүсіпов, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының бірінші вице-ректоры;
2. Қазбек Майгелдинов, Қазақстандық қоғамдық даму институтының Басқарма төрағасы;
3. Максим Рожин, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының вице-президенті;
4. Аманжол Әлтаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты.