Хабар телеарнасы

Бизнес бастауға берілетін гранттар. «Бүгін»

2022 жылдың 1-15 сәуір аралығында елордада «Бизнестің жол картасы 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында жаңа бизнес-идеяларды іске асыру мақсатында мемлекеттік гранттар беру конкурсына қатысу үшін кәсіпкерлерден өтінімдер қабылдау жүзеге асырылуда.
Бұл грантты алуда бизнестің қай саласына басымдық беріледі? Грант бөлуді қарайтын комиссияның құрамында кімдер болады? Кәсібінің нәсібін көргісі келетіндер қайда жүгінгені жөн? Елмізде тағы қандай әлеуметтік қолдау шаралары бар?
Студия қонақтары:
1. Самал Атагелді, кәсіпкер, бизнес-тренер;
2. Жасұлан Қуандық, қайырымдылық қорының директоры;
3. Гүлнұр Шынтаева, ЕХӘҚМ Халықты жұмыспен қамту департаментінің сарапшысы;
4. Ғалия Жабағина, ҚР ЕХӘҚМ әлеуметтік көмек саясатын дамыту департаменті директорының орынбасары;
5. Назым Әбілғазиева, бизнес-тренер;
6. Айбек Паяев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты.