Хабар телеарнасы

Баспана бағасы өсе ме? «Бүгін»

Елімізде 1 сәуірден бастап біржолғы зейнетақы төлемін алудың шекті мөлшері өзгерді. Енді зейнетақы қорынан тұрғын үйге немесе емделуге мерзімінен бұрын қаражат алудың жеткілікті шегі 2 есе көтерілді.
Енді баспанасы жоқ қырықтағы азаматтың қамал түгілі пәтер алуы да қиындай түспек. Өйткені оның шотындағы шекті мөлшер 6 млн-нан төмен болмауы шарт.
Мұндай жағдайда жастар қалай баспаналы болады? Жалпы елімізде үй алудың қандай мүмкіндіктері бар? Жолдары қандай? Ал баспана нарығындағы күн санап өсіп бара жатқан бағаға тоқтам бола ма?
Студия қонақтары:
1. Дәулет Мұқаев, блогер, баспана нарығын зерттеуші;
2. Әлкен Темірболатов, экономика ғылымдарының докторы;
3. Ирак Елекеев, мемлекет және қоғам қайраткері;
4. Айгүл Сәдуақасова, Қолданбалы этносаяси зерттеу институты директорының орынбасары;
5. Әзімбек Нәлібаев, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары;
6. Талғат Ерғалиев, ҚР Құрылысшылар одағының төрағасы.