Хабар телеарнасы

«100 шақырым+» жүгіру челенджінің қоғамға пайдасы қандай? «Бүгін»

«100 шақырым+» деп аталатын жүгіру челенджі 1 қазан күні басталған, Тұңғыш Президент күні мерекесінде «Хабар» арнасының тікелей эфирінде қорытындысы шығарылып, жеңімпаздары анықталады. Айта кететін жайт, бас жүлде – 1 миллион теңге. Сондай-ақ тағы 5 қатысушыға 100 мың теңгеден сыйлық берілмек. Жеңімпаздарды анықтау тәртібі бұрынғы марафондарға қарағанда өзгерек. «100 шақырым+» жүгіру челенджінің қоғамға пайдасы қандай? Маңыздылығы неде?
Осы және өзге де сауалдарға «БҮГІН» бағдарламасында жауап іздейтін боламыз.
Студия қонақтары:
1. Еркеғали Кәрбозов, ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясы директорының орынбасары
2. Теміржан Абдрахманов, «Спорт, денсаулық, экология» РҚБ төрағасы
3. Талғат Қалиев, саясаттанушы
4. Ерназар Бексұлтанов, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт жөніндегі жобалық офисінің жетекшісі
5. Ерболат Жүсіпов, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы
6. Ислам Байрамуков, ҚР Мәдениет және спорт министрінің спорт жөніндегі омбудсмені
7. Ерлан Мансұров, марафоншы