Хабар телеарнасы

Еліміздегі қан қоры қызметінің хал-ахуалы қалай? «Бүгін»

Пандемия кезінде қан донорларының саны 30% азайған. Ал елімізде қанға мұқтаж науқастар жыл сайын артып келеді. Олардың өмір күретамырының тоқтамауы тұрақты донорларға да байланысты. Қан тапсырушылар санының азаюы неден? Көп көлемдегі қан көбіне қандай ауруларға қажет болады? Қанның қай компонентіне сұраныс көп? Осы және өзге де сауалдарға «Бүгін» бағдарламасында жауап іздейміз.

Студия қонақтары:

1. Зәуреш Әлменова, ҚР ДСМ «Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының» трансфузиолог дәрігері;

2. Әлиасқар Әнуарбек, донор;

3. Шыңғысхан Қожахметов, «Nur Otan» партиясы бірлік филиалы төрағасының бірініші орынбасары;

4. Зульфия Ағажаева, «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы» трансфузиология бөлімшесінің меңгерушісі;

5. Жандос Нәдіров, Алматы қалалық қан орталығының директоры