Хабар телеарнасы

Үйіңіз жылыту маусымына дайын ба? «Бүгін»

Еліміздің барлық өңірі жылу бері маусымына сақадай сай деп айту қиын. Кей өңірлерде қазандықты дайындау, жылыту электр орталықтарына жөндеу жүргізу, электр желілерін қамдау жұмыстары кенже қалып отыр. Алдағы жылу беру маусымына дайындық қалай? Биыл көмір тапшылығы болмай ма? Жылу беру кезеңінде өрттің шығу себептері неде? Осы және өзге де сұрақтарға «Бүгін» бағдарламасынан жауап іздейтін боламыз.

Студия қонақтары:

1. Дархан Әлиақпаров, ҚР ЭМ Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті төрағасының орынбасары;

2. Мақсат Есмағұлов, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің отын-энергетикалық ресурстар бөлімінің басшысы;

3. Еркін Отарғалымұлы, Нұр-Сұлтан қаласы төтенше жағдайлар департаменті басқармасының бастығы;

4. Саят Исатов, ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитеті басқармасының бас сарапшысы.