Хабар телеарнасы

Бедеуліктің басты себебі неде? «Бүгін»

Бедеуліктің белең алып бара жатқаны қазір дүние жүзін алаңдатып отыр. Ұрпақ өрбіту жасындағы ұл-қыздардың белсіздік пен бедеулікке шырмалуы біздің ұлттың да басты демографиялық трагедиясына айналып отыр. Қазақстандағы әрбір алтыншы жұп сәби сүйе алмайды. Соған орай ЭКО бағдарламасымен берілетін квота саны 7 есе көбейеді. «Аңсаған сәби» бағдарламасы елімізде бедеулік бойынша кезекте тұрған 11 мыңнан астам отбасыға үміт сыйламақ. Бұл квоталар халыққа жеткілікті ме, квотаны қалай алуға болады, бедеулік пен білсіздіктің басты себептері неде деген сұрақтарға «БҮГІН» бағдарламасында жауабын іздейміз.
Студия қонақтары:
1. Шәкизат Халықова, ҚР ДСМ Аналар денсаулығын қорғау басқармасының басшысы
2. Алмаз Ибрагимов, репродуктолог дәрігер
3. Серікгүл Сәли, психолог
4. Ғалымжан Елеуов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты
5. Самал Таласпаева, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны