Хабар телеарнасы

Тағдыр тәлкегі. «Бүгін»

Ана болу – бір бақыт. Көпбалалы ана атану – нағыз ерлік. Ал жалғызбасты аналар үшін күнделікті өмір күреспен тең. Иә, елімізде жалғыз өзі бір етек баланы өсіріп, тәрбиелеп отырған келіншектер аз емес. Біз «Бүгін» өмірдің ешбір қиындығына қарамастан, өмірге ұрпақ әкелуді аналық борышы санаған жалғызбасты ананың жайын сөз етпекпіз. Аяз-қайғы жанын қарыса да, балапандары үшін ауыр тағдырға төтеп беріп келе жатқан Манзураның айтары бар.

Студия қонақтары:

1. Ақтөре Еркін, «Харекет» қайырымдылық қорының Нұр-Сұлтан қаласындағы өкілі;

2. Манзура Бошанова, көпбалалы ана;

3. Ерсұлтан Исатайұлы, Манзураның ұлы;

4. Тұрар Сәттарқызы, қоғам белсендісі;

5. Бақытгүл Насридинқызы, логопед-психолог;

6. Қуаныш Молдабек, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің кеңесшісі;

7. Мақсұтбек Айтмағанбет, «Әкелер одағы» РҚБ төрағасы.