Хабар телеарнасы

Мың алғыс саған, дәрігер! «Бүгін»

Елімізде маусымның әр үшінші жексенбісі медицина қызметкерлерінің күні атап өтіледі. Қазақстанда мемлекеттік нысандағы 496 аурухана мен 1955 амбулаториялық-емханалық ұйым жұмыс істейді. Онда 207 мыңға жуық медицина қызметкері, оның ішінде 55 мыңға жуық дәрігер еңбек етіп жүр. Өздеріңізге аян, былтырдан бері елді дүрліктірген пандемиямен күресте ақ халатты абзал жандардың еңбегі өлшеусіз болды.
«Бүгін» бағдарламасының тақырыбы мереке қарсаңында адам жанының арашасы – ақ халатты абзал жандарға арналады.
Студия қонақтары:
1. Сұлушаш Әбілқасымова, жедел жәрдем бөлімінің меңгерушісі
2. Гүлмира Ордабекқызы, онколог-маммолог
3. Айнұр Қарауылова, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің №15 емхана дәрігері
4. Арман Байділов, аллерголог
5. Айбек Сапарғалиұлы, Қарағанды медицина университетінің 8-курс студенті