Хабар телеарнасы

Көшкен жұрт неге жабырқау? «Бүгін»

Өткен айдың соңында солтүстікке көшіп барған жұрттың мәселесіне Мемлекет басшысы назар аударған еді. Президент әкімшілігіне Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданына қоныс аударған азаматтарға арналып салынған тұрғын үйлердің сапасын тексеру туралы тапсырма берді. Өйткені Айыртау ауданы Саумалкөл ауылында салынған үйлердің сапасы сын көтермейді. Қоныс аударушылардың мәселесін «Бүгін» бағдарламасында бірге талқылайтын боламыз.
Студия қонақтары:
1. Мейрамбек Төлепберген, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты
2. Ерболат Абулхатин, ҚР ЕХӘҚМ Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары
3. Бауыржан Бағлай, БҰҰ Қазақстандағы көші-қон жөніндегі агенттігінің ұлттық сарапшысы
4. Қайрат Бодаухан, экономика ғылымдарының кандидаты