Хабар телеарнасы

COVID-19: ЕЛДЕГІ ЭПИДАХУАЛ. «Бүгін»

Елімізде өткен тәулікте 989 адамның ПТР тесті оң нәтиже көрсеткен. Ал 1081 адам аурудан жазылып шыққан. Өкінішке қарай, 19 адам көз жұмды.

Жалпы статистикаға тоқталсақ, әлемде короновирус инфекциясын жұқтырғандар саны 174 млннан асты. Ал Қазақстанда осы уақытқа дейін 395 064 адам вирус жұқтырып, оның 367 285-і жазылып шыққан. 4042 адам қайтыс болған.

Қазіргі таңда «қызыл» аймақта екі өңір – Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды облысы қалды. Сары аймақта 6 өңір тұр. Қалғандары жасыл аймақта.
Осылай еліміздегі эпидахуал оңалып келеді. Бірақ санитарлық талаптар қаншалықты сақталып жүр? «Бүгін» бағдарламасы осы тақырып төңірегінде сөз қозғайды.

Студия қонақтары:
1. Сәбит Рысбаев, Қоғам белсендісі
2. Фахреддин Қаратаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты
3. Ержан Байтанаев, ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологилық бақылау комитетінің ресми өкілі
4. Сүйентаев Еркебұлан, Нұр-Сұлтан қ. Есіл ауданы әкімі аппаратының кәсіпкерлікті қолдау бөлімі басшысының міндетін атқарушы