Хабар телеарнасы

Індет пен міндет. «Бүгін»

Коронавирус пандемиясы басталғалы бері бүкіл әлемдегі бизнестің жұмысына шектеу қойылды, кәсіпкерлердің табысы азайды. Бұл жағдай біздің елге де қатысты.

Осыған орай елімізде шектеуді ішінара алып тастауға балама ретінде «Ashyq» пилоттық жобасы іске қосылды.Ь18 қаңтардан бастап кәсіпкерлік нысандарының қызметі мен эпидемиологиялық ахуал арасындағы теңгерімді сақтау мақсатында ілкі режимде іске қосылған жоба 26 сәуірден бері бүкіл ел аумағында жұмыс істей бастады.

Бүгінде «Ashyq» жүйесі қызметтің барлық саласында шамамен 6 мыңдай нысанды қамтиды және оған 1 млн 400 мыңдай қолданушы тіркелген. «Бүгін» бағдарламасында осы жүйенің қалай жұмыс істеп жатқаны жайында талқылаймыз.

Студия қонақтары:
1. Бекболат Молдабеков, ҚР ЦДИАӨМ Цифрлық шешімдер департаментінің директоры
2. Ержан Байтанаев, ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі
3. Дәулеткерей Кәпұлы, ақын, Қазақстан Жазушылар одағы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының директоры
4. Әкім Тұрсын, иммунолог дәрігер