Хабар телеарнасы

COVID-19: вакцинаның маңызы. «Бүгін»

Індеттің алдын алу мақсатында сәуір айынан бері халықты жаппай вакцинациялау басталып кетті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі вакцинация қарқынын төмендетпеу керек деп санайды. Мемлекет басшысы екпе салдыру барлық шектеуден арылтып, қайта қалыпты өмірге бастайтын, COVID-19 пандемиясын жеңетін жалғыз жол екеніне кәміл сенеді.

Қазір қазақстандықтарға ресейлік Спутник-V және отандық QazVac вакцинасы салынып жатыр. Пекин биологиялық өнімдер институты әзірлеген Hayat-Vax вакцинасының 1 млн дозасы да елімізге әкелінбек. Бұл вакцина елімізде қашан қолжетімді болады? Сауда орталықтарында вакцина салу қауіпті емес пе?

Осы және өзге де сауалдарға «Бүгін» бағдарламасында жауап іздейміз.