Хабар телеарнасы

COVID-19: вакцинаның күші «Бүгін»

Қазіргі таңда дүниежүзінде 135 млн астам адамда вирус анықталған. 3 млн-ға жуық адам қайтыс болған. Мұндай қарусыз күресте жалғыз үміт екпеде болғандықтан әлем елдері вакцина салу қарқынын арттыруда.
Елімізде екпе егу ісі 1 ақпаннан басталды. Вакцина салу ісі қалай жүріп жатыр, оның сапасы мен тиімділігі қандай? Бұл туралы «Бүгін» бағдарламасынан біле аласыздар.
Студия қонақтары:
1. Ғалымжан Елеуов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты
2. Айнагүл Қуатбаева, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы басқарма төрағасының орынбасары
3. Тимур Мұратов, Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы
4. Айсұлу Қамарова, Қарағанды медицина университеті Қоғамдық денсаулық және биомедицина мектебі деканының орынбасары, эпидемиолог дәрігер