Хабар телеарнасы

Қашықтан оқыту – уақыт талабы. «Бүгін»

Өмір салтымызды өзгерткен коронавирус «Бүгінніңде» өзекті мәселесі болып отыр. Биылғы оқу жылын қашықтықтан оқи бастаған 2,5 миллион баланың біразы ІІІ тоқсанды дәстүрлі форматта бастады. Ал 18 қаңтардан басталатын екінші семестр ЖОО үшін қалай болмақ? Жалпы қашықтықтан оқыту білім сапасына қалай әсер етті? Білім ордаларында эпидахуал қалай сақталған?

Бағдарлама қонақтары: Айгүл Жұмағұлова – Нұр-Сұлтан қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы, Мұрат Бақтиярұлы – ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Аятжан Ахметжанұлы – Нұр-Сұлтан қаласы 51 мектеп-гимназиясының директоры, Майра Мелдебекова – ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы, Бану Нарбекова – ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі департамент директоырның орынбасары.