Хабар телеарнасы

Қазақстанның сыртқы елдермен саясаты. «30 жылдың ой толғауы»

Қазақстан – Орталық Азия өңірінде шекараны делимитация мен демаркация мәселесін толық шешкен жалғыз мемлекет. Бұған қол жеткізудің оңай болмағаны анық. 13 жылдай уақытқа созылған келіссөздер барысында біздің тараптың жанкешті ерік-жігер танытуына тура келді. Соның арқасында еліміз тарихта тұңғыш рет 14 мың шақырымдық құрлықтық шекараны халықаралық-құқықтық тұрғыдан рәсімдеді.
Шекараның беріктігі мен мемлкеттің қорғанысы Қарулы Күштерге тікелей тәуелді. Тәуелсіздік алған кезде еліміздің әскери сала бойынша тәжірибесі болмады. Қазақстан Армиясының тарихы 1992 жылдың 7 мамырынан басталады. Сол күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Қарулы Күштерін құру туралы Жарлыққа қол қойды.

Студия қонақтары:
1. Мұхтар Алтынбаев, Әуе шабуылына қарсы қорғаныс дивизиясының командирі (Түрікменстан, Мары қ., 1988-1992 жж.);
2. Бірғаным Әйтімова, ҚР Жоғарғы Кеңесі Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы (1990-1993 жж.);
3. Ерлан Әлімбаев, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары.