Хабар телеарнасы

Кәсіпті тіркеу, заңдастыру. Мүмкіндігі шектеулі жандарға мемлекет тарапынан берілетін жеңілдіктер. Бизнеске бағыт

Бүгінде көп адам кәсіпкер болғысы келеді. Айлықтан айлыққа күнелткеннен гөрі жеке кәсіп ашып, өзіне жұмыс істеуді қалайтындардың қатары жыл сайын көбейіп келеді. Осы жылдың басында 1 млн 603 мың 839 адам өз кәсібін ресми тіркеген екен. Бизнес бастау туралы ой туындағанымен, іс жүзінде оны жүзеге асырудың амалын таба бермейді. Бұл ретте жеке кәсіп ашу идеясын алдымен пісіріп алған жөн. Көздеген бағытыңыз қандай? Оған сіздің уақытыңыз, әлеуетіңіз жеткілікті ме? Осы және өзге де мәселелер туралы толығырақ «Бизнеске бағыт» бағдарламасынан біле аласыздар.