Хабар телеарнасы

Ғимараттарды сүрудің жаңа талаптары бекітілді. «Баспанаға бағыт»

Биылдан бастап ғимараттарды сүрудің жаңа тәртібі шықты. Құжат заң жүзінде маусым айынан бастап іске асырылады. Онда жекеменшіктегі мүлікті сүруге болатын ғимараттардың жаңа тәртібі берілген. Олардың қатарына бөлшектеу және бұзу үшін жұмыс өндірісінің жобасы талап етілмейтін нысандар тізімі қосылды.
Сүруге болатын ғимараттардың қатарына қандай объектілер кіреді? Апатты үйдің тұрғындары мемлекет тарапынан нендей көмек ала алады? «Баспанаға бағыт» бөлімінде таразыға салатын тақырыбымыз осы.
Ал «Халықтан сауал» бөлімінде ерлер бала күтіміне байланысты демалысқа шықса, жәрдемақы қалай есептелетіні айтылады.