Хабар телеарнасы

«Баспанаға бағыт». Жаңа үйден пәтер сатып аларда оның сапасын қалай тексеру керек?

Жаңа баспана – жаңа өмір. Үй қарау, оны таңдау – жанға жағымды эмоциялар сыйлайтын құбылыс. Ең бастысы, сол таңдауды дұрыс жасап, қателік жібермеу керек. Әдетте жылжымайтын мүлік таңдау кезінде сатып алушы негізгі 3 факторды басшылыққа алуы керек. Олар: шаршы метрдің құны, ауданы және орналасқан жері.

Жаңа тұрғызылған кешеннен пәтер таңдауда басты назар аударатын нәрсе – құрылыс салушы. Үй аларда сол үйді тұрғызған құрылыс компаниясы туралы барынша көбірек ақпарат жинаған жөн.

Жаңа үйден баспана алуда ескеру қажет жайттарды толығырақ «Баспанаға бағыт» бағдарламасынан біле аласыздар.