Хабар телеарнасы

Жер үй тиімділігі, өндірістік жарақаттану кезіндегі жұмыскер құқықтары. «Баспанаға бағыт»

Пәтер сатып алған тиімді ме әлде сол қаражатқа жер алып, өз үйіңді тұрғызған дұрыс па? Қалада ешқашан жердің бағасы төмендемейтіні анық.

Пәтердің құны айтпаса да түсінікті. Оның үстіне құрылыс материалдарының бағасы да шарықтап тұр. Бірақ сонда да үй құрылысы ешқашан тоқтаған емес. Сонымен баспана сатып алған дұрыс па, әлде жер алып, өз үйіңді салған жөн бе? Бағдарлама қонағы – Құрылыс компаниясының басқарма төрағасы Шалқарбек Тәліпов.