Хабар телеарнасы

Ұшқын Сәйдірахманұлы, Ержан Өмірханұлы, Заңғар Кәрімхан. «Асыл қазына» 33-шығарылым

«Асыл қазына» интеллектуалды ток-шоуы – қазақ тілінің қолданыс аясын, көрерменнің білім көкжиегін кеңейтуді көздейтін жоба. Сайыс төрт кезеңнен тұрады. Әр турда қатысушыларға мақал-мәтелді жалғастыру, жұмбақтың шешімін табу, тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын ашу сынды тапсырмалар беріліп отырады. Ойға жүйрік, сөзге тапқыр ойыншы жеңіске жетіп, «Хабар» арнасының арнайы дайындаған мүсіншесін иеленіп, бағалы сыйлықтармен марапатталады.
«Асыл қазына» жобасын дүйсенбі-жұма күндері сағат 16:00-де «Хабар» арнасынан көріңіздер.