Хабар телеарнасы

Самат Нұртаза, Нұргүл Мадиева, Қазбек Майгелдинов. «Асыл қазына» 21-шығарылым

«Асыл қазына» интеллектуалды сайыс 4 кезеңнен тұрады. Ой өрісі мен дарындылығын даралайтын бағдарламада қатысушылар мақал-мәтелдерді жалғастырып, берілген жұмбақтардың шешімін тауып, салт-дәстүрлерге қатысты сауалдарға жауап берулері қажет. Ойға жүйрік, сөзге тапқыр ойыншы жеңіске жетіп, «Хабар» арнасының арнайы дайындаған мүсіншесін иеленіп, бағалы сыйлықтармен марапатталады.
«Асыл қазына» жобасын дүйсенбі-жұма күндері сағат 16:00-де «Хабар» арнасынан көріңіздер.