Хабар телеарнасы

«Батырлар» фильмі

«Батырлар» тарихи драмасында қазақ халқының тарихындағы аса ірі жеңістердің бірі әрі бірегейі болған Орбұлақ шайқасы бейнеленеді. Сондай-ақ жоңғар шапқыншылығы кезінде қазақ жерін жаудан қорғап, халықтың ауызбірлігін сақтау үшін күрескен тарихи тұлғалар Қарасай, Ағынтай, Мерген батырлардың өмірі мен ерліктері баяндалады. Көрермен бұл туынды арқылы өткенімізге оралып, ел тарихында батырлардың қаншалықты маңызды рөл атқарғанын көреді.