18:00Эфирде: «Жас домбыра» концерті
20:00Әрі қарай: Концерт «Жастар әні»
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Хиуаз Доспанова туралы «Көктегі жалын» деректі фильмі

Хиуаз Доспанова туралы «Көктегі жалын» деректі фильмі

Хиуаз Қайырқызы Доспанова – Екінші дүниежүзік соғысқа қатысқан қазақтан шыққан жалғыз әйел-ұшқышы, жауынгер, батыр, Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы.
Ол Орал қаласындағы жалғыз қазақ мектебіне іліге алмай, №1 орыс мектебінде білім алады. Мектептегі оқуымен бірге Оралдағы аэроклубта қатар оқыды.
Бұл жайлы ұшқыш апамыздың өзі көзі тірісінде былай деген еді: «Мен мектепте комсомол ұйымында қоғамдық жұмыстарға белсене араластым. Қаламызда ұшқыштар дайындайтын курс ашылған болатын. Соған оқушылар іздеп келгенде, ешкім жазыла қоймады. Мен орнымнан атып тұрып, мені жазыңыздар дедім. Содан кейін біртіндеп басқалар да жазыла бастады. Сөйтіп ойда-жоқта осы мамандықты игеруге тура келді».
Ұшқыштық өмір жолын Оралдың аэроклубында бастап, кейін әйгілі ұшқыш Марина Раскова басқарған 46-гвардиялық полкінің құрамында 300-ден астам әуе шайқастарына қатысқан Хиуаз Доспанова сол кездің өзінде теңдессіз ерлігі үшін «қанатты қыз» атанған.
Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Хиуаз Доспанова... Олардың есімдерін тек Қазақстан ғана емес, кезіндегі КСРО халықтары да жақсы біледі. Соғыстан кейін лауазымды қызметтер атқарған Хиуаз Доспановаға Халық қаһарманы атағы берілді.

Сондай-ақ...