«Қасіретті қаңтар: Тәртіпсіздік» деректі фильмі

«Хабар» телеарнасынан «Қасіретті қаңтар. Тәртіпсіздік» жаңа деректі фильмі көрсетіледі. Жоба Қазақстандағы қаңтар оқиғасы туралы фильмдер циклінің үшінші бөлімі болып табылады.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «Хабар» Агенттігі «Қасіретті қаңтар. Оқиға қалай өрбіді» және «Қасіретті қаңтар. Мародерлар» фильмдерін көрсетті. Бірінші бөлім қаңтар оқиғаларының толық хронологиясына негізделсе, екіншісі мародерлар туралы жаңа фактілерді көрермен назарына ұсынды.
Қасіретті қаңтар туралы деректі фильмдер топтамасының кезекті бөлімі оқиға куәгерлерінің эксклюзивті сұхбаттарына негізделген.