Хабар телеарнасы

«Бибі ана» деректі фильмі

Қаламгерлік пен қайраткерлікті қатар алып келе жатқан абзал ана бүгінгі таңда да «ұлт рухы» десе, асқақ ойын ашық айтып, «ұрпақ тәрбиесі» десе, ұйқысын сан бөліп келеді. Әрине, қай кезде де қоғамды ілгері қозғайтын да осындай жігері биік қайырымды қайраткерлер десек артық айтқандық болмас. Халық оны «Бибі ана» деп атайды. Шалқарда Бибігүл Иманғазинаның шарапатын көрген жандар көп екен. Ол өзінің «Тауқымет» кітабы арқылы жағдайы жоққа жанашыр болып, мүгедек жандардың жоғын жоқтаған жан.
Үйсізге үй берген, жұмыссызға жұмыс тауып берген, жетімге пана, жесірге қорған болған Бибі ана туралы деректі фильмді назарларыңызға ұсынамыз.