Хабар телеарнасы

«Қазақ бокс стилі» деректі фильмі

Бокс жанкүйерлерінің назарына!

«Хабар» арнасы танымал режиссер Қанат Бейсекеевтің АҚШ-тағы қазақ боксшылары туралы түсірген Qazaq boks stıli деректі фильмін ұсынады!

Туынды былғары қолғап шебері Жәнібек Әлімханұлының шаршы алаңдағы кәсіби мансабын бастау үшін Лос-Анджелеске баруы, бұл жолда алдынан шыққан қиындықтары мен жеңіске жету жолындағы қажырлы еңбегі суреттеледі.

Фильмде сондай-ақ жалпы қазақ боксшыларының жетістіктері мен болашағы қамтылады.

Деректі кинода Мадияр Әшекеев, Сағадат Рахманқұл, Асхат Уәлиханов, Мейірім Нұрсұлтанов та бой көрсетеді.