Хабар телеарнасы

«Бір туынды тарихы» циклі: Сәби болғым келеді

Кейде тірліктің күйбеңінен әбден шаршаған кезде адам балалық шағына кетіп қалғысы келетіні бар. Тіпті алаңсыз асыр салып ойнайтын, сәби болғысы келіп кететін кездері де болады. Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған Тұрсынғазы Рахимовтың «Сәби болғым келеді» әні осындай көңіл күймен туған секілді. Дегенмен туындының тарихы бізге басқаша деректерді алға тартты. Мұқағали Мақатаевтың «Сәби болғым келеді» әні – Тұрсынғазы Рахимовты сазгер ретінде танытқан алғашқы туынды. Осы шумақтарға әуен жаза отырып, Тұрсынғазы Рахимов өзінің балалық шақтағы арманы композитор болу бағытындағы алғашқы қадамын жасаған еді.