Хабар телеарнасы

«Бір туынды тарихы» циклі: Ғашықтар жыры

Ән әлемінде кең таралған тақырыптардың бірі әрі бірегейі ол – махаббат тақырыбы. Келісесіз бе, дәл осы ұлы сезімге ақын да, жазушы да, сазгер де жиі қалам тербейді. Әрине, махаббат туралы жүрекке жеткізіп жазу үшін автордың бойында үлкен сезім болу керек. «Бір туынды тарихына» арқау болған ғашықтар жырын дүниеге әкелуде Кеңес Дүйсекеев пен Шөмішбай Сариевтің бойында қандай сезім болды екен?