Хабар телеарнасы

ECO MEKEN. 1-шығарылым / 1-выпуск

«ECO MEKEN» – экологиялық тақырыптағы алғашқы қазақстандық реалити-шоу. Бағдарлама қатысушылары өз тәжірибесі мен түсірілім кезінде бастан кешкен оқиғалары арқылы барлық үлкен эко-жоба кішігірім жұмыстан басталатынын көрсетеді.
Шоуға 16 үміткер қатысады. Олар түсірілім барысында білімін арттырып, елдің экологиялық хал-ахуалын жақсарту жолында үлкен тәжірибе жинайды.
Реалити-шоудың жеңімпазы өз эко-жобасын жүзеге асыруға мүмкіндік алады.
Қатысушылар екі топқа теңдей бөлінеді. Олар жартылай финалға дейін бірге жұмыс істейді. Әр апта сайын топ мүшелері берілген тапсырманы орындауы керек. Тапсырмалар экологиялық мәселелерді шешуге байланысты болады. Берілген шарттарды орындай алмаған топ өз ішінен бір адамды таңдап, жобадан шығарады. Қатысушылар түрлі сыннан өтіп, өз білімі мен күш-жігерін шыңдай түседі және табысқа жету үшін барын салады.