Хабар телеарнасы

«Қазақфильм» киностудиясының тарихына 80 жыл. «Хронограф – 2021». 1-бөлім

Кино – бұл бір өз алдына бөлек әлем. Тынысы мен тіршілігін бойлай берсең, тереңдей түсетін ғажап әлем. Уақытты бір сәтке тоқтатып қойып, сол кезеңге қайта оралудың зор мүмкіндігі. Ауқымды әрі алып сала. Қазақ киносының қалыптасуы тұнып тұрған тарих. Бұны бірнеше кезеңге бөліп қарастыруға болады. Бірінші кезең – 1940 жылға дейін. Алғашқы киношежіре 1925 жылы түсірілді. 1928 жылы РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі жанынан акционерлік «Востокфильм» кино қоғамы құрылды. 1929 жылы Алматыда оның өндірістік бөлімі ашылып, ол Қазақстанның өмір-тұрмысы туралы «Соңғы хабар» атты киножурнал шығарып тұрды.
Қазақ киносының қалыптасу тарихы туралы толығырақ бейнематериалдан тамашалай аласыздар.