Хабар телеарнасы

«Бір туынды тарихы» циклі: «Қазақтың дастарханы» деректі фильмі

Дастарқан – қасиет, дастарқан – кие, дастарқан – ұлттың болмысы. Дастарқан – қазақта қанша салт болса, сонша құндылықтың қайнар бастауы. Үлкендер ас үстінде отырып-ақ небір дәстүрлерді дәріптеп, ұлттық құндылықтарымызды жас ұрпақтың санасына сіңіре білген.

Ал осы дастарқанға ән арнаған кезде авторлар оның өміршең боларын немесе олардың хитке айналарын білді ме екен?! Ендеше, «Бір туынды тарихы» циклі «Қазақы дастарқаным» (әні: М. Ілиясов, сөзі: Ж. Боранбаев) әнінің шығу тарихына арналады.