Хабар телеарнасы

«Бір туынды тарихы» циклі: «Сағындым сені» деректі фильмі

Жасындай жарқ етіп, көзден ғайып болған Оразалы Досбосыновты қара сөздің қадірін білген кез келген қазақ таниды. Қалың елдің қабырғасын қайыстырып кеткен ақынның зайыбы Ажардың орындаған «Сағындым сені» әнінің біле білген адамға өзіндік сыры бар. Әннің әуенін Роза Әлқожа мектеп қабырғасында оқып жүргенде жазған. Көп уақыт рухани сандығының түбінде сәті келгенше сақтап жүрген.

Сазы сыңғыр, сөзі мөлдір, тағдыры ауыр туынды жайлы «Бір туынды тарихы» циклінен көре аласыздар.