Хабар телеарнасы

«Бір туынды тарихы» циклі: «Құсни-Қорлан» деректі фильмі

Мұратқа іздеген жан бәрі жеткен,

Дариға, арманым көп не қылайын.

Бұл – Естай Беркімбайұлы шығармашылығының төл туындысы «Құсни-Қорлан» әнінің жолдары.

Бүгінде ол баянсыз сезімді бастан өткерген жандардың сүйіп шырқайтын әніне, махаббат әнұранына айналды.

Ғашықтық жыры, әлемдік сахналарда шырқалған «Құсни-Қорлан» әнінің тарихын «Бір туынды тарихы» деректі фильмдер циклінен біле аласыздар.