Хабар телеарнасы

«Бір туынды тарихы» циклі: «Ана туралы жыр» деректі фильмі

Ана жүрегі тоқтаған шақта Шәмші Қалдаяқов Алматыда болатын. Есімі елге танылып, ән әлеміне әлеуеті зор композитордың келгенін қалың жұрт мойындап үлгерген. Тек таланттың тағдыры бақталастықтың бұлтына шырмалып, тауы шағылып жүрген сәтте жеткен қаралы хабар қағылез жанның қабырғасына қатты батады. Қатал тағдыр тіпті оған анасына бір уыс топырақ салуды да қимайды.

Келмеске кеткен аяулы анасына деген бар жылулығы мен сағынышынан туған «Ана туралы жыр» әні туралы «Бір туынды тарихы» деректі фильмдер циклінде.