Хабар телеарнасы

Арнайы шығарылым. Елбасы төрағалығымен өткен «Самұрық-Қазына» қорын басқару жөніндегі кеңестің отырысы

Қалыптасқан күрделі ахуалға тез бейімделуге және дағдарысты еңсеруге септігін тигізетін экономиканың негізгі драйверлерін айқындауға тиіспіз. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ басқару жөніндегі кеңестің отырысында Елбасы осылай деді.

Жиында дағдарысқа қарсы шаралар қаралды. Қазір қор шағын және орта бизнесті дамытуға көп көңіл бөліп отыр. Пандемия кезінде қорға қарасты компаниялар жұмысын жалғастырды. Өндіріс орындары тоқтаған жоқ. Жұмысшылар қысқартылмады, жалақы уақытылы берілді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қорға тиесілі активтердің құны 28 трлн теңгеге жуықтайды деді. Бұл – ішкі жалпы өнімнің 40%. Қазір қорға қарасты компанияларда 300 мыңға жуық адам еңбек етеді. Карантин кезінде бұқараны қолдау үшін Ұлттық қордан қомақты қаражат алынғаны белгілі. Ал «Самұрық-Қазына» керісінше ұлттық қорға 100 млрд теңге аударды.