Хабар телеарнасы

«Тәуелсіздікке тағзым» концерті

Тәуелсіздік күні – ел еңсесін биіктеткен қастерлі мереке. 16 желтоқсан – ата-бабамыздың асқақ арманы орындалып, ел іргесі бекіген күн. Ұлт үшін айрықша мерекеге орайластырылған салтанатты шарада отандық жұлдыздар құттықтау лебізін ән-шашумен жеткізеді.

Қазақ эстрадасының асқақ сезімге жетелейтін әуендерін тыңдағыңыз келсе, «Хабар» арнасы қосулы болсын!