Хабар телеарнасы

«Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» мерекелік концерті

Қазақстан Тәуелсіздік алған тұста ұлт тарихындағы жаңа дәуір дәл осы 1 желтоқсан күнінен басталған еді. Өйткені ата-бабамыздың ғасырлар бойы асыл арманы болып келген егемен Қазақстанды құру жөніндегі тарихи аманаты 1991 жылғы 1 желтоқсанда орындалып, сол күні Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Тәуелсіз Қазақ елінің Тұңғыш Президенті болып сайланған болатын. 

Қазақстан Республикасының Президенті күніне арналған «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» мерекелік концертін біздің арнамыздан тамашалаңыздар!