Хабар телеарнасы

Жеті күн 14.10.2017

Сюжеттер
1. Қос саммит Сарапшы пікірі 2. Сапар қорытындысы
3. Сарапшы пікірі 4. Қоғамдық мәселе 5. Елбасы қабылдауы
6. Рухани жаңғыру 7. Отын көп, жүйе жоқ 8. Өрелі оқу ордасы

1. Қос саммит

«...1991 жыл кәрі тарихтың құрсаулы дөңгелегін кері айналдырғандай болды...». «Ұлы дала ұлағаттары» кітабынан алынған Президенттің осынау бірауыз сөзінде біраз ой бұғулы жатыр.

Шынында да өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарындағы толқу тар шеңберде ширығып жатқан талай елді «азаттық» дейтін арманға асықтырды. Санадағы сілкініс себеп болып, ақыры әркім өз үзеңгісіне аяқ артты.

Бірақ тізгін қолға тигенімен тұлпардың шабысына шабыс бітіру қиын еді. Ол үшін бұрын одақтас болған мемлекеттер енді басқа форматтағы қарым-қатынасты қалыптастыруға тиісті еді. Сол тұста «Тәуелсіз мемлекеттер достастығы» деп аталатын теңдік пен кеңдікке негізделген ұйым құрылды.

Әрине, әу бастағы әрекеті әлсіз еді. Тіпті «бұл ұйымның қажеті жоқ» деген де ұйғарымдар айтылған. Дегенмен «уақыт» атты төреші өз төрелігін жасады. Заманға сай түрленген ТМД өзара байланыста өзінше мазмұнға ие болды.

Бүгінде бұл институт серіктес елдердің экономикалық интеграциясы мен мәдени-гуманитарлық әріптестігіне де қызмет етіп отыр. Осының ықпалы негізінде Еуразиялық экономикалық одақ және Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы сынды маңызды құрылымдар құрылды. Демек, «Тәуелсіз мемлекеттер достастығын – кеңестік кезеңнен кейінгі жаңа кейіптегі байланыстардың бастауы» деп байлам жасауға болады. Дегенмен ұйымның әлі де ақсап тұрған тұстары бар. Жұмысын жетілдіру қажет. Осы және өзге де өзекті тақырыптар Сочидегі мемлекеттер басшыларының басқосуында талқыланды. Сондай-ақ Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында әріптес елдердің экономикалық байланысы кеңінен айтылды.

Туристік Сочи бұл күндері саяси алаңға айналды. Қара теңіздің жағалауында қатарынан қос саммит өтті. Жаһандық экономика теңіздей тулап тұрған кезде жағдайды бір таразылап алған абзал. Сондықтан алғашқы жиын ТМД-ның келешегін саралауға арналды. Іргелі бірлестік барлығы 11 елді біріктірсе, соның 9 көшбасшысы Сочиге табан тіреді. Елдегі саяси науқанға байланысты Алмазбек Атамбаевтың орнына Қырғызстанның Премьер-Министрі келді. Украина Президенті де жиынға келмеді.

Саммитте ұзын саны 16 мәселе қаралды. Қауіпсіздік, қорғаныс, жемқорлықпен күрес, бейбіт мақсатта ғарышты бірлесіп игеру және тағы басқа. Өзекті мәселелердің қатарында экономика бар. Қуантарлығы, ТМД аумағында экономикалық белсенділік оңалып келеді. Жыл басынан бері өзара тауар айналым 25 пайызға өсіп, 75 млрд долларға жеткен. Жаһандық тұрақсыздыққа қарамастан, ұйым мүшелері өсімді еселеуге ден қойып отыр.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-В мировой экономике по-прежнему сохраняется повышенная волатильность. В этих условиях страны СНГ должны уделять особое внимание взаимному углублению торгово-экономических отношении и искать новые ресурсы для экономического роста. Одним из наиболее развивающихся сегментов является рынок услуг. Свободная торговля услугами на территории СНГ позволит открыть новые возможности для наших бизнесменов и выведет торгово-экономическую кооперацию наших стран на новый уровень. Предлагаю поручить совету глав правительств и исполнительному комитету активизировать работу по проекту соглашения о свободной торговле услугами и принять его в ближайшее время, с конкретными поручениями и решениями.

Биыл гуманитарлық ынтымақтастықты тереңдетуге ерекше мән беріліп келеді. Көшбасшылар 2017 жылды «Отбасы институты мен дәстүрлі отбасылық құндылықтарын қолдау жылы» деп жариялауы сондықтан.

Владимир Путин, Ресей Федерациясының Президенті:

-Саммиттің күн тәртібі мазмұнды. Біз ТМД шеңберіндегі ынтымақтастықты әрі қарай өрбітудің жолдарын пысықтаймыз. Достастық құрылымдарының тиімділігін арттыру шараларын ортаға саламыз. Экономикалық әріптестікке ерекше көңіл бөлінеді. Сауда және инвестициялық байланыстарды нығайту үшін тосқауылдарды жою көзделуде. Бізде өзара ірі әрі тиімді жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік мол.

Көкейтесті түйткілдердің қатарында ұйым трансформациясы мәселесі бар. Нұрсұлтан Назарбаев бұл бастаманы өткен саммиттерде көтерген еді. Жұмыс алға басқандай. Мақсат – бірлестік институттарының тиімділігін арттыру. Сөйтіп ТМД-ның жоғары органдарының өкілеттіктері қайта бөлінбек. Профильді мәселелер тиісті органдарға жүктелсе, мемлекеттер басшыларының кеңесі достастықтың даму стратегиясымен айналысады.

Мұxтар Ыбырайым, тілші:

-Қазір әлемдік экономикада тұрақсыздық сақталуда. Бұған ТМД мемлекеттері ерекше көңіл бөлуі тиіс. Осы орайда Нұрсұлтан Назарбаев өзара сауда-экономикалық қатынастарды дамытуға назар аударды. Бұдан бөлек Президент осыдан 10 жыл бұрын қабылданған ТМД-ның одан әрі даму концепциясын жетілдіруге шақырды. Құжатты қайта қарап, қазіргі заманға бейімдеу керек.

Бірлестік былтыр 25 жылдығын атап өтті. Ширек ғасырда заман түбегейлі өзгерді деуге болады. Демек, ТМД нағыз трансформация мен модернизация өткелінде тұр.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-На сегодняшний день главным стратегическим документом развития сотрудничества является концепция дальнейшего развития СНГ и план основных мероприятий по реализации, принятые еще в 2007 году. Данный документ охватывает широкий спектр деятельности СНГ, включая политическое, экономическое и гуманитарное взаимодействие,а также взаимодействие в сфере безопасности. Предлагаю провести ревизию действующей концепции, адаптировать ее положение к требованиям времени и разработать новый план мероприятий на перспективу.

Еуразиялық даму банкінің бас экономисі Ярослав Лисоволик Елбасының жаңғыруға бағыттаған бастамаларын қолдайды. «Қазақстан қадамдары қарым-қатынастарды ұлғайтуға арналған», – дейді. Демек, трансформация елдерді жақындата түспек.

Ярослав Лисоволик, Еуразиялық даму банкінің бас экономисі:

-Президент Назарбаев ТМД-ны тиімдірек етуге шақыруда. Мүмкіндігінше басқа органдармен қосарланушылықты жою. Ондай қайталаулар ТМД мен посткеңестік кеңістіктегі интеграциялық бірлестіктердің арасында бар. Қазақстанның бұл әрекетін ЕАЭО-ғы әріптестері қолдап отыр. Мұндай бастамаларды жүзеге асыруға болады деп ойлаймын. Өйткені ТМД-ны реформалау – заман талабы.

Андрей Быстрицкий, Экономика жоғары мектебінің факультет деканы:

-Еуропалық одақ экономикалық, өркениеттік тұрғыдан алда келеді. Дегенмен ол мәселелерді айналып өтуге себепші бола алмады. Кешегі Brexit, бүгінгі Каталония сөзіме дәлел. Осыдан түйгенім, ТМД-ны реформалаудың жеңіл әдісі жоқтың қасы. Бірақ керек. Бірлестік болған соң келісу қажет. Себебі ТМД – өте күрделі саяси-экономикалық, тіпті әлеуметтік үрдіс. Оның қалай өрбитіні белгісіз.

Айта кету керек, биылғы жиынның қорытынды құжаттарында Қазақстан бастамалары көптеп көрініс тапқан. Сочи Саммиті соңғы екі кездесудің жалғасы іспетті. Жиын нәтижесінде бірқатар келісімге қол қойылды. Ал төрағалық тізгін Ресейден Тәжікстанға өтті. Эмомали Рахмон Мәскеу жұмысын жалғастырып, қауіпсіздік мәселесіне ерекше көңіл бөлетінін жеткізді. Оның ішінде азық-түлік қауіпсіздігі де бар.

Эмомали Рахмон, Тәжікстан Республикасының Президенті:

-Қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамту басым бағыт болып қала бермек. Бұдан бөлек біздің елдердің жүк транзиті, авто және теміржол тасымалы саласындағы ықпалдастығын жаңа сапалы деңгейге көтеру керек деп есептеймін. Ауыл шаруашылығында азық-түлік қауіпсіздігін алға жылжытуға арналған шараларға ерекше көңіл бөлінеді.

ТМД басшыларының саммитінде алғаш рет Өзбекстан мен Молдова президенттері қатысты. Өткеннің есесін толтыру үшін қос мемлекет 2020 жылы ұйымға төрағалық етуге ниетті. Молдова басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына да келді. Кишинёв бұл бірлестікпен де байланыстарын бекемдей түспек.

Игорь Додон, Молдова Республикасының Президенті:

-Біз ТМД шеңберінде дамып келетін Еуразиялық экономикалық одақ сияқты жаңа интеграциялық жобалармен ынтымақтастық орнатуға ниеттіміз. Молдованың ұстанымы осындай. Бұл бірлестікпен еркін сауда аймағын құру жөнінде келісім жасап, байқаушы мәртебесін иеленсек деген ойымыз бар.

Мұндай келісім Иран, Мысыр, Израиль, Үндістан, Сербия және Сингапурмен де жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта интеграциялық бірлестіктің керегесі кеңейе түсері сөзсіз. Бұл мәселе екінші саммитте пысықталды. Қазақстан, Ресей, Беларусь, Армения мен Қырғызстан көшбасшылары Еуразиялық экономикалық одақтың келешегін саралады. Бірлестікке небәрі үш жыл. Оған қарамастан, 5 елдің тауар айналымы 30 млрд долларға жуықтаған. Бастапқыда көбіне шикізат алмасса, қазір көлік пен құрылғылар тасымалдау артып келеді. Сонымен қатар биылдан бастап дәрі-дәрмектің ортақ нарығы іске қосылды. 2018 жылдан жаңа Кеден кодексі қолданыла бастайды. Сөйтіп тауар рәсімдеу уақыты қысқара түспек. Тағы бір маңызды көрсеткіш. Еуразиялық даму банкі мүше мемлекеттердің бизнесін 5,5 млрд долларға несиелендірген. Осылайша 5 елдің экономикасы тұрақты дамып жатыр деуге негіз бар.

Серж Саргсян, Армения Республикасының Президенті:

-Ағымдағы жылдың алғашқы 7 айында өзара тауар айналым 28 пайызға артты. Ұйымға мүше елдердің сырт мемлекеттермен сауда-саттығы 26 пайызға өскен. Демек, біз ұстанған бағдар дұрыс. Осы тенденцияларды бекемдеп, қалып отырған тосқауылдарды жоюға жұмыс істеген абзал.

Жиын қорытындысы бойынша 20-ға жуық құжатқа қол қойылды. Соның негізгісі – 2025 жылға дейінгі цифрлық теxнологияларды дамыту жоспары. Бұл бағдарламалық құжат Еуразиялық бестікке электрондық сауданы бірлесіп дамытуға мүмкіндік береді. Екінші жағынан жаһандық цифрлық трансформацияға қарай жасалған ірі қадам. Осы орайда Қазақстан 2018 жылы цифрлық экономика жөніндегі арнайы форум өткізуге шақырды.

Владимир Путин, Ресей Федерациясының Президенті:

-Нурсултан Абишевич сегодня предложил созвать внеочередной саммит по развитию цифровых технологии. Мы все это поддержали. С удовольствием примем участие.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Это не обязательно саммит, Владимир Владимирович. Это – форум по вопросу развития цифровых технологий, это мы на уровне экономистов можем обсудить.

Владимир Путин, Ресей Федерациясының Президенті:

-Это тоже рабочий уровень, который мы можем сделать.

Жалпы қос саммитте де Қазақстанға ерекше көңіл бөлінді. Интеграциялық үдерістердің бастамашысы ретінде біздің елмен санасып, пікірін білуге ұмтылатындар аз емес. Солардың бірі – Ресей. Осы отырыс қарсаңында Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевпен бір сәт жеке пікірлесті.

Ұйыммен бірге Қазақстанның да абыройы асқақтап барады. Қабылданған тағы бір келісім ғарыш саласын бірлесіп игеруге қатысты. Еуразиялық «бестік» жерді қашықтықтан зондпен тексерудің бағдарламасын әзірлеуге келісті. Мұнда да Байқоңыры бар Қазақ елінің мерейі үстем болмақ.

Авторлары: Мұxтар Ыбырайым, Жұмағали Біргебаев, Дулат Ентебеков, Хасен Омарқұлов, Алмаз Омарғалиев

Мына картада таңбаланған 11 ел – Тәуелсіз мемлекеттер достастығына мүше. Олар өзара қарым-қатынас пен аймақтың ахуалына қатысты күрмеуі көп күрделі мәселелерді осы ұйымның аясында қарайды. Сондықтан бұл алаңның маңызы зор.

Дегенмен ТМД-ның ісінде тасбақаның табанды жүрісіне ұқсас дүние көбейген. Соны ойлаған Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылы құрылым жұмысын жүйелеп, жетілдіру жайын алға тартқан болатын. Сондағы Елбасы айтқан ұсыныстар былтырғы Бішкектегі жиында жалғасын тауып, көшбасшылар «Ұйымды заманның өзгерістеріне бейімдеу» жөнінде шешім шығарған. Ал биылғы басқосуда сол істі ілгері бастыру мәселесі басты назарда болды. «Осы тұрғыдан алғанда Сочидегі саммиттің салмағы зор», – дейді сарапшылар.

Жұмабек Сарабеков, ҚР Тұңғыш Президенті қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы:

-ТМД өзінің қызметін жетілдіре түсуге қадамдар жасап жатыр. Мәселен, өкілеттіктерді төмен деңгейге беру туралы жаңа келісімдерге қол қойылды. Бұл ынтымақтастықты жаңа жоғары деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Саммит жұмысын нәтижелі деп айтуға болады. ТМД аумағындағы ынтымақтастық одан әрі күшейеді деген болжам айтуға болады.

Бауыржан Досманбетов, ҚР СІМ Еуразиялық интеграция департаменті директорының орынбасары:

-2015 жылы Елбасы Тәуелсіз мемлекеттер достастығын трансформациялауға бағытталған бірқатар бастама көтерген болатын. Одан соң бұл ұсыныстар ТМД президенттерінің қатысуымен Бішкекте өткен жиында өз жалғасын тапты. Онда осы елдің көшбасшылары Тәуелсіз мемлекеттер достастығының трансформациясы мен бейімделуі туралы шешімді қабылдағаны мәлім. Қазіргі кезде жүзеге асыру жағы қарастырылып жатыр.

2. Сапар қорытындысы

Бұл сапардың маңызы зор. Себебі Нұрсұлтан Назарбаев қос жиынға қатысумен қатар Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен және неміс кәсіпкерлерімен кездесті.

Биыл – Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасына 25 жыл. Ширек ғасырдағы жұмысты ширатып айтсаң, атқарылған іс ауқымды. Осы жылдың өзінде сауда-саттық көлемі үш есеге артыпты. Бастысы белгілі бір бағыттар ғана дамып, қалғаны кешеуілдеп қалудан аулақ. Барлық салада дабырлы емес, сабырлы байланыс орнаған.

Ал Германиямен де арадағы алыс-беріс айтуға жарарлық. Биылғы сегіз айда тауар айналымы 1,5 млрд долларға өскен. Бұл ретте Қазақстан басты рөл атқаратын Еуразиялық көлік дәлізінің әлеуеті әжептеуір көмек. Дегенмен мүмкіндік мейілінше іске аспай отырғаны да ақиқат.

Бұл – екі Президенттің биылдыққа үшінші жүздесуі. Ал телефон арқылы қос ел басшылары 9 рет сөйлескен. Бірақ Сочидегі кездесудің өзіндік мәні бар. Владимир Путин екі бірдей саммитке қатысуға келген әріптестерін сол күні қабылдап үлгерді. Ал қазақ көшбасшысымен талай тарихи жиын өткен Қара теңіздегі жаздық резиденциясында арнайы кездесті. Бұл – Нұрсұлтан Назарбаевқа көрсетілген құрмет. Мемлекет басшылары алдымен өткен саммиттерді қорытындылады. Екіжақты ынтымақтастық мәселелерін де пысықтады. Биыл – екі ел арасында дипломатиялық байланыстардың орнағанына 25 жыл. Бұл кезеңде әріптестік барлық бағытта қарқынды дамып, стратегиялық деңгейге көтерілді. Биыл өзара сауда-саттық та өркендеді. Былтыр 16 пайызға бәсеңдеген тауар айналымы биылғы жылдың алғашқы 7 айында 40 пайыздық өсім көрсетті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-В этом году отмечаем 25-летие установления дипломатических отношений наших стран. Они наполнились нашим договором о дружбе и взаимопомощи, обращенным в XXI век, и еще наполняются. Россия для Казахстана – важный, самый главный и надежный партнер, союзник. Этим всё сказано. В нашем объеме товарооборота Россия занимает солидное место, особенно в последние годы Евразийского экономического союза эти отношения очень сильно крепнут.

Владимир Путин, Ресей Федерациясының Президенті:

-Мүдделес екі ел арасындағы ынтымақтастық жан-жақты қарқын алып келеді. Саяси, қауіпсіздік, экономика саласындағы аяқ алысымыз жаман емес. Осы бағыт-бағдар бойынша сөйлесуге мүмкіндік туғанына қуаныштымын және бұл кездесудің оң әсері боларына сенімім мол. Біз Сізбен ұдайы кездесіп тұрамыз, оған қазіргі факторлар себеп. Қоян-қолтық араласуымыз қос елдің байланысын одан әрі дамыта түсеріне еш шүбәм жоқ. Осындай мүмкіндік үшін Сізге тағы да алғыс айтамын!

Ресми Астана мен Мәскеу жыл сайын аймақаралық ынтымақтастық форумдарын өткізеді. «Адам капиталын дамытуға» арналған 14-ші кездесу қарашаның 9-ы күні Челябі қаласында көшбасшылардың қатысуымен өтпек. Нұрсұлтан Назарбаев әріптестіктің Еуразиялық экономикалық одақ аясында одан әрі дами түскенін атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-За этот год взаимная торговля выросла на 33%, то есть на треть. По всем направлениям экономики создаются новые совместные предприятия, совместные инвестиции. Если кто-то критиковал наш Евразийский союз, падения в соответствии с конъюнктурой, сейчас доказывает, что открыты границы, открытое общение людей, открытый переход капитала, инвестиции, дает плоды обеим странам.

Қазақстан мен Ресей басшылары Германия іскерлерімен өткен кездесуге де қатысты. Владимир Путин Елбасыны осы жиынға арнайы шақырды. Бұл – неміс бизнесмендерімен әріптестікті кеңейтудің мүмкіндігі. Германиямен тариxи сабақтастықтың тамыры тереңде жатыр. Бүгінде Қазақстанда неміс диаспорасының 100 мыңнан аса өкілі тұрады. Инвестициялық әріптестікке келер болсақ, осы күнге дейін ресми Берлин біздің елге 5 млрд теңге қаржы құйған. Бірқатар ірі инвестициялық жоба жүзеге асты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-За 8 месяцев текущего года товарооборот вырос между нашими странами на 1,5 млрд долларов. Только за последние 5 лет в Казахстане реализовано 19 крупных инвестиционных проектов на сумму 2,8 млрд долларов. Среди партнеров такие концерны, как Siemens, Knauf, Metro, Heidelberg, Grinda и другие. Пару лет тому назад я был в Берлине. Мы с канцлером Меркель договорились о том, что мы будем привлекать на редкометалльные месторождения взамен на технологию и инвестиции Казахстана.

Қазақстанда бизнесмендерге қолайлы жағдай жасалған. Ыңғайлы инвестициялық ахуал қалыптасты. Осыған мән берген Елбасы қазақ-неміс қатынастарының қарқынын күшейтіп, келер жылы жұмысын бастайтын «Астана» xалықаралық қаржы орталығына атсалысуға шақырды. Онда қаржы нарығын кеңейту үшін ерекше құқықтық жүйе іске қосылады. Бұған қоса еліміздің транзиттік әлеуеті көптеген жаңа мүмкіндік ашады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Мы запустили мультимодельный евразийский транспортный коридор. Сегодня через Казахстан проходят 5 железнодорожных, 6 автомобильных международных маршрутов. От Тихого океана через Китай-Казахстан-Россию в Европу; через Казахстан-Иран-Персидский залив; через Казахстан-Кавказ снова в Европу. Основные маршруты лежат через Россию. Эти маршруты связывают Китай, другие страны Азии, Европы через Россию, Каспийское, Черное море, Иран, Индию, Турцию. Таким образом, сформированы стратегические транспортные коридоры, соединяющие напрямую Азию и Европу, Север и Юг. К вашим услугам использовать эти транзитные возможности.

Жиынға Германиялық алпауыт компаниялардың өкілдері келді. Олардың біразы Қазақстанмен жақын байланыс орнатқан. Елімізде неміс капиталдың қатысуымен 900-ден аса компания жұмыс істейді. Бірақ Ресейге салынған санкциялар инвестиция құйғысы келетін компанияларға әсер етпеуі тиіс.

Вольфганг Бюхеле, Германия Экономикасы шығыс комитетінің төрағасы:

-Біз Еуропалық одақтың санкцияларға қатысты теріс пікірін қолдаймыз. Оппозициялық құжатта америкалық санкциялар аймақтық сипатқа ие болса, онда ол германдық бизнес үшін қауіпті екенін айттық. Себебі мұндай шектеу Еуропалық кәсіпорындардың инвестициялық шешімдеріне әсер етуі мүмкін. Бірақ біз осындай белгісіз жағдайда компаниялар инвестициялық қызметін іске асыру үшін қолдан келгенше әрекет етіп жатырмыз.

Елбасы Ресейге жұмыс сапарының қорытындысы бойынша журналистерге сұхбат берді. Нұрсұлтан Назарбаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы аясында қол жеткізген уағдаластықтарды сөз етті. Келіссөздер жемісті болғанын айтты. Бастысы Ресей, Қазақстан, Беларусь елдері жұмылып, цифрландыру жобасын іске асырады. Елбасының ұсынысы бойынша келер жылдың 1-ші тоқсанында арнайы форум өтеді. Онда цифрландыруға бағытталған бірыңғай бағдарлама түзіліп, алдағы жоспар айқындалады. Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинмен және Германияның іскер топ өкілдерімен өткен кездесу нәтижесін де түйіндеді. Көршілес елмен алыс-беріс едәуір артып, арадағы ынтымақтастық қарқын алып келе жатқанын да тілге тиек етті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Сейчас встреча с крупнейшим германским бизнесом как раз кстати. Я их пригласил в Казахстан. И особенно по детализации. Работающие компании придут к нам, как инспекторы, как эксперты и будут совместно с нами работать, чтобы мы не отстали от мирового тренда по всем этим вопросам. Ну и двусторонняя встреча с Президентом РФ Владимиром Владимировичем Путиным. Россия – для нас основной, главный партнер, союзник. У нас никаких проблем нет. Мы решаем, потому что часто встречаемся на высоком уровне. Отношения России с Казахстаном находятся на самом высоком уровне.

Екі ел бір-біріне деген жоғарғы сенімнің арқасында «Байқоңыр» ғарыш айлағында бірлескен жобаларды іске асырып жатыр. «Бәйтерек» кәсіпорны – соның айқын көрінісі. Қазақстан жеке өзінің ғарыш ұшыру кешенін жасақтап, ғарыш аппараттарына арналған отын өндірген кезде еліміз әлемдік ғарыш державасына айналады. Ол күн де алыс емес.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Қазақстан Байқоңыр арқылы Ресеймен бірге ғаламдық мемлекетке айналайын деп тұр. Себебі «Бәйтерек» деген біздің жобамыз іске асырылатын болады. 2022 жылы Қазақстан ғарышқа өз бетінше жұмыс істейтін адамдардың бірі болады. Кадрларды дайындайтын боламыз. Мына қазір кездескен немістің компаниялары маған өте үлкен әсер қалдырды. Сондықтан барлығы ел, жұрт үшін тамаша болады деп санаймын.

Көршімен тату болу. Осындай саясатты берік ұстанған еліміз Өзбекстанға да қол ұшын бермек.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-По просьбе Узбекистана мы должны через Казахстан провести нефть в сторону Узбекистана для их нефтеперерабатывающего завода. Для этого надо провести работу и мы готовы оказать поддержку узбекским друзьям. Это тоже очень важно. Обсуждали транспригородные вопросы. Казахстан завершил строительство автомобильных дорог «Западный Китай-Западная Европа». По нашей стране 2 800 км. Теперь остался кусок 150 км по границе Казахстана до Оренбурга. Тогда это дорога пойдет в Европу.

Елбасы кез келген сапарында елге көптеп инвестиция тарту  үшін кәсіпкерлерге біздегі мүмкіндіктерді етене таныстырып, егжей-тегжей сөз етеді. Елде бизнес қанат жайған уақытта халықтың әл-ауқаты артып, экономика қарқынды дами түседі. Мүдделес елдердің ортақ ойы да осы.

Авторлары: Назерке Әбдірахманқызы, Мұхтар Ыбырайым, Жұмағали Біргебаев, Хасен Омарқұлов

3. Сарапшы пікірі

Бұған дейін Тәуелсіз мемлекеттер достастығына мүше елдер басшыларының отырысы жайлы сарапшылар ойын ортаға салған едік. Енді Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес жөнінде айтылған тоқтамдарға тоқталсақ. Сочидегі екінші саммит те салиқалы бастамаларға толы болды. Саясаттың жілігін шағып, майын ішіп жүргендер осылай дейді.

Жалпы әлемде 20-ға жуық интеграциялық бірігу болса, солардың ішінде адымын алшақ басып келе жатқаны – осы ұйым. Әзірге бес елдің басы құралып отырғанымен, қатарға қосылуды қалағандар көп деседі. Әрине, өзгелердің қызығатындай жөні бар. Себебі Еуразиялық экономикалық одақ алып нарық саналатын Қытаймен тығыз қарым-қатынаста. Сондай-ақ аспан асты елін батыспен байланыстыруға келгенде маңызды рөлге ие. Бұл ретте Қазақстанның көліктік-логистикалық стратегиясы да көптің назарын аударады.

Руслан Ізімов, ҚР Тұңғыш Президенті қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының бағдарлама жетекшісі:

-Еуразиялық экономикалық одақтың маңызы артып, беделі өсіп келеді. Ол осы жолғы кеңестен де байқалды. Бұл жолы ұйымның қатарындағы елдердің экономикасына қарқын беретін бірқатар маңызды келісім жасалды. Кеден, тауар тасымалы мен айналымы, көлік логистикасы ЕЭО-ның қызметін жандандыра түсуі тиіс.

Айжан Төлепбекова, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ орталық директоры:

-Еліміз үшінші жаңғыруға бет алды. Бұл – Цифрлық Қазақстан. Бүгінгі таңда цифрлық күн тәртібі біздің еліміз үшін ғана емес, бүкіл әлемге маңызды болып отыр. Елбасымыз Қазақстан жаһандық даму үрдісінен қалмай, алға дамуы тиіс екендігін айтты. Цифрлық Қазақстан тек мемлекеттік мекемелерге ғана емес, елдің әрбір азаматына қатысты. Бағдарлама біздің күнделікті өмірімізді жеңілдете түсетіні анық.

Сыртқы саясат жайлы айтарымыз осы. Енді ішкі ахуалға іркіліс жасасақ. Апта басында Президент төрағалығымен мемлекеттік тілді латын қарпіне көшіру жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті.

4. Қоғамдық мәселе

Бұл мәселенің талқыға тасталғанына да біраз айдың жүзі болыпты. Халық ат үсті қарамады. Пікір таластыру тартысты әрі қызу жүрді. Барлық ойдың ортақ түйіні ретінде мына нұсқа таңдалып, Елбасының екшеуіне ұсынылды. Мұндағы басты артықшылық – латын графикасының өзгеріссіз қалуы. Яғни бүгінгі технологияның тілін түзеудің қажеті жоқ. Барлық әріп те, төл таңбаларымызды білдіретін үтір сынды белгі де компьютердің пернетақтасында бар.

Әліпбиді ауыстыру жайы өзімізде де, өзге елде де қызу талқыланып жатқанына бірнеше айдың жүзі болды. Сарапталған дүние аз емес. Ана тілдің тағдыры таразыға түскен кезде бейқам қалған қазақ болмады. «Рухани жаңғыру ұлттық санадан басталуы қажет», – деді Елбасы өз мақаласында. Ал ұлттық санаға әсер ететін күш бұл – ең алдымен ана тілі.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Мен жариялаған «Рухани жаңғыру» аясында бүкіл ел болып көп маңызды жұмысқа кірісіп кеттік. Соның ішіндегі мемлекеттік тілді реформалау ең бір негізгі жауапты мәселе болатынын өздеріңіз естідіңіздер. Әрбір ұсыныс, әрбір нұсқа мұқият сарапталды, қаралды, өздеріңіз білесіздер. Сол себепті әліпбидің алғашқы нұсқасын жалпыхалықтық талқылауға түсірдік. Сөз реті келгенде айтайық, әлемнің бір де бір мемлекеті біз сияқты өз әліпбиін енгізуде халықпен ақылдасқан жоқ. Талқылауға барлық өңір, қоғамның барлық топ өкілдері қатысты. Президент әкімшілігіне 300-ден астам үндеу мен ұсыныс келіп түсті. Ақпарат құралдарында бастапқы екі аптаның өзінде 2 мыңнан астам материал шықты. Әлеуметтік желілерде мыңға жуық тақырыптың жазбалары жарияланды. Халық қолдайтынын көрсетті.

Əлбетте қазақ әліпбиін реформалау ең алдымен қазаққа керек. Ал халқымыз үшін бұл таңсық шаруа емес. ХХ ғасырдың өзінде біз бірнеше рет әліпбиді ауыстырдық. Сондықтан өзіміздің де, өзгенің де тəжірибесі пысықталып, бұл шешімді саясиландырмай, жұмыла іске асырсақ, ұлтымыз бұдан ұтылмасы анық.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Жұмыс дұрыс бағытта жасалды. Мұндағы негізгі ұстанымдарды қолдаймын. Көпшіліктің пікірімен санасып, тиісті қорытынды жасағандарыңыз дұрыс болды. Латын графикасындағы барлық жазуға ортақ әріп ретінде әбден қалыптасқан екі диграф қана (ch, sh) қолданылады. Қазақтың қалған төл дыбыстарының барлығын апострофпен береміз. Соған тоқтаймыз. Бұл әлемдік тәжірибеде бар, осы ұстаным бізді дұрыс бағытқа бастайды деп сенемін. Сіздер басқа елдердің де тәжірибесін қарап, сараптадыңыздар. Әліпбидегі қателіктердің салдарынан тілінің өзіне ғана тән дыбыстарынан айырылып қалған халықтар бар. Сондықтан біз әрбір әріпті таңдауда мұқият болдық, мұқият болуымыз керек.

«Таңдауға талас жоқ» демекші, түрлі пікірлердің болуы да заңдылық. Ендеше қоғамды алаңдатқан сауалдарды шолып өтсек. Алғашқы қорқыныш. Көпұлтты мемлекеттің өзге тұрғындарына бұл реформа қалай əсер етеді? Жауабын Президент кесіп айтты. Бұл қадам өзге тілдердің дамуына және азаматтардың құқығына нұқсан келтірмейді. Екінші мəселе. Латын әліпбиіне көшкен жас бүлдіршіндеріміз кириллицада басылған баба тарихымыздан, рухани парасатымыздан қол үзіп қалмай ма?

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Қазір биік технологиялар заманы. Арнайы конвертер жүйесі 70 жылдық мұраны 7 күнде латын әліпбиіне ауыстырып бере алады. Керісінше әлем елдерінің 80 пайызы қолданатын графикаға көшу тіліміздің шекарасын кеңейтіп, тынысын аша түседі. Бұл – бір әріпті екіншісіне ауыстыру ғана емес, өте күрделі жұмыс. Ең бастысы – тілдің өз міндетін ойдағыдай атқаруына және дамуына жағдай жасау. Сол біздің істеп отырғанымыз. Оның биік технологиялар кеңістігіне еркін кірігуіне жол ашу. Әліпбиді өзгерту – айсбергтің беті сияқты, алдағы қыруар жұмыстың басы ғана. Жаңа әліпбиді білім беру жүйесіне енгізу үшін алдымен балаларымызды оқытатын ұстаздардың өздерін дайындау керек.

Ал ұстаздарға көмек болатын әдістемелік құралдарды әзірлеу Үкіметке жүктелді. Оны кезең-кезеңімен енгізу жөніндегі жоспар əзірлеу тиісті сала басшыларына тапсырылды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Жаңа әліпби қай кезде, білім берудің қай деңгейіне, қоғам мен мемлекеттің қай саласына енгізілуін мұқият зерделеп, Үкімет оған байланысты арнайы жоспар жасап, соған сәйкес жұмыс жүргізуі қажет. Ең бастысы біз латын қарпіне белден басып, бір сәтте көше салмаймыз. Барлығы рет-ретімен, біртіндеп жүзеге асады. Бүгін мынаны бекітеміз, ертең көшіп кетеміз деп ойламау тиіс. Сондықтан тіл реформасы ешкімді алаңдатпауы керек.

«Əліпбиді латын қарпіне көшіру – заман талабы», – дейді зиялы қауым. «Қазақ елінің мәңгілік тілі мен мәңгілік жазуын жасау – біздің пешенемізге жазылған зор жауапкершілік» деген Елбасы сөзін бірауыздан қолдады мамандар.

Ерден Қажыбек, А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының директоры:

-Құрметті, Нұрсұлтан Әбішұлы! Сіздің «Рухани жаңғыруға» байланысты берген нақты тапсырмаларыңыз бен ұстамыныңыз Қазақстанды 30 дамыған мемлекеттің қатарына апаратын сара даңғыл және ең төте жолы. Осы бағытта мемлекеттік тіліміздің латын әліпбиіне көшуі, жаңа өзіңіз атап өткендей, мәселені тікелей бақылауға алып, жұмыс тобының толыққанды қызмет етуіне барлық жағдайды жасағаныңыз үшін Сізге жұмыс тобының атынан зор алғыс білдіргім келеді!

Ербол Тілешов, Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры:

-Біздің әліпбиіміз классикалық латын әліпбиінің шегінде болуы тиіс. Сонда ғана әліпби ауыстырудың аталған қажетті мақсатын толық қанағаттандыра аламыз. Негізгі әліпбиде берілген таңбалар классикалық латын әліпбиіне сай келеді. Ал дәйекше арқылы төл дыбыстарды, оның ішінде латын әліпбиінде бар таңбалардың сыңарларын беру көзделді.

Президентке қазақ тілінің латын қарпіне негізделген бірыңғай стандартының жобасын, яғни əліпбидің алғашқы нұсқасы ұсынылды. Тілтанушылар əзірлеген əліпби мынадай. 32 қаріптен тұрады. Байқасаңыз, қазақ тілінің өзіне ғана тән дыбыстары диграфпен емес, арнайы символ, яғни апострофпен белгіленген. Ал латын әліпбиіндегі қаріптер өзгеріссіз қалған. Бұл нұсқа көпшілікке лезде тарап кетті.

Қабылдау, қабылдамау қоғам құзырында. Қалай болғанда да ел Үкіметі 2025 жылға дейін толықтай латын әліпбиіне көшуді көздеп отыр.

Авторы: Елдар Бақпаев

5. Елбасы қабылдауы

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Астана» халықаралық қаржы орталығында сот пен Арбитраждық орталық өз жұмысын бастайды. Бұл туралы Елбасы қабылдауында болған сала басшысы Қайрат Келімбетов мәлім етті.

Кездесуде Келімбетов соңғы екі жылда әлемнің ең әйгілі қаржы орталықтарының тәжірибелері ескерілгенін алға тартып, алдағы жоспарларымен бөлісті. Бұл ретте Нью-Йорк, Лондон, Сингапур, Дубай мен Әбу-Даби жетістіктері негізге алынған. Осы орайда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қайрат Келімбетовке бірқатар нақты тапсырма жүктеп, орталықтың ахуалына тоқталды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-На сегодняшний день в каком состоянии и что произойдет первого января?

Қайрат Келімбетов, «Астана» ХҚО басқарушысы:

-У нас в инфраструктурном смысле компания «EXPO» в следующем году будет заканчивать подготовку офисов класса А. Для этого до 1 января сначала выйдут все павильоны, по нашим расчетам для этого потребуется от 9 до 12 месяцев, то есть к концу следующего года все офисы будут готовы. Чтобы этого не ждать мы внесли предложение для того, чтобы мы начали с 1 января 2018 года соответствующую работу, то есть заработает суд МФЦА. Уже проведена работа по отбору судей, которые утверждаются вашим решением и мы до конца года вам уже внесем. И также будет создан международный арбитражный центр, это уникальная система разрешения инвестиционных споров, которая развита в Лондоне и Сингапуре и такая же на пост советском пространстве будет только у нас. Проведены переговоры. Первое направление, которое мы будем развивать – это развитие рынка капиталов. Мы создали специальную биржу, в этой бирже основными участниками являются американский NASDAQ – это третья в мире биржа, а также с четвертой в мире биржей – Шанхайской. Она является крупнейшим нашим акционером, поэтому мы считаем, что вопросы все ликвидности будут решены.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Все акционеры будут работать здесь?

Қайрат Келімбетов, «Астана» ХҚО басқарушысы:

-Да, эти акционеры будут здесь работать. А крупнейшие финансовые институты, такие как Фонд Шелкового пути, Банк развития Китая, Шанхайская фондовая биржа, они все будут.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Исламские банки?

Қайрат Келімбетов, «Астана» ХҚО басқарушысы:

-Исламские банки также. Саудовская Аравия и ОАЭ и ряд других стран Ближнего Востока уже конкретные переговоры ведут, чтобы открыть свои представительства своих исламских банков здесь.

6. Рухани жаңғыру

Алты құрлық та аптығын баса алар емес. Себебі жаһан – жанталас, бәрінің ойы озық болуы. Сондықтан ешкім жол беріп, «сен-ақ алда бол» деуден аулақ. Әркімнің әлегі өзінде.

Біз де өркениет көшінің шаңын жұтып қалмайық деп жанталасып жатырмыз. Сондағы бір қарекетіміз – өмірдің ағымына сай өзгеру. Анығы баяғы Абай айтқан жаман әдеттерден арылып, бәсекеде бәс жібермейтін жампоз болсақ деген жақсы арманымыз бар. Соған жету жолында күллі елдің, тіпті ауыл-аймақтың да арнайы сценариі сызылған. Сол сценарийдің әр бөлігі апта сайын атқарылып жатыр.

Ашық аспан астындағы музей. Абылай ханның ордасына айналған «Хан орда» қалашығы туристердің мекеніне айналмақ. 3 жыл бұрын көне шаһарды зерттеуге қазынадан 35 млн теңге бөлініпті. Жергілікті билік бастаманы жалғастырып, қалашықты қалпына келтіруге кірісті. Бұл мекенде XVIII ғасырдағы қазақтың атақты қолбасшысы, үш жүздің басын қосқан Абылай ханның ордасы болған деген тарихи дерек бар. Археологиялық қазба жүргізген ғалымдар Түрік қағанаты мен Қарахан хандығының орталығы болғанын дәлелдеді.

Бақытжан Әшірбеков, облыстық «Рухани жаңғыру» жобасының жетекшісі:

-Түпкі тамырымызды, тарихымызды ұмытпау үшін бұл орындардың рөлі өте жоғары. Осы орындарды дамыту арқылы халқымыздың рухани құндылықтарын қалпына келтірсек, екінші мәселе – осы жерге туристер тарту.

Өткенді білмей, болашақты болжау қиын. «Шығыстың Аристотелі» атанған Әбу Насыр Әл-Фарабидің сөзі. Елеусіз ғана жатқан жердің тарихын жаңа буынға жеткізу – міндет. Шынайы тарихты білу арқылы ұлттық сана қалыптасады. Түптеп келгенде тәуелсіздіктің баянды болуына кепіл.

Ұлытау жұрты тарихи-өлкетану мұражайының құрылысын бастады. Ғимараттың жалпы аумағы – 832 шаршы метр. Табиғи қорық мұражайы тек тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғаумен ғана айналысып келген. Ұлытау өңірі тарихқа бай. Халқымыз ықылым заманнан бері Ұлытауды кие тұтқан. Келешекте бұл жерде өңірден шыққан қайраткерлер туралы мәлімет жинайтын музей болмақ.

Әнуар Омар, Ұлытау ауданының әкімі:

-Мына жақ шеті Қарақұм ауылы болса, тағы бір алыс нүктесі – Терісаққан ауылы. Ұлан-ғайыр жерді алып жатқан Ұлытау ауданының, халқының тарихы, тұлғалары туралы таңбаланып тұратын бір орын болсын деген мақсатпен осы мұражайды салып жатырмыз.

Туған жерге тағзым! Батыс Қазақстан облысы, Қазталов ауданында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 75 жоба жүзеге асырылмақ. Жалпы құны – 250 млн теңге. Бұл – келер жылға арналған жоспар. Ауылдарды абаттандыру, әлеуметтік нысандарды жөндеуге қажетті қаржыны іскер азаматтар бөлмекші. Биыл 13 елді мекенге ауызсу құбыры тартылды. Ал 20 жылдық кездесуге жиылған мектеп түлектері 3 шақырым жолды жарықтандыруға көмектесіпті.

Александр Қарағойшин, ауыл тұрғыны:

-Туған жерімізді жақсы көргеннен, осы жерде өсіп-өнгеннен кейін осы жұмыстар жасалды. Құрдастар жиналып, 7 млн-дай ақша жұмсадық.

Игі бастаманы алматылықтар да қолдайды. Медеу ауданында 1 млрд теңгенің әлеуметтік жобасы іске асырылған. Атап айтсақ, биыл кәсіпкерлердің көмегімен 2 балабақша мен 4 спорт алаңы салынды. Аудандағы мектептерде білім алған түлектер «Туған жерге туыңды тік» форумында ұстаздарымен жүздесіп, атқарылған жұмыстар баяндалды. Дәстүрлі форумға 500 адам қатысты. Шараның мақсаты – мемлекеттік және жекеменшік әріптестік негізінде әлеуметтік жобаларды бірлесіп атқару.

Аягүл Миразова, Қазақстанның Еңбек ері:

-Тек кәсіпкерлер емес, ғылымда, білімде ерекше еленіп, еліміздің атын шығарып жүрген түлектеріміз де келіп отыр. Әрине, біз, ұстаздар ерекше қуаныштымыз.

Ержан Жылқыбай, Медеу ауданының әкімі:

-Мектепті 10 жыл бұрын бітіріп кеткен бизнесте жүрген азаматтар бар. Соларды жинадық. Мектеп аясында ғана емес, аудан аясында өз туған жеріне келіп, жобаларды іске асырып жатыр. Бұл – туған жермен байланыс.

Шығыс өңіріндегі шаруалар Бородулиха ауданының халқын қуантты. «Туған жер» бағдарламасы аясында жергілікті халыққа ипподром салып берді. Жас өрендер мұнда ұлттық спорт түрлерімен айналысады. Күзгі жиын-терімді ойдағыдай аяқтаған шаруалар көпшілікті жинап, ұлан-асыр той жасады. Мерекелік шара қыз қуу, тай, құнан жарыстары мен аламан бәйгеге ұласты. Білекті палуандар белдесіп, күш сынасты. Диқандар биыл орташа есеппен әр гектардан 15-18 центнер астық жинаған.

Александр Подкорытов, шаруа қожалығының жетекшісі:

-Біз ең алдымен халықтың бірлігін ту етуге ұмтыламыз. Қандай шара болса да, қарапайым шаруадан бастап шаруашылық жетекшілеріне дейін бір атаның баласындай ұйымшылдық танытамыз. Өйткені Елбасымыз айтқандай, Қазақстанның баға жетпес байлығы ол – береке мен бірлік.

Көкше жерінде таза қанды тазылар мен төбеттер көрсетілген аңшы иттер көрмесі өтті. Шарада ұлттық аң аулау дәстүрін қайта қолға алу мәселесі көтерілді. Құмай тазы мен төбеттерін ерткен әуесқой аңшылар сүйікті жануарларын сыннан өткізді. Саятшылық өнерін насихаттайтын игі бастама «Рухани жаңғыру» аясында алғаш рет ұйымдастырылды. Бүгінде тазы тұқымының 500-ге жуығы есепке алынған. Көрменің мақсаты – оларды іздестіріп, тіркеу.

Оралбай Әбдікәрімов, «Қансонар» республикалық қауымдастығының төрағасы:

-Биыл төбетке байланысты 6 экспедиция жіберіп, облыстардан іздеп жатырмыз. Олар әсіресе алыстағы ауылдарда сирек кездеседі. Батыс Қазақстан облысында 200 төбет бар, эксперттер оны қарап, олардың 14-ін ғана стандартқа сай таза төбет деп таныды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілетін ауқымды шаралардың бірі – Қазақстанның халық суретшісі Айша Ғалымбаеваның 100 жылдығы. Айша Ғарифқызы – қазақ әйелдері арасынан шыққан тұңғыш кәсіпқой суретші. Айтулы мерейтойға байланысты кәсіпқой суретшілер Текеліде бас қоспақ. Шығармашылық бәйге табиғат аясында өтеді. Оған отандық және көршілес Қытай, Қырғызстан елдерінен суретшілер қатысады. Қылқалам шеберлерінің туындылары Талдықорғандағы бейнелеу өнері галереясының төріне ілінеді.

Түсіпхан Лұқпанұлы, суретші /Қытай/:

-Бұл жердің табиғаты өте көркем, өзінің қалпын сақтаған. Еш бұзылмаған, экологиясы қорғалған. Ауасы тұнық, суы таза. Осындай жақсы жер. Осы көркем табиғаттан біршама сурет салсам деген ойым бар.

Сауатты ұрпақ – елдің жарқын болашағы. Елордада «Қазақша диктант байқауы» басталды. Грамматикалық сауаттылықты арттырып, ана тіліміздің қолдану аясын кеңейтуге атсалысушылардың қарасы көп. Байқау нәтижесі 3 күн аралығында жарияланады.

Рақымбек Жолаев, Жалпы білім беру пәндері мектебінің директоры:

-Мемлекеттік тілсіз ешқандай ұлттық идеяны насихаттау да, іске асыру да мүмкін емес. Сондықтан «Рухани жаңғыру» жалпыұлттық бағдарламасын ең бірінші мемлекеттік тілді – қазақ тілін насихаттау арқылы бастап отырмыз. Өзіміздің студенттеріміз, оқытушыларымыз, қызметкерлеріміз ғана емес, осы Астана қаласында тұратын тұрғындарды да шақырып, көпшілікке ашық, осындай шара өткізіп отырмыз.

Елімізде 2 млн-ға жуық бала түрлі спорттық секциялар мен үйірмелерге қатысады. Алайда барлық өңірде жеткеншіктердің қабілетін дамытуға толыққанды мүмкіндік жоқ. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мектептен тыс білім беретін мекемелерді құруға ден қойылып отыр.

Авторы: Әсем Қабылбек аймақ тілшілерінің көмегімен

7. Отын көп, жүйе жоқ

Күн суытқалы көмір сатушылардың да жүзі «суық». Өздері де, қойған бағалары да аспандап тұр. Себебі елде отын тапшы. Әрине, қойнаудағы қара көмір таусылған жоқ. Әлі жүз жылға жетері бар. Таусылып тұрған – талап. Яғни «бағаны бақылаушыларды» алып-сатарларға қояр талабы.

Көмір сатушылардың көбі өздерін ақтап алу үшін жанар-жағармай қымбат дегенді сылтауратады. Оған да дау жоқ. Қымбаты қымбат. Тіпті кейбір бекеттер талоны барға ғана тауып береді. Оның өзі аз мөлшерде.

Неліктен бұлай? Екі шикізаттың да көбі біздің елде. Бірақ қолда бар дүниеге қолымыз жетпей отыр. 

Жылда көктем мен күз айларында жанармайға қатысты жұрттың жанайқайын есту қалыпты құбылыс дерсің. Апта басында еліміздің бірқатар өңірінде бензин тапшылығы сезіліп, баға өсті. «Бізде бір литр сұйық отынның құны 200 теңгеге жетті», – деп оралдықтар жар салды. Жолаушы тасып күнелткен көлік жүргізушілері: «Тапқанымыз тиын еді, бұл жағдай қиын», – десті.

Қабденғали Өтешқалиев, Бөкейорда ауданының тұрғыны:

-Бензин қымбат. Жаздай 170 теңге болған еді. Қазір 190-200 теңгеден. Бір күнде 20-25 мың теңге артығымен кетеді. Жолақымыз 5 мың тұрады. Кісі де қазір ондай көп емес. Бес кісімен келсем, сол ақша бензинге кетеді.

Таксистермен қатар қарапайым жүргізушілерді де бұл жайт тығырыққа тіреді. Кейбір бекеттер талон талап етті. Талоны жоқтар өзге стансаларға таласып кезекке тұрды. Бұл мәселе күн құрғамай Үкімет назарына ілікті. Қазір Атырау және Павлодар мұнай өңдеу зауыттары жаңарып жатыр. Соның есебінен бензинді көршіден алуға мәжбүрміз. Ал оларда жанармай бағасы қымбат.

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:

-«Көрші елдікі неге қымбат?» дегенге келсек, осы жазда теңгенің долларға шаққандағы бағамы 314-тен 340-қа дейін көтерілгені белгілі. Сәйкесінше, қазақ-орыс шекарасындағы баға да 517-ден 573 долларға дейін өсті. Салдарынан импортты азайтуға мәжбүр болдық. Мысалы, жыл басындағы алғашқы 5 ай бойы 90 мың тоннадан тасымалдасақ, жазда тек 35-50 мың тоннадан әкелдік.

Пайда болмаған соң «ҚазМұнайГаз» компаниясы және жекеменшік бекеттер Ресейден бензин тасуды азайтты. Ал бизнесін үзгісі келмегендер бағаны өсірді.

Сауат Мыңбаев, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы:

-Қыркүйек айында импортқа қатысты жоспарымыз келісілген еді. Алайда еліміздің табиғи монополияларды реттеу комитеті бізге «өзге ірі компаниялармен сөз байласқан» деген айып тағып, 500 млн теңге айыппұл салды. Бұл жерде «ҚазМұнайГаздың» бензинді Ресейден қанша теңгеге тасымалдап отырғаны ескерілмеген. Ол жақта АИ-92 бағасы 37 рубль тұрады. Яғни 220 теңге. Ал бізде литрі – 150 теңге. Мұндай бензинді кім тасымалдайды? Біз осы себепті тоқтаттық. Бізден басқалары да тоқтатты. Тапшылық осыдан орнады.

Табиғи монополияларды реттеу комитеті қарқынды жұмыс істеп жатқан көрінеді. Олар: «Осы аптада Павлодардағы 4 ірі май құю бекеті бағаны негізсіз өсірді», – деп жариялады. Тергеу нәтижесінде оларға әкімшілік іс қозғалып, құжат сотқа жолданды. Заңды белден басқандарға 40 млн теңгеден астам айыппұл салынуы мүмкін. Айтпақшы, бензиннің тапшылығын көрген өңірдің бірі осы Павлодар еді. Облыс әкімі істі насырға шаптырмай, жағдайды өзі бақылауға алды.

Болат Бақауов, Павлодар облысының әкімі:

-Павлодар мұнай-химия зауытында жөндеу жұмыстары 26 қазанға дейін жалғасады. Ішкі нарыққа тасымалданатын бензин – импорттық өнім. Мұны түсінуіміз керек. Бүгінде 6 мың тоннасы қорда бар. Оған қоса жергілікті зауытта 3 мың тонна өнім қалды. Сондықтан сұйық отынның қымбаттауына жол бермей, жанар-жағармай бекеттеріне біркелкі тасымалдануын қамтамасыз ету керек.

Әкімнің сөзіне қарасақ, ай соңында мұнай өңдеу зауытының жөндеу жұмысы аяқталады. Демек, өңір жұрты әлі бір ай сырттан қымбат бензинді тасымалдайды. Ал өзге өңірдің жұрты қайтпек? Олар арзан бағадағы бензинге жуық арада қол жеткізе қоймайды. Өйткені Павлодардан бөлек Атыраудағы мұнай-өңдеу зауытының құрылыс жұмысы да аяқталу керек.

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:

-Атырау және Павлодар мұнай зауытын модернизациялау жұмыстарын дұрыстап бітірсе, онда қаңтар айынан бастап бензиннің 100 пайызы біздің үш зауыттан қамтамасыз етілетін болады. Басқа мемлекеттерге тәуелді, соларға байланысты деген фактор кетеді.

Энергетика министрі мен «ҚазМұнайГаз» басшысының келтірген дәйектеріне қарамастан, Бақытжан Сағынтаев: «Айтылғанның барлығы – тек бос сылтау. Мәселені алдын ала болжауға болушы еді», – деп ескертті. Нәтижесінде бірқатар жоғары лауазымды тұлғаға қатаң сөгіс жариялап, жанармай саласына жауапты өкілдерді қызметтен босатты. Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов қызметінен босатылды. «ҚазМұнайГаз» ҰК» басшысы Сауат Мыңбаев қатаң сөгіс алды. Компанияның вице-президенті Данияр Берлібаев жұмысынан шеттетілді. Ал Мемлекет басшысының өкімімен Энергетика министрі Қанат Бозымбаевқа сөгіс жарияланды. Осындай шара қолданылғаннан кейін баға төмендемесе де, кезек азайды.

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары мен көмір кезегін күткен жұрттың сөз жарыстырды. Олар: «Шұбаркөлдің қатты отынына қол жетпей жүр», – деп жабыла сөйледі. Аптадан бергі жағдайды баяндап, түйінді шешіп беруді өтінді. Бұл мәселені сейсенбі күні Үкімет басшысы көтеріп, аймақ басшысына олқылықтың орнын толтыруды тапсырған еді.

Алмас Айдаров, облыс әкімінің орынбасары:

-Күніне 20 вагон келуде. Ол 20 вагон тұрғандарға жеткілікті. Оның үстіне Астанадан көп машина келді. Кеше ғана Астанаға көмірдің үлкен мөлшері кетті. Шамамен 80 вагон. Сол кеткеннен бері Астанадан келе жатқан машиналар жоқ. Мына бізде тұрған машиналардың арасында Ақмола облысынан келгендері да бар. Бүгінге жеткілікті. Мына машинаның барлығы көмір алады.

Астанада да апта басында көмір тапшылығы сезілген еді. Оны Әсет Исекешев халықтың Шұбаркөл көміріне деген жоғары сұранысымен түсіндірді. Қазір жағдай біршама тұрақталғанға ұқсайды. Қалалық әкімдік сайты шаһардың қай тұсында қатты отын бар екенін көрсетіп қойған. Бірақ былтырғыдан қымбат болып тұр. Тоннасы 11 мыңнан басталып, 16 мыңға дейін барады. Мамандар: «Бұл – алып-сатарлардың айласы», – деп отыр. Енді олармен келіссөз жүргізіп, бағаны тұрақтандандыруға күш салмақ.

Авторы: Сәкен Сейітханұлы

8. Өрелі оқу ордасы

Биыл – КИМЭП университетіне 25 жыл. Солтүстікамерикалық үлгіде білім беретін бұл оқу орны – ТМД төңірегінде жетекші. Сондықтан сырттан келіп оқитындар саны өте көп. Нақты санын сөйлетсек, мұнда әлемнің 27 мемлекетінен 280-нен аса студент білім алады. Статистика бойынша, түлектердің 95%-ы жартыжылда-ақ жұмысқа орналасатын көрінеді. Демек, бұл университет қадірі жоғары кадр дайындайды деген сөз.

Менеджмент және экономика саласын тереңдетіп оқытатын жоғары оқу орнына 25 жыл толды. Ширек ғасырлық тарихы бар КИМЭП университетінің төл мерекесі Алматыда аталып өтті. Еліміз егемендік алған жылы мемлекеттің болашағы үшін бизнес, экономика және құқық саласына маман қажет болды. Осындай сұранысты толықтыру үшін КИМЭП Университеті құрылған.

Чан Йан Бэнг, КИМЭП университетінің ректоры:

-Мен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа алғысымды білдіргім келеді! Президенттің қолдауынсыз КИМЭП мұндай болмас еді. Мемлекет басшысының идеясын қолдау арқылы еліміздегі бірден-бір халықаралық стандарттағы оқу орнын құрдық. Менің мақсатым – өмірімнің соңына дейін шәкірт тәрбиелеу. Біздің түлектер білікті маман болып, елдің дамуына үлес қосса деймін.

Жиырма бес жылдық мерейтойға университет үшін маңызды тұлғалардың барлығы шақырылған. Олардың арасында алғашқы түлектер, үздік студенттердің ата-аналары және өзге жоғары оқу орындарының басшылары бар. КИМЭП-тің алғашқы түлектерінің айтуынша, 25 жыл бұрынғы таңдаулары арқасында қазір биік белестерді бағындырған.

Саида Жарболова, КИМЭП университетінің 1994 жылғы түлегі:

-Біз алғаш рет КИМЭП университетіне оқуға түскенде ешкім бизнес мектептің не екенін білмейтін. Мұндай салаға қатысты білім беру Қазақстанда болған жоқ еді. КИМЭП-тегі алғашқы күннен бастап дұрыс таңдау жасағанымызды білдік. Бітірген кезде бизнесті дамытуға қабілетті, басқарушылық қызметке дайын маман болып шықтық.

Университет ширек ғасырлық ғұмырында 11 700 маман дайындаған. Айта кетейік, КИМЭП – Солтүстік Американың білім беру жүйесі бойынша жұмыс істейтін еліміздегі бірден-бір оқу орны. Мұндағы сабақтар тек ағылшын тілінде оқытылады. Ата-аналар да университетті халықаралық дәрежедегі білімі үшін таңдаған.

Гүлжан Кәрібжанова, ата-ана:

-Бала үшін КИМЭП-те барлық мүмкіндік бар. Сапалы білім алып, өзінің жеке кәсіби біліктілігін арттыра алады. Студент университет берген мүмкіндікті пайдалана алса, онда нағыз маман иесі болып шығады. Өйткені мұнда әлемдік деңгейдегі білікті профессорлар сабақ береді.

КИМЭП-тің құрылғанына ширек ғасыр болса да әлемдік картадағы танымалдығы күн сайын артып келеді. Оған дәлел – шекара асып оқуға келушілер саны. Қазір 27 мемлекеттен келген 280 студент – осы оқу орнының тәлімгері. Соның бірі – америкалық Роуз Хинман. Штаттан келген студент білімін КИМЭП-те жалғастырып жатқанына қуанышты.

Роуз Изабэлла Хинман, студент /АҚШ/:

-КИМЭП-тегі білім беру сапасы өте жоғары. Мұндағы профессорлар әрбір студентке түсінікті болу үшін неше түрлі идея ойлап табады. Сонымен қатар кез келген уақытта қажетті сұрақтарға жауап беріп, көмектесуге дайын. Осы жерде қалып, білімімді жалғастырғым келеді.

КИМЭП-те әлеуметтік ғылым, шет тілдері, бизнес, құқық саласы және журналистика бойынша бакалавр, магистр, доктор дәрежесіндегі білім беріледі. Университет бағдарламасы еуропалық, америкалық агенттіктермен бекітілген. Ал оқытушылар құрамының басым бөлігі «доктор» атағына ие. Қалған 43 пайызы – халықаралық деңгейдегі профессорлар. Ұстаздардың 40 пайызы – шетелдік мамандар. Яғни АҚШ, Канада, Корея және Еуропа елдерінен келген. Қазір КИМЭП студенттері үшін тегін оқу гранттарын ұсынатын серіктестер қатары артып келеді. Университеттің биылғы грант қоры 1 млрд теңгеге жеткен.

Сәуле Құсаева,  «U.S.-CAEF» бағдарламасының үйлестірушісі:

-КИМЭП Қазақстанда ғана емес, Орталық Азиядағы жетекші оқу орны болып саналады. Қор университеттерге таңдау жасай келе, КИМЭП-ке тоқталды. Себебі бұл оқу орны батыстық білім беру жүйесімен жұмыс істейді. Сабақтар ағылшын тілінде жүреді, диплом әлемнің барлық жерінде жарамды. Сондықтан осындай таңдау жасалды.

КИМЭП-тың білім беру саласы жыл сайын дамытылуда. Биыл оқытушылар құрамы 17 шетелдік ұстазбен толыққан. Келесі жылы тағы 9 оқытушы қабылданады.

Авторлары: Аршын Кемелжан, Нұрдәулет Жақсыбаев, Сержан Жұмабаев