Хабар телеарнасы

Жеті күн 24.06.2017

Сюжеттер
1. Баламалы қуат көзі 2. Инвестор есік қағады 3. Елбасы кездесулері
4. Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы 5. Үздік мемлекеттік қызметші 6. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының құрылғанына 25 жыл толды
7. Әуежайға Елбасы есімі берілді 8. Еуразиялық медиа форум 9. ЭКСПО-дағы еріктілер ерлеп тұр
 
10. Рухани жаңғыру 11. Чайковский атындағы байқау  

1. Баламалы қуат көзі

Біз осы ойынан аяқ асты ауып, өз ұртын толтыру үшін өзгере салатын адамдарды хамелеон дейтін жануарға теңеп жатамыз ғой. Бұл тұрғыдан қарағанда, қазіргі ғаламдық экономиканы суда тіршілік ететін сегізаяқпен салыстырғанымыз қисынды шығар. Өйткені бұл жәндіктің түсі өзі өмір сүретін ортаның жағдайына байланысты қырық құбылады. Мәселен, ашуға бой алдырып, жауымен тіресуге ниет қылса, рең-басы қап-қара болып кетеді. Ал керісінше шиеленіске баруды қаламайтындай кейіп танытса, түсі аққа ауысады. Тап бүгінгі ахуал тәрізді.

Мұндай тұрақсыздықтың туындауына не себеп? Әрине энергия үшін талас. Өйткені қойнаудағы қор азайып, тапшылық таяу қалды. Оған қоса, экологиялық мәселенің ушығып тұрғаны және бар. Демек, қуат көздерін өндіруде бұрынғы дәстүрлі жүйеге жүгіну жарға жығады. Енді баламалы энергияға басымдық бергендер ғана бәсекеге қабілетті болып жүр.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Мы увидели, что весь мир активно ищет новые источники энергии, находится на пороге технологического прорыва. Идеология проведения ЭКСПО в Астане в этом году состоит как раз в объединении усилий государств, направленных на развитие чистой энергетики. Проведение ЭКСПО является свидетельством приверженности Казахстана к переходу к экологически чистым технологиям. Мы действительно обладаем значительными нефтяными, угольными, газовыми, урановыми запасами. Их объемы оцениваются в 32 млрд тонн нефтяного эквивалента или почти 4% всех мировых запасов. Поэтому логичным было бы, что первоначальный приток значительных иностранных инвестиций был именно в эти отрасли. В хорошие времена конъюнктуры, мы создавали серьёзные запасы, за счет которого ведем широкомасштабную работу индустриализации, инновации в нашей стране. И развиваем мощную инфраструктурную программу.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Шетелдік инвесторлар кеңесінің отызыншы отырысында сөйлеген сөзі осылай басталды. Бұл Президенттің «жаңа энергияны» дамытуға түбегейлі ден қоямыз» дегені. Демек, мұнан былай сырттан артылатын қаржы негізінен осы бағытқа құйылмақ.

Қазіргі жоспарға жүгінсек, 2020 жылдың аяғына дейін толық қуаты 2 мың мегаватты құрайтын 50-ден астам нысан пайдалануға беріледі. Сөйтіп, «2050 жылы мемлекеттің энергия теңгеріміндегі баламалы қуат көздерінің үлесі 50 процентке жетпек. Мемлекет басшысы сала мамандарына осындай жауапты міндет жүктеді. Оны орындау үшін мүмкіндік жоқ емес, молынан бар.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Для Казахстана наиболее приемлемыми являются смешанные системы энергопроизводства. Они подразумевают выработку энергии из традиционных источников параллельным развитием возобновляемой энергетики насколько это будет возможным. У нас в тоже время огромный потенциал для ВИА. Ветроэнергетика оценивается в 920 млрд кв/часов в год, гидропотенциал в 62 млрд кв/часов в год, солнечная энергия достигает 2,5 млрд кв/часов в год.

2. Инвестор есік қағады

Әрине баламалы қуат көздерін өндіру бойынша Қазақстанның әлеуеті жоғары. Бірақ бұл мақсатты іске асыру үшін тағы да тұрақтылық жайына тоқталу маңызды. Себебі инвесторлардың ең әуелі инвестицияға икемді ортаны таңдайтыны белгілі. Ендеше біздің елдегі инвестициялық климат қалай? Ақша салуға ниеттілер ауыртпалықтарға жолықпайды ма? 

Жаңа энергия. Бүгінде бүкіл әлем осы бағытқа бағдар алды. Шикізат қорының азаятынын ескерген елдер әлі келгенше баламалы энергияны дамытуға күш салып жатыр. Бұл салада Қазақстан көш бастамаса да, көпке үлгі боларлық іс тындырып, белсенділік танытты. ЭКСПО-2017 көрмесі осы сөзімнің маңызын айшықтайды. Болашақтың энергиясын жандандырып оны экономиканың қозғаушы күшіне айналдыруға көп ел тырысқанымен, іске кіріскендер санаулы. Соның бірі Қазақстан. Екі аптадан бері жаһан назарын өзіне аударған біздің ел, салмақты экономистер мен қаржыгерлердің басын қосып жиын өткізді. Ол шетелдік инвесторлардың xxx жалпы отырысы.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-В этом году исполняется 19 лет образованию совета. За это время наши встречи уже стали хорошей традицией и много вместе сделали. И вы огромную помощь оказали Казахстану в становлении нашей экономики, проведении реформ, которые мы сейчас проводим. Наши встречи стали важной площадкой обсуждения самых актуальных тем, вопросов экономического развития. В состав совета входят представители крупных иностранных компаний, работающих в нашей стране. Закономерным является то, что из года в год совет качественно обновляется. Перед тем, как перейти к повестке дня, я вам хочу представить новых членов совета. Это господин Ливак Каргупка, вице-президент Азиатского банка развития по операциям в частном секторе и со-финансировании, господин Наоя Ивашита, старший региональный исполнительный офицер по странам Европы, Африки, СНГ, компании Марубени Корпорейшн. Они заменили своих коллег, вышедших на пенсию. В состав совета также вошли новые члены с казахстанской стороны. Кроме того, в зале присутствуют компании-наблюдатели.

300-ге жуық инвестор бұл жиынға жайдақ келмеген. Олар көп жобаны көздеп отыр. Дені жаңартылған энергия саласына қаржысын құюға ниетті. Мәселен, Еуропа қайта құру және даму банкі Орталық Азияда баламалы энергия саласына 2,2 миллион доллар инвестицияға салуға бел буса, соның 1,9 миллионын Қазақстанға бағыттауды жөн деп тапқан.

Сума Чакрабарти, Еуропа қайта құру және даму банкінің президенті:

-Кейде Қазақстан және ЕҚДБ күн сайын тарихтың жаңа беттерін жазып жатқандай көрінеді. Мысалы, ЭКСПО-2017 көрмесінің бірінші күнінде біз Шығыс Қазақстанда жел электр станциясын құрудың негізгі қағидалары жөнінде келістік, ал екінші күні күн батареяларының ірі паркі іске қосылды. Бұл сіздің ел жеткен белестердің бастауы. Біз Қазақстанның Париж келісімін орындаудағы белсенді ролі үшін алғыс айтамыз. Осындай қадамдар арқылы 2030 жылға қарай экологияның ластануы 15%-ға азаяды деп жоспарладық. Біз де Қазақстанмен бірге осы бағытты ұстанамыз.

Сума Чакрабартидің пікірінше, 2030 жылға қарай электр энергиясының 80 пайызы баламалы қуаттан алынады. Демек, шикізатқа тәуелділіктен арыла бастаймыз. Бұл «мұнай мен көмірдің саудасы бәсеңдейді» дегенді білдірсе керек. Осыны ескерген Қазақстан қам жасауды бастап кеткен. 2013 жылғы «Жасыл экономикаға көшу» тұжырымдамасын қабылдау сөзімнің дәлелі.

Сума Чакрабарти, Еуропа қайта құру және даму банкінің президенті:

-Қазақстан жасыл экономикаға қатысты заң шығару жобалары мен жаңартылатын энергия көздерін инвестициялау бойынша аймақтық көшбасшы болып табылады. Бұған біз өз тарапымыздан белсенді түрде қолдау көрсетеміз.

Иә, еліміз инвестиция тартуда белсенді екені даусыз. Тек өткен жылы Еуропа қайта құру және даму банкі жаңарған энергия саласына 1,2 миллион долллар инвестиция салған. Алдағы уақытта да бұл үрдіс жалғасын табады. Жақын арада «Байқоңыр» ғарыш айлағы маңынан күн энергиясынан қуат алатын станцияның  құрылысы басталады. Бұл біздің табиғи қуат өндірудегі елеулі қадамдарымыздың бірі болады.

Клаудио Дескальци, «ЭНИ» компаниясының бас атқарушы директоры:

-Қазақстанға қатысты айтар болса, республика қазірдің өзінде климаттың өзгеруі проблемаларын шешуде. Мемлекет соңғы 10 жыл ішінде көмірқышқыл газдың қарқынды шығарылуын шамамен 20 пайызға төмендету арқылы климаттың өзгеруімен күресті ілгерілетті.

Қазақстан балмалы энергиядағы әлеуетін барынша арттырып отыр. Оның айқын дәлелі ретінде 2020 жылы 50 кәсіпорынның іргесін көтеру жоспары тұр. Жобаны іске асыру арқылы 2 мың мегаватт баламалы қуат аламыз. Бұл халықтың арзан энергияға қол жеткізуіне әкеледі.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Наша страна первой в СНГ создала институциональные условия для перехода к «зеленой» экономике. В 2017 году был принят Экологический кодекс, в 2009-ом – Закон «О поддержке использования возобновляемых источников энергии», в 2013 году - Концепцию перехода к «зеленой» экономике. Мы выработали системные меры господдержки, поставили цели и активно и жестко движемся по принятой программе. До конца 2020 года планируется ввести в эксплуатацию более 50 объектов ВИЭ суммарной мощностью 2 тыс. мегаватт. Доля альтернативной энергии в энергобалансе страны к 2050 году должна увеличиться до 50%.

Болашаққа жасаған бағдарымыз байыпты. Әлбетте бұл істің бәрі инвестиция арқылы жүзеге асады. Сол қаржы арқылы мыңдаған жұмыс орындары ашылып, халықтың әлеуеті әлденеді. Бір мысал, осы уақытқа дейін қоғамның қалыпты күн кешуі осы шикізатқа тартылған инвестицияның арқасы. Бұл әрекет қазір де жалғасып жатыр. Жиында Президент инвесторларға әлемнің шикізат қорының 4 пайызы біздің жер қойнауында екенін айтты. Әсіресе болашақта бағасы аспандайтын литий металына қаржы құюға шақырды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-По оценке экспертов, спрос на литий к 2025 году может утроиться до 550 тысяч тонн в год. Поэтому литий окрестили «белой нефтью». Казахстан имеет запасы различных редкоземельных металлов, в том числе и лития. Предлагаю инвесторам рассмотреть данный сектор для финансирования совместно с нашим правительством. Это перспективное направление, в первую очередь в сфере энергетики.

Инвесторлар қазақстандық жобаларға инвестиция салуға еш тартынбайтынын айтты. Өйткені бізде тұрақтылық бар, тыныштық бар.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Мы продолжаем работу по изменению и улучшению бизнес-климата. Снижаются административные барьеры, надеюсь, вы это чувствуете, инвестиционные риски, а также затраты на реализацию проектов на рынке возобновляемой энергии. Предлагаю нашим иностранным членам совета активно участвовать в реализации проектов альтернативной энергии в Казахстане. Ведется работа по разработке концепции развития «зеленой» финансовой системы. Здесь присутствуют представители крупных финансовых консалтинговых институтов. У нас имеется опыт внедрения «зеленого» финансирования и в других странах. Предлагаю и приглашаю вас принять участие в разработке концепции, внедрять «зеленые» финансовые продукты и услуги и у нас. Для этого можно использовать площадку международного финансового центра «Астана», который создается на базе EXPO.

Бұл айтылғандардың бәрі, әрине сандық технология күшімен жүзеге асады. Сарапшылар осы мәселеге де назар аударды. «Сбербанк» басшысы Герман Греф  «саланы Қазақстан қысқа уақытта дамыта алады» деді. Рас шығар. Өйткені Президент үкіметке «Цифрлы Қазақстан» жобасын жасауда тапсырды. Ол іс жүзеге асса, көп істің ілгері жүретіні анық.

Герман Греф, «Ресей Сбербанкі» ААҚ Президенті және Басқарма төрағасы:

-Сандық жүйеге ілесе алмағандардың бәрі ертеңгі күні кешігетін болады және бұл мемлекеттер мен ірі құрылымдар үшін қымбатқа түседі. Оның ішінде Қазақстанға көңіл аударуға тұрарлық бірнеше белгілі үрдіс бар. Біріншісі – мемлекеттік қызметтердің жаңғыруы. Қазақстанда тың жүйені енгізу арқылы шенеуніктер санын, бюрократияны, көрсетілетін қызметтер уақытын қысқарта алады. Ең бастысы сіздің ел мұны қысқа уақытта жүзеге асырады деп сенемін.

Қазақстан қайбір істі қолға алса, оны жүзеге асырады. Мәселен., осыдан 12 жыл бұрын «елге 243 миллиард доллар инвестиция тартылады» дегенге ешкім сенбеді. Алайда тартымды бағдарламалар арқылы жоспар жүзеге асты. Осыны ескерген инвесторлар бұл жиында да Қазақстанмен қатар дамуға ниетті екенін жеткізді. Демек дамушы елдің жүрісі алдағы уақытта өнімді бола бермек.

Авторлары: Сәкен Сейітханұлы, Әлібек Әлиев

3. Елбасы кездесулері

Қазақстан жасыл энергияға инвестиция тарту бойынша көршілерден көш ілгері. Мәселен, Еуропа қайта құру және даму банкінің осы сала негізінде Орталық Азияға құйғаны 2,2 миллиард доллар болса, оның 1,9 миллиард доллары біздің елге бағытталған. 

Осы аптада  Нұрсұлтан Назарбаев банк басшысы Сума Чакрабартимен кездесті. Жалпы бізде бұл тараппен байланыс біраздан берік. Әсіресе инфрақұрылымдық сала мен шағын және орта бизнесте солай. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: 

-Мы хорошо друг друга знаем. Банк с Казахстаном сотрудничает давно. Банк вложил серьезные деньги для малого и среднего бизнеса, для наших инфраструктурных проектов. Хочу услышать, какие дальше ваши планы. 

Сума Чакрабарти, Еуропа Қайта құру және даму банкінің президенті: 

-Сіздер Астана экономикалық форумын өткіздіңіздер. ЕХРО-2017 көрмесін ұйымдастырдыңыздар. Міне, бүгін Шетелдік инвесторлар кеңесі өтіп жатыр. Сондықтан жұмысыңыздың көптігіне қарамастан, менімен кездесіп отырғаныңыз үшін алғысым шексіз. ЕХРО-2017 көрмесі Қазақстанның халықаралық аренадағы мәртебесін көтеріп, елдің зор әлеуетін әлемге паш ететіндігіне сенімдімін. 

Басқосуда Нұрсұлтан Назарбаев пен Сума Чакрабарти екіжақты келісімнің жүзеге асу барысы мен ынтымақтастықтың ырысы жайлы ой бөлісті. Өткен жылғы инвестиция көлемі 1,1 миллиард долларды құрапты. Сондай-ақ осы кездесуде Мемлекет басшысына Энергетика министрі Қанат Бозымбаев «Болашақ энергиясы» жобасының үлгісін таныстырды.

Жалпы Елбасы Шетелдік инвесторлар кеңесінің пленарлық отырысына қатысу барысында бір емес, бірнеше халықаралық компания жетекшілерімен жүздесті. Нақтырақ айтқанда, «Эни С.п.А» компаниясының бас атқарушы директоры Клаудио Дескальци, «Ройал Датч Шелл» концернінің бас атқарушы директоры Бен ван Берден және «Лукойл» компаниясының президенті Вагит Алекперовпен түйінді мәселелер төңірегінде ой тарасты. 

Бұл үш компания да Қазақстанның мұнай-газ саласымен біте қайнасқан. Сол себепті әңгіме қара алтын жайынан қайырылды. Қарашығанақ пен Қашаған кен орындарын игеруді одан әрі жоспарлау мен үйлестіру мәселелеріне баса мән берілді. Меймандар шетелдік инвесторлар кеңесінің жұмысын жоғары бағалап, Қазақстанда қолайлы инвестициялық климат қалыптасқаны үшін Президентке алғыстарын айтты. Сонымен қатар ЭКСПО-2017 көрмесінің өзектілігі турасында сөз өрді. 

Осы аптада Нұрсұлтан Назарбаев ЭКСПО-2017 көрмесінің алаңына кезекті рет аяқ басты. Анығы, Финляндия Президентімен бірге сол елдің павильонын тамашалады және «Нұр Əлем» кешенін де аралап шықты. Одан кейін Нұрсұлтан Назарбаев пен Саули Ниинистё Конгресс-орталықта екіжақты келіссөздер жүргізді. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: 

-Я благодарен, что вы лично приехали открыть ваш павильон. Наши отношения можно сказать образцовые в политическом плане. Мы с Вами встречаемся на различных мировых площадках. Я уважаю вашу деятельность. Финляндия поддержала нас в выборе места проведения ЭКСПО-2017, а также при получении статуса непостоянного члена Совета Безопасности ООН. Мы соответственно также всегда оказываем поддержу Финляндии на международной арене. 

Қазақстан мен Финляндия арасындағы қарым-қатынас қалыпты. Қазір біздің елде 70-тен астам фин компаниясы жұмыс істейді. Екі ел басшыларының осы жолғы кездесуі әлгі санды тым әріге тартқалы тұр. Өйткені қос тарап ақпараттық технология, білім беру мен медицина салалары бойынша байланысты берік етуге ынталы. 

Саули Ниинистё, Финляндия Республикасының Президенті: 

-Сіздің екіжақты қарым-қатынас мәселелеріне ғана емес, сонымен бірге жаһандық проблемаларға қатысты пікіріңіз де мен үшін әрдайым маңызды. Қазір бүкіл әлем Астанада өтетін Сирия мәселесі бойынша келіссөздерге көз тігіп отыр. Әрине бізге Сіздің басқа да халықаралық мәселелер бойынша пікіріңіз өте маңызды. Ал бүгін Финляндияның ұлттық павильонын аралап көргеніңіз біз үшін үлкен мәртебе. 

Қазақстанның, оның ішінде ұлт көшбасшысының жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолындағы еңбектерін ерекше бағалаған Саули Ниинистё Нұрсұлтан Назарбаевты Финляндияға шақырды. 

Мәртебелі мейман айтқандай, шын мәнінде Астана адымын алшақ ала бастады. Сан сала бойынша әлемдік деңгейдегі ахуал бас қаламыздағы басқосуларда айтылатын болды. Солардың бірі Еуразиялық Медиа форум. Маңызды шара осымен он төртінші рет елордада елдің басын қосты. 

Осы жолғы жиынға Түркияның бұрынғы президенті Абдулла Гүл Анкарадан ат терлетіп келіпті. Қадірлі қонақты Нұрсұлтан Назарбаев қабылдап, қазақы қонақжайлылықпен құрмет көрсетті. Елбасы саясаткердің екі елді етене байланыстырудағы еңбегіне ерекше тоқталып, «Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалімен марапаттады. 

Абдулла Гүл, Түркияның бұрынғы президенті: 

-Жалпы мені медиа форумдарға шақырады. Бірақ Қазақстанда болғаннан кейін келіп тұрмын. 

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті: 

-Келгеніңізге рақмет, көп шаруа жасалып жатыр. Сізбенен біз өте жақсы жұмыс істедік. Екі елдің арасын жақындатуға сіз көп еңбек еттіңіз.  Қазақстанды шын жүрегіңізден «ата жұртым» деп санадыңыз. Жеке қарым-қатынасымыз өте жақын болды. Сондықтан мен сізге өте үлкен құрметпен қараймын. 

Абдулла Гүл бауырлас елдер арасындағы байланыстың күн санап, дамып келе жатқанына қуанатынын жеткізді. Бұл орайда ол «Түркі кеңесінің тыңдырғаны көп» дегенді тілге тиек етіп, Нұрсұлтан Назарбаевқа ризашылығын білдірді. 

Абдулла Гүл, Түркияның бұрынғы президенті: 

-Президент мырза өзінің тығыз жұмыс кестесіне қарамастан уақыт тауып бізбен кездесті. Атқарылып жатқан істер жайын сөз етіп, пікір алыстық. Қазақстан бейбітшілік пен тұрақтылықтың халықаралық орталығына айналып келе жатыр. Соның ішінде Азиядағы өзара ықпалдастық ұйымы, Ислам ықпалдастық ұйымы шеңберінде болайын деп жатқан саммит, Сирия мәселесіне қатысты келіссөз алаңын беру – бұның бәрі қазақстанның халықаралық деңгейдегі беделінің өсіп келе жатқанының белгісі. 

«Самұрық-Қазына» Акционерлік Қоғамының Тәуелсіз директоры Ричард Эванс та Мемлекет басшысының қабылдауында болды. Кездесуде Ұлттық әл-ауқат қорының қазіргі жағдайы мен трансформациялау барысы зерделенді. Яғни жұмысты жүйелі де тиімді етудің тетіктері жіпке тізілді. Сонымен қатар көліктік логистика төңірегіндегі көп дүниенің көбесі сөгілді. Астананың өңірлік көліктік хаб ретінде қалыптасу мүмкіндіктеріне мән берілді. Тараптардың талқыға салған тағы бір маңызды мәселесі – еліміздің экономикалық даму үдерісіндегі өскелең ұрпақтың үлесін арттыру. 

Негізі жаз келгенде адам біткеннің бойын бәсеңдік жеңетіні бар. Ол түсінікті де. Себебі «жаздың күні жайбарақат демалу керек» деген ақпарат санаға әлімсақтан сіңіп алған. Дегенмен, маусымның үшінші аптасын аяқтап жатырмыз. Бізде сылбырлық атаулы сезілмейді. Керісінше, Астанадағы оқиғалар айшықтала түсуде.

4. Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы

ЭКСПО-2017 көрмесінің өтіп жатқандығы өз алдына. Осы халықаралық шара қарсаңында Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайы ұйымдастырылды. Алты құрлыққа жайылған ағайын бес жылда бір жиылатын. Ал төртінші жиынның 2011 жылы болғанын ескерсек, бесіншісі өткен жылдың еншісінде қалуы тиіс еді. Бірақ билік биылғы тарихи оқиғаларымен байланыстыруды құп көріпті. Бұдан мемлекет саясатының сырын ұғынуға болар.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Құрылтай баламалы энергия бойынша жер жүзінің инновациялық жетістіктерін паш ететін ЭКСПО-2017 көрмесіне орай өтуде. Біз әдейі осылай байланыстырдық. Себебі бұл Қазақстанның мерейін асырып, күллі әлемнің назарын аударатын үлкен шара болып отыр. Біз «бауырларымыз ата-жұртының бүгінгі келбетін көріп, марқайсын, ой түйсін» деп сіздерді ЭКСПО-ға орай шақырдық. Мынау «бар болғаны 15 жыл ішінде бой көтеріп, дүниені таң қалдыратын елордамыз – Астананың өсіп-өркендеп бара жатқанын көрсін, қуансын» деп ойладық. Кеше жаңадан салынған театрда болдыңыздар, Қазақстанның марқайған, көркейген астанасын көрдіңіздер, әлі де аспай-саспай, елге келіп, аунап-қунап, біраз көріп қайтыңыздар.

Осы жолы қыр асып келген қандастарымыздың қарасы қалың. Әлемнің 39 елінен 350-дей адам келіпті. Жалпы басқосуда болғандар саны 800-ден асып жығылады. Оның 80 пайызы мұндай шараға бірінші рет қатысқан. Басым бөлігі – жастар. Бұл «тарихи Отанын ұмытпасын» деген тағылым.

Әрине әлгі 800-дің барлығы Елбасы айтпақшы, тойласу үшін емес, ойласу үшін Арқа төсінде ат байлады. Олай болса, Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен басқосуда қаралған басты мәселе не? Бауырларымыздың атажұртқа оралуы үшін жасалған жағдайдың жайы қалай? Жырақта туған жас буынның Қазақстаннан қандай хабары бар? 

Сәкен Сейітханұлы, тілші:

-Әлемнің әр қиырынан 350-ден астам қандас қазақ елін сағынып, атамекенін аңсап жетті. Кейбірі бұл өлкені көрмеген, енді бірі бірнеше жылдан бірі отанында болмаған. Олар өскен орта мен тұрақты тірлік жүрісімен жырақта күн көріп жүр. Бұл шеттегі ағайынның таңдауы емес. Олардың әкелері тар жолда тайғақ кешті. Кеңес үкіметінің сұм саясатын сезді. Жоқ. Таяғын жеді. Ашаршылыққа ұрынды, қудаланды, қырылды. Міне осы қорлықтан соң қыр асты.

Бірақ қазақтар қиырда жүрсе де, ұрпақтарына ұлағатты сөздерін айтып, өсиет қалдырған. Сондықтан болар шеттегі бүгінгі ұрпақ қашанда Қазақстанға аңсары ауып тұрады. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Алғашқы құрылтайдан бері мінекей, 25 жыл өтті, барлығы да менің есімде. Адам бастан кешпеген қиындықтарды көрдік, XX ғасырда қазақтың басынан өтпеген зұлмат жоқ. Бірақ тәуелсіздік жылдарында да оңай болған жоқ. 25 жылда жалғыз өзіміз қалып, экономикамыз тұралап, 2 миллион халық жұмыссыз босып қалды. Не жалақы, не зейнетақы төлей алмай, тақырға отырып қалғаннан бастадық. Дегенмен, қазақтың таланты дүние жүзіне белгілі, жұмылып, бірігіп жұмыс істеп бірлігімізді жазбағанның арқасында осы жылдары үлкен табыстарға жеттік.

Рас. Еліміз тәуелсіздік алған кейін көп іс ілгері басты. Соның бірі – мемлекеттің қандастарға қарайласуы. Егемен елдің түрлі бағдарламалары 1 миллионнан астам отандасты ортаға әкелуге түрткі болды. Бүгінде Қазақстанға келген отбасылар қоғамның қалыпты өміріне үйренісіп кетті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Қазір біздің санағымыз бойынша 5 миллионнан астам қандасымыз шет мемлекеттерде тұрып жатыр. Біз тәуелсіздік жылдарында елімізде қиыншылық болып жатса да, алыстағы ағайынды қолдауды естен шығарған жоқпыз. Бірінші күннен бастап, мен оны қолға алдым. Шетелден 1 миллионға жуық  қандасымыз, бауырымыз елге көшіріліп алынып, қолдан келер барлық көмегімізді жасадық. Ол көш бір де бір рет тоқтаған емес. Жыл сайын 30, 40, 50 мың қандасымыз көшіп келіп жатыр. Әсіресе жастарымыз оқуға түседі. Оларға барлық жағдайды жасап жатырмыз.

Атамекенге келген қазақтар әуелі жазу тұрғысынан қиындық көретіні әмбеге аян. Мәселен өзіміз кириллица, қытайлық қандастар төте, еуропалық ағайын латын әрпінде ойын қағазға түсіреді. Осы кедергі біздің ортақ үнімізді үнсіз жұтып бара жатқандай. Дегенмен, Президенттің латын әрпіне көшу бастамасы бұл түйіткілге тоқтау қояды. Қазір ғалымдар жазу жүйесінің ұтымды бағытын іздеп жатыр. Егер жобаның жүрісі жылдамдаса, біз 2025 жылы емес, одан бұрын латын әріпіне өтуіміз мүмкін. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Біріншіден, қазақ тілін латын әрпіне көшіру – бұл ана тіліміздің жаһандық ғылым мен білімге кірігуін, рухани тұтастығын қамтамасыз ететін бірегей қадам. Бұрынғы КСРО ауқымында, ТМД деп аталатын біз кириллица, қытайдағы қандастарымыз төте жазу, батыс елдеріндегі бауырларымыз латын әрпін қолданады. Сонда сөйлескенде тіліміз бір болғанымен, оқығанда тіліміз үш түрлі. Бір-бірімізді түсіне алмаймыз. Жазуын ұқпаймыз. Бұл бір жағынан, жер жүзіне тарыдай шашылған қазақтың кейінгі ұрпағын бір-бірінен алыстатады. Екінші жағынан, ғылым мен техникаға, интернетке үйренетін жағдайымыз бар. Олардың латын әрпімен жүретінін білесіздер. Көп ұзамай бұл олқылықтарды жою үшін біз жұмыс істеп жатырмыз. Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі  бірлігімізді нығайтып, бізді рухани жақындастыра түседі.

Біздің ортақ жазуымыз салтанат құрса, сырттағы миллиондаған қазақ елге ағылар еді. Қазірдің өзінде көш көлігін сайлап, Қазақстанға қарайлап тұрғандар қаншама. Оларға осы уақытқа дейін қолдау көрсетілді, алайда алдағы уақытта демеудің дара түрі іске асады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Қандастарға мемлекет пен қоғам тарапынан жан-жақты қолдау, көмек жасау үшін мынадай жұмыстарды қолға алайық. Біріншіден, шеттегі және елге көшіп келген ағайындарды қолдау үшін «Отандастар» деген қор құрамыз. Әрине мен оны Үкіметке тапсыратын боламын. Өздеріңіз білесіздер, 25 жыл ішінде экономиканың өркендеп өсуіне байланысты, жүргізіліп отырған саясатқа байланысты біздің көп азаматымыз белгілі, бай адамдар болды, жұмыс істеп жатыр. Енді «біз бай ел жасаймыз» деп ұмтылып жатырмыз. Сондықтан мен бүгін солардың барлығына, Қазақстанда тұратын қазақтарға үндеу тастаймын. Біз Солтүстік Кавказдан келген балқарларды, шешендерді, барлығын үйімізге әкеп тығып тастағанда, құшағымызды жайдық ғой. Ал енді өзіміздің қазақтарға неге солай жасамаймыз? Қаны қазақ сол бизнесмендерге осы қорға әрқайсысы өз үлесін қосуға шақырамын. Оны ұйымдастыруды Құрылтай басшылығына, Президент Аппаратына, Үкіметке тапсырамын.

Осыдан екі-үш жыл бұрын Шығыстағы көрші елден келген қазақтарға азаматтық алу қиын еді. Әлі де кедергі бар. Мәселен, қандастарға Қытайдан «сотталған немесе сотталмаған» деген құжат сұратады. Бірақ жауапты орган мұндай мәселені шекарада шешуді ескермесе керек. Міне, осы түйінді жайт жуық арада шешіледі.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: 

-Елім, жерім деп еңіреген әрбір қазаққа Қазақстанның есігі әрқашан ашық, айқара ашық. Ешкімге шектеу жоқ. «Жағдай бар, еліме келемін» дегендерге қауымдастық арқылы барлық жағдайды жасауымыз керек. Біз көшіп келуге ниет еткен ағайынға жол сілтеуді тұрғылықты жерінен бастауымыз керек. Біздің барлық елдерде Елшіліктеріміз бар. Сол Елшіліктер азаматтардың құжаттарын қамдап, қоныстанатын жері туралы кеңес беруі тиіс. Осында отырған Сыртқы істер министріне тапсырамын. «Келемін» дегендер шекарада ылғи шырғалаң болып тұрады. Елге келгеннен соң құжат түгендеу үшін ары-бері сарылу болмауы керек. Қытай қазақтарының сотталғаны немесе сотталмағаны туралы анықтама алу жайы ағайынға проблемалар туғызады. Оны шекара тұрғысынан сол жерде анықтап, елменен ақылдасып, келісіп шешу керек. Үкіметке осының барлығын кешенді түрде қайта қарап, шешімін табуды тапсырамын.

Жырақтағы жастар елге келіп оқуға ынталы. Білім және ғылым министрлігі жылда оларға арнайы грант бөледі. Соның негізінде жүздеген белсенділер елде білім алып, қызметте қалады. Бұл шаруа да ширай түседі. Нақтырақ айтсақ, сырттағы қазақтар үшін грант саны екі есеге артпақ.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Шетте жүрген ағайынның ұрпағына көмек жасау. Жастарға көмек көрсету. Біз шетелдегі қазақ балаларының Қазақстанда білім алуына барша жағдай жасауымыз керек. Қазір олар мемлекеттік грантпен еліміздің жоғарғы оқу орындарында оқи алады. Үкіметке отандастарымыздың жоғарғы білім алуын қол жетімді ету үшін оларға бөлінетін қазіргі квотаны екі есе көбейтуді тапсырамын.

Кейбір шекаралас аймақтар елдегі жаңалықтарды біліп отырады. Газет, телеарна арқылы. Ал енді бірі мүлде Қазақстанның бүгінгі жайынан бейхабар. Осы олқылықтың орнын толтырудың бір амалы бар. Оны Елбасы атады. Мемлекеттік телеарналардың көршілес елдерде көрсету ауқымын кеңейту. Осы іс жүзеге асса, барша қазақ Құрылтай қонағы Бәкей Ағыпар сияқты сөйлеп тұрары сөзсіз.

Бәкей Ағыпар, Моңғолия Ауылшаруашылық ғылым академиясының вице-президенті:

-Шындығын айтсам, сіз «бірқатар құзіреттерімді атқарушы және өкілетті билікке беремін» дегенде, «бұл елдің тұрақтылығына салқын тигізбей ме» деп те алаңдаған едік. Бірақ тепе-теңдік сақтала отырып, демократиялық дамуға қарай маңызды қадам жасалды деп ойлаймын. Саясаттың сырмақ шетінде жүрген соң талай көріп жүрміз. Әдетте әркім өзінің өкілеттілігін кеңейтуге ұмтылады. Сіздің, керісінше, көптеген құзіреттерден бас тартуыңыз ел болашағын ойлайтын көрегендігіңізді дәлелдейді.

Мемлекеттік бағдарламалар мен еліміздің дамуы жүйесін әр қазақ бақылап жүреді. Соның бірі – Франциядан келген Зенгин Мехмет. Табысты бизнесмен өз ісін Қазақстанға көшіруге ниетті. Бірақ «соған жағдай жасалса» деген тілегі бар.

Мехмет Зенгин , кәсіпкер (Франция):

-Көрмеден кейін бизнесімді ата жұртқа көшіріп, Отаныма пайда әкелу туралы шешім қабылдадым. Бірақ бұл біршама қиын шаруа екен. Өндірісімді алмастыру үшін жер сатып алу мүмкін емес. Жалға алудың да шаруасы оңай болмай тұр. Басқа да қағазбасты кедергілер көп. Біз шетелдегі қазақтар атамекенге оралғанда оларға ерекше жағдай жасалу қажет деуден аулақпыз. Дегенмен, басқа уақытша инвесторларға қарағанда шетелдегі қазақтарға жеңілдіктер берілу керек сияқты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-50 жылға несиеге алып жұмыс істеуге болады. Ол мәселені шешуді Мырзахметов, Ауыл шаруашылығы министріне тапсырамын. Кездесіп, шешіліп жұмыс істейтін бол.

Өзге мемлекеттегі қазақтың біз мән беретін мәселесі бар. Ол жергілікті халықпен бірге жүріп, жұтылып бара жатқаны. Олардың ортаның аздығынан тілі жұтаңданып барады. Сондықтан Нұрсұлтан Назарбаев алыстағы ағайынға ана тіліндегі кітаптарды жеткізуді тапсырды. Дегенмен, болашағын ойлаған отандастың келешекте елге келгені жөн.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Мен үшін шетте жүрген бауырларға жанашыр болу, әр қазақстандыққа қамқорлық жасаумен бірдей маңызды. «Әр қазақ – менің жалғызым» деген өлең жолын құрылтай мінбесінен әлемдегі әрбір қазаққа жолдаймын. Сіздерге айтарым: ауылдарыңызға қайтқаннан кейін алыстағы ағайынға менің дұғай сәлемімді жеткізіңіздер. Қазақ баласы қай елде тұрса да, олар Ұлы далада Мәңгілік ел құрып жатқан байтақ Қазақстанның ажырамас бөлшегі болып табылады. Жүрегінің түбінде осыны ұстасын.

Кеңесте қауымдастықтың кеңсесі Алматыдан Астанаға көшетіні айтылды. Онымен бірге жаңа әрі жүйелі жоспардың алғышарты жасалды. Енді Президенттің бастамалары негізінде қауымдастық бағдарлама құруы шарт. Ол, әрине төрағаның бірінші орынбасыры болып жаңадан сайланған Зауытбек Тұрысбековке артылары анық.

Авторлары: Сәкен Сейітханұлы, Әлібек Әлиев

Бұл жиында барша қазақтың басын біріктірер салмақты ойлар айтылды. Сол айтылудың арқасында түйінді мәселелердің түбі көрінгендей. Нұрсұлтан  Назарбаев сала басшыларына сол жерде-ақ олқылықтарды оңтайлы шешуді тапсырды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Кез-келген мемлекет кәсіби жаңашыл мамандарға мұқтаж. «Тарихи отаныма еңбек сіңіремін, оның дамуына үлес қосамын» деген әр талантты қазақты елге жеке шақырамын. Мен білемін, жеке тізімі де бар, шетелде жеке кездесуім де бар. Кезінде жағдайсыз көшіп кеткен. Ғалым болып, зертханаларда жұмыс істеп жүрген азаматтарымыз бар. Меніңше, олардың елге келетін ынтасы бар. Үкімет осындай азаматтарды елге тартып, мамандығына, мүмкіндігіне қарай жағдай жасаудың тетіктерін қарастырсын. Бірақ кейде шақырамыз, келеді. Анда жүреді, мында жүреді, ешқайда қабылданбай қайтып кетеді. Ел басқарып отырған азаматтарға, министрлерге осыны тапсырамын.

5. Үздік мемлекеттік қызметші

Кәсіби маман демекші, осы аптада Президент үздік мемлекеттік қызметшілермен кездесті. Олар арнайы байқау негізінде жүзден жүйрік шыққандар.

Бес институционалдық реформаның бірі осы салаға бағытталғаны белгілі. Соның нәтижесінде оң өзгерістер болып жатыр. Бұдан былай әдептен озып, көп сөйлеп созып, хатшысын тоқпақтап, парамен тұтылғандар жауаптан құтылмайды. Бергендер де, алғандар да, яғни қылмыстық комбинация кейіпкерлерінің бәрі заң алдында жауап береді. Сосын жемқорлық әрекетке барғандары «қара тізімге» ілігіп, тіпті мемлекеттік қызметке мүлдем маңайлатылмайды. Қысқасы, маманның сырт келбеті, сөйлеу мәдениеті, кез келген түйінді тараптарды тірестірмей, табыстыра білу біліктілігі түгелдей «Әдеп» кодексімен қадағаланады. Ал қызметтік өсу тек сатылы жүйеге сай жүзеге асырылуы тиіс. Яғни білімі бардың жоғарылау мүмкіндігі мен табысы мол деген сөз.

Осындай жаңашыл өзгерістерден кейін оң нәтиже байқалып отыр. Қазір мемлекеттік аппараттың тұрақтылығы нығайған. Бұрынғыға қарағанда ауыс-түйіс екі есеге қысқарыпты. Сонымен қатар басқа жұмысқа ауысу 18 есеге, жұмыстан босау 2 есеге азайған.

Биыл байқаудың форматы басқа. Үміткер көп болды. Екі кезеңнің алғашқысында 300-ден аса адам іріктелсе, соңғысына 41 қызметші өтті. Осалы жоқ. Бәрі де еңбегімен озғандар. Бірақ арнайы комиссия «үздік» деп, 12-сін атады. Олар Елбасының сыйлы қонақтары.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Бүгінде әлемнің көптеген елінде мемлекеттік қызметшілер құрметке бөленіп жатыр. Біз де сіздерді шақырып, сіздер арқылы барлық сала мамандарын осы кәсіби мерекелерімен құттықтайын деп отырмын.

Елмен етене жұмыс істеу керек. Мемлекеттік қызметшілерге қойылатын басты талап осы. «Әкім бол, халыққа жақын» бол дегенді еске салған Елбасы: «Мемлекеттік аппарат барынша ашық болуы шарт», - деді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Ежегодно местные органы отчитываются перед населением. Ставь вопросы, задают вопросы. Ставят задачи. Есть общественные советы. Институт государства. Аудита. Принцип меротократии. И транспарентности. Карьерная модель, позволяющая высвободить творческий потенциал госаппарата.

Меритократияның парқын Мұстафа Бектұрғанов жақсы біледі. Жамбылдың Жуалы ауданында тұратын маман жас болса да, қазір бас болып жүр. «Елімізде сатылай өсуге мүмкіндік бар»,- дейді.

Мұстафа Бектұрғанов, Жамбыл облысы Көкбастау ауылдық округі әкімі аппаратының бөлім басшысы:

-Бүгінде елімізде мемлекеттік қызмет саласында сіз қабылдаған «Жүз қадам» жоспары аясында айтарлықтай жаңашылдықтар бар. Әсіресе жылдар бойы тәжірибе жинақтаған орындаушы мамандар үшін басшылық орындарға тағайындалып, сатылай өсуге мүмкіндіктер пайда болды. Сол жаңашылдықтың жемісін өзім де көрдім. Қазіргі қызметіме төменгі лауазымнан ұсынылған болатынмын.

Блиц:

- Қанша адам бар ауылда?

- 3260 адам бар.

- Ауыл шаруашылығымен шұғылданады барлығы. Білуімше мал жаяды ғой.

- Мал жайлаумен айналысады. Басым көпшілігі аграрлық шаруашылықпен шұғылданады.

- Жақсы, табысты бол.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Все ступеньки должны пройти. Я ни одну ступень не пропустил. Так бывает берут и сажают, мы сюда назначаем не для того чтобы учить, а чтобы он учил.

Қазір орталық және жергілікті атқарушы орган басшылары ел алдында есеп береді. Жыл сайын. Бұл да билік пен халықтың біте қайнасуы үшін қолға алынған шара. Саланы автоматтандыруға мән беріліп келеді. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің бірыңғай провайдері – «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының құрылуы сөзімізге дәлел.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Барлық жасап жатқан реформаларды жүргізетін күш, жұмыс істейтін адамдар – мемлекеттік қызметкерлер. Все достижения, выполнения наших программ, везде участвуют госслужащие. Обычно стало удобным местом критиковать госслужащих, чиновников. Не критикуют только тех, кто ничего не делает. Сидят дома у телевизора с ручкой в руке. Если критикуют, значит вы чего-то стоите.

Ертіс өңірінен келген Ирина Галлямова да алғашқы да ел-жұрттың сынына ұшырапты. Тың бастамасы үшін.

Блиц:

-Вы проводите конкурс на лучший двор. Получатеся? Сколько дворов?

Ирина Галлямова, Павлодар облысы Орловка ауылдық округінің әкімі:

-У нас в селе 321 двор. И с 2006 года была организатором. Лучший двор и производственный участок.

-Стараются? 

-Да, людей все больше участвует.

-Нұргүл Ілескенқызы, сіз латын қарпі жөніндегі жұмыс комиссиясында екенсіз.  Не деп жатыр жергілікті жерлерде?

Нұргүл Бертілеуова, Ақтөбе облысы Тілдерді дамыту басқармасының бас маманы:

-Жалпы облыста латын қарпіне көшуге қатысты жұмыс тобы құрылды. Сол топтағы үйлестірушімін. Оған облыста салмағы бар, сөзін тыңдайтын тұлғалар мүше. Енді облыста арнайы әлеуметтік зерттеу жүргізген болатынбыз. Қорытындысы бойынша бұл бастаманы облыс жұртшылығының 70 пайызы қолдап отыр.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Қазір қарап отырсаңыз, барлық мектептерде латын әрпі жүреді. Все знают латинскую графику и мы включимся в мировую практику. Надо алфавит правильно выбрать. Потом постепенно начнем печататаь в газетах. Привыкнут и ничего не потеряем.

Ел ішіндегі реформалар мен мемлекеттік бағдарламалардың қай-қайсысы да халық игілігі үшін қолға алынды. Сала мамандары ел-жұртқа осыны дұрыс жеткізе білуі керек және бар саланы ілгері бастыруда басты күшке айналуы шарт. Қалғанына алаңдамаса болады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Казахстан внедряет принципы стран ОЭСР в сфере государственного управления. Укреплена стабильность государственного аппарата  –  в два раза снизилась сменяемость на государственной службе. Переводы сократились в 18 раз, а увольнения – в два раза. А было как? Пришел новый начальник, убирает кто работает. Теперь он набирает видишь ли свою команду. Госслужащий оказался беззащитным.  Это безобразие, будем прекращать.

Заман жүйрік. Мемлекеттік қызметші бар жаңалықты бойына сіңіре білу керек. Ол үшін әлем тілі – ағылшын тілін меңгеріп, интернетті игергені жөн. Келелі жиынды Президент осылай түйіндеді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Я тоже госслужащий. Біз әріптеспіз. Мемлекет бізге ақша төлеп, жұмыс беріп отыр. Бізден талап етілетіні біреу. Халықты дұрыс жолмен бастап жүру. Везде всюду. Сондықтан ол қайда жүрсе де мемлекеттік мүддені жоғары қою керек.

Авторы: Бауыржан Бақытбекұлы

6. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының құрылғанына 25 жыл толды

Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының құрылғанына биыл 25 жыл толды. Айтулы мереке қарсаңында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қоғам қауіпсіздігіне жауапты сақшылармен кездесіп, жүрекжарды тілегін жеткізді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Бүгін сіздерді құттықтай отырып, барлық Қазақстанның полиция қызметкерлерін шын жүрегімнен мерекемен құттықтаймын, істеген еңбегі үшін алғысымды айтамын. Тыныштықты тұрақтылықты сақтауда, істейтін жұмыстарыңыз, мойындарыңыздағы міндеттеріңіз өте жауапты. Ішкі істер органдары қызметкерлері ерен еңбектің, ерліктің үлгісін күнде  көрсетіп отырады, қанша сын айтылса да, бірақ заң бұзған адамдармен қарсы тұратын ең бірінші адам ол полицейлер, полицейлер мемлекеттің жергілікті жердегі жүрген уәкілі болып саналады. Сондықтан бүгін сіздермен кездескеніме қуаныштымын, мерекелеріңіз мерекеге ұласа берсін.

Былтырғы жылмен салыстырғанда, қылмыс жасау 15 процентке азайған. Ал ауыр және аса ауыр қылмыстардың ашылуы 72 процентке жетіпті. Сондай-ақ көшедегі тәртіп те түзелген. Мұның барлығы сақшылардың сақтығының арқасы. Елбасы ерлердің бұл еңбегін елеусіз қалдырмады. Келесі айдан бастап, ішкі істер органдары қызметкерлерінің жалақысы 25 процентке ұлғаятын болды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Модернизация общества и государства возможна только при вашем безукоризненном следовании служебному долгу и призванию. Поэтому мы сейчас в рамках принятых программ проводим работу по реструктуризации и реорганизации, в результате которых создана местная полицейская служба. Необходимо строго следить за соблюдением законности, прав и свобод граждан. Это один из ключевых факторов устойчивого и стабильного развития нашей страны. Современная эффективная полицейская служба способствует также повышению конкурентоспособности государства и народа.

Кездесу барысында Елбасы Ішкі істер органдарының үздік қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттады. 

Николай Редченко, Қарағанды қаласы ІІБ полицейі:

-Құрметті, Нұрсұлтан Әбішұлы! Мен Қарағанды тумасымын. Ұлтым украин, бірақ жаным мен жүрегім еліммен бірге соғады. Қазақстан патриотымын, ал бүгін сіздің алдыңызға келіп сөз сөйлеп, мен үшін зор мақтаныш сезімін оятады. Сізге және елімізге бақытты болашақ және бейбіт өмір тілеймін.

7. Әуежайға Елбасы есімі берілді

Астана халықаралық әуежайы бұдан былай Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен аталады. Еліміздің басты әуе айлағына Президент атын беру жайлы тиісті қаулыны Үкімет қабылдады. Әлемде мемлекеттің дамуына ерекше үлес қосқан белгілі тұлғалардың есімін стратегиялық маңызы бар нысандарға беру дәстүрі бұрыннан қалыптасқан. Өйткені осы арқылы елдің тарихи бейнесі айшықталады.

Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

-Бүгіннен бастап біздің елордада Астана халықаралық әуежайы тұңғыш Президентіміз Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атымен аталатын болды. Бұл – Тәуелсіз Қазақстан негізін қалаған Елбасымыздың тағы ерен еңбегінің бірлескен тағы бір ерекше құрмет.

Ірі әлеуметтік нысандарға елге танымал азамат, қоғам қайраткерлерінің есімін беру әлемдік үрдіс. Түркияда Еуропаның ірі қақпасы саналатын Ыстамбұл әуежайы Мұстафа Кемал Ататүріктің есімімен аталады. Үндістан астанасы Нью-Делидегі халықаралық әуежайда үнді жұртының атақты мемлекет басшысы Индира Ганди ұлықталған. Ал Израильдің Тель-Авив әуежайы еврейлер елінің тұңғыш Премьер-министрі, ұзақ жылдар қорғаныс министрі болған Давид Бен-Гурионның есімін иеленген. Париждің негізгі әуежайына сұрапыл соғыста  неміс басқыншыларына қарсылықты ұйымдастырып, елін азат еткен генерал Шарль де Голльдің есімі берілген. Дүниежүзінде мемлекет басшыларының атын алған  әуежайлардың саны 30-дан асады.

Гюнтер Кнабе, Орталық Азия елдері бойынша сарапшы:

-Менің ойымша, бұл шешім өте орынды. Мысалы, Германиядағы әуежайларға белді саясаткерлердің есімі берілген. Мюнхен әуе торабы Франц Йозеф Штраустың, Дюссельдорф әуе айлағы Йоханнес Раудың, ал Гамбург әуежайы Гельмут Шмидттің есімімен аталады.

Серджио Буркхарт, сәулетші:

Бұл алдымен саяхатшылардың қызығушылығын туғызады. Себебі, қазақ еліне келген меймандар бірінші болып әуежаймен танысады. Айлақтың атауы арқылы әр адам ел тарихын білуге құштар болары сөзсіз.  Сондықтан өз мемлекетінің дамуы мен көркеюіне өлшеусіз үлес қосқан кісінің есімі берілгені қисынды деп ойлаймын.

8. Еуразиялық медиа форум

22 маусымнан бері Астанада халықаралық деңгейдегі тағы бір ауқымды шара өтіп жатыр. Ол – XIV Еуразиялық медиа форум. Әлемнің 60-тан астам елінен келген 600 қатысушы жалған мәлімет таратуды тыю мен ақпараттық кеңістіктегі қауіпсіздікті күшейту мәселелерін таразы табағына тастаған. Онымен қоса, әлемдік экономика мен геосаяси ахуал да назардан тыс қалған жоқ. Форум жұмысы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысушыларға арнаған жолдауынан басталды. Хатты мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіхалықова оқып берді.

Гүлшара Әбдіқалықова, ҚР Мемлекеттік хатшысы:

-Еуразиялық медиа форум он бес жылдық қызметі барысында журналистер қоғамдастығының өзекті мәселелері ғана емес, кең ауқымды жаһандық проблемалар да талқыланатын басқосуға айналып, лайықты беделге ие болды. Әлемде қайғылы оқиғалар жиілеп, шиеленіс пен дағдарыс белең алып жатқанда осындай диалог алаңдарының құрылуы заңдылық.

Ғаламдық жаһандану кезеңінде ақпарат кеңістігіндегі қауіпсіздікке зор назар аудару қажет. Әлеуметтік желілер сонымен қатар телевизия саласының дамығаны құрлықтардың басын құрап, түрлі ұлттардың жақындасуына септігін тигізгені анық. Десе де, технологиялық шарықтаудың өзге де бұлыңғыр тұсы бар. Форум барысында сол мәселелерге айрықша мән берілді.

Дариға Назарбаева, Еуразия медиа форумының ұйымдастыру комитеті төрайымы:

-Кез келген ақпарат тексерілген, ашық әрі айқын болуы тиіс. Саяси ықпалдастық, достық қарым-қатынастардың бәрі тек шынайы, расталған ақпараттық жүйе негізінде қалыптасады. Меніңше, тілшілер қауымы қызметтік этикаға баса назар аударып, медицина мамандары Гиппократқа ант берген сияқты өзіндік ант беруі тиіс.

Гилад Шер, Израиль Премьер-Министрі әкімшілігінің бұрынғы басшысы:

-Бүгінде демократияны жамылып, бостандықты бұзу, соғыс ашу фактілері жиілеп кетті. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы материалдардың дені тапсырыс арқылы жасалуда. Бұрмаланған ақпарат әлеуметтік желілерде де кеңінен жайылған. Салдарынан әлемдегі текетірес, жанжалдардың алдын алу мүмкін емес болып отыр. Сондықтан ақпарат кеңістігінің идеологиялық ахуалын қадағалап, дұрыстау қажет.

Раджендра Пачаури, Нобель сыйлығының лауреаты (Үндістан):

Мәселен, мұнай өндірісі төмендегенде, баламалы энергия көздері саласы дамиды. Электр қуаты арзандап, атмосфераға бөлінетін улы газдар төмендеп, ғаламдық күн жылынуы секілді проблема шешіле бастайды. Біздің мақсат – шикізаттан бас тартып, таза экологиялық өнімге көшу. Әлем шары – бәріне ортақ үй. Сондықтан жаһан елдері жеке-жеке емес, осы бағытта бірге даму керек.

9. ЭКСПО-дағы еріктілер ерлеп тұр

Еуразиялық медиа форумға жиылған жұрт та ЭКСПО-2017 көрмесі жайлы көсіліп айтты. Көпшілігі «халықаралық шара адамзаттың болашағын баянды етуге ерекше ықпал етеді» деп үмітті. 

Дәурен Рахымбек – Қарқаралының тумасы. 19 жастағы студенттің мамандығы – ветеринар. Ол жазғы демалыста өз еркімен көрмеде қол ұшын созуға келгендердің бірі. Жас келсе іске демекші, ЭКСПО аумағында қала тұрғындары мен қонақтарына қызмет көрсететін еріктілердің қарасы көп. Жөн білмегендерге жол сілтеп, тіл білмегендерге аударма жасау олардың міндеті. Қажет болса діттеген жерге дейін жеткізіп салуға да қарсы емес. Айналасына қамқорлық жасау, білгенін өзгелерге үйрету – еріктілердің өмірлік қағидасы.

Дәурен Рахымбек, ерікті:

Бұл ЭКСПО-ға келу мақсатым, біріншіден патриоттық сезім және де Отаныма деген сүйіспеншілік. Жоғарғы деңгейде өтіп жатқан осындай ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінен тәжірибе жинау. Осы тәжірибені келешекте қолдана білу. Тағы да көптеген шетелдік мемлекеттің адамдарымен тілдесе отырып ағылшын тілімізді тәжірибелік түрде шыңдау. Бұндай мүмкіндіктер күнде келе бермейді.

Жаңа орта, жаңа достар. Ағылшын тілін одан әрі жетілдіруге мүмкіндік. Біздің жастардың көксегені осы. Ал, мұхит асып келген шетелдік еріктілерді не қызықтырады?Пауль Тристан Галло, ерікті (АҚШ):

Пауль Тристан Галло, ерікті (АҚШ):

-Сәлеметсіз бе! Менің атым – Paul. Мен Америкаданмын. Мен 29 жастамын. Қазақша жақсы көремін.

Пауль 9 жыл бұрын Алматыда ерікті ретінде қызмет еткен. Қазақ тілін үйреніп жүр. Жас жігіт Қазақстанға екінші рет баратын мүмкіндікті жіберіп алмау үшін көрмені таңдаған.

Пауль Тристан Галло, ерікті (АҚШ):

-Астанаға келгеніме 3 апта болды. Көп достар таптым. Оларға ағылшын тілін тегін үйретіп жүрмін. Жергілікті халық қонақжай. Өзімді Юта штатында жүргендей сезіндім.

АҚШ павильонындағы қызметкерлердің тең жартысы – еріктілер. Барлығы Азия елдерімен танысуға құштар.

Руслан Луцерио, ерікті (АҚШ):

-Бірінші рет үйден алыс сапарға шығып тұрмын. Қазақстанға келгенге дейін «Қандай ел деген?» ойда болдым. Тарихы бай, ақжарқын адамдар тұратын жер екеніне көзім жетті. Ұлттық тағамдарыңыз керемет. Әсіресе, қазының дәмі ерекше. Сосын ұлттық музейлеріңізде болдым.

Олег Криницкий, ерікті (Италия):

Римнен келгелі көрмедегі бірнеше павильонды аралап үлгердім. Маған Австрияныкі ұнады. Бұдан өзге қазақтың ұлттық тағамынан бірінші рет дәм таттым. Қазақстан тарихын терең білгім келеді. Сондықтан қолым қалт етсе қаладағы тарихи-мәдени орындарды аралаймын.

Арнайы форма киген еріктілер «Экспоның» алғашқы күнінен-ақ белсенді. Түрлі құрылымдық бекеттерге бөлініп, тапсырған іске тындырымды. Олар жатақханада тұрады. Бұдан өзге күніне 3 мезгіл тамақ және тегін жолақымен қамтамасыз етілген. Ал, әр ай сайын еріктілердің қатары ауысып отырады. Әрі қарай тегін жұмыс істеуге қаламын десе өз қалауы. Қалалық әкімдік 1500 ерікті әзірлесе, қалғанын «Экспоға» жауапты компания іріктеген. 5 мыңға жуық адамның жұмысын үйлестіру оңай шаруа емес. Еріктілердің ең кішісі 15-те, үлкені 70-тен асқан.

Батима Құсайынова, ерікті:

-Көңіл-күйім өте тамаша. Қуанамын. Осы мынау біздің Қазақстанымыз бүкіл жердің жүзіне сондай жақсы көрініп.

Көрме аумағында тіршілік қызған шақ. Әне-міне дегенше 20 күн сырғып өтті. Әр мемлекет өз отауында тақырыпқа сәйкес жобаларымен келушілерді таңқалдыру үшін аянып қалмауда. Көрмені аралаған меймандардың алған әсері ерекше. Энергия тақырыбына қызығушылығы жоғары. Ерәшім Рүстемов – хирург. Ташкенттің қазағы. Астана жалпы, көрме жайлы пікірін білдік.

Ерәшім Рүстемов, турист (Өзбекстан):

Астанаға осыдан 5-6 жыл алдын келген едім. Енді ол кезде не емес, ал енді көріп таң қалдым. Көп нәрсе өзгеріп, жаңа бір құрылыстар ең ғажайып әдемі-әдемі архитектуралық нелер олардың бәрін көргеннен кейін барып тұрып сол жаңалықты көргеннен кейін өзіңде қалғың келеді.

Збигнев Кабаж, турист (Польша):

-Астананы көріп таңғалдым. Осындай қысқа уақытта керемет қала бой көтерген. Әуежайларыңыз да керемет.

Аэрон Хон Кай Джет, турист (Малайзия):

-Мен ЭКСПО көрмесін бұрын көрмегенмін. Сондықтан болар Астанадағы шарадан ерекше әсер алдым. Баламалы энергия көздеріне қатысты тың ақпарат көп екен.

Родриго Хавьер, турист (Эквадор):

-Қандай биік?! Мұндай ғимарат шынымен таңдай қақтырады. Маған ұнады.

Астана 90 күн инновациялық және жоғары технологиялық шаһарға айналады. Ғылым мен жоғары технологияның үздік жетістіктері қойылған ЕХРО-2017 халықаралық көрмесі – соның дәлелі. Расында жаңа технологиялар әлеміне саяхат. Осы аптада көрме аумағында бірнеше мемлекеттің ұлттық күнінен бөлек Кремний алқабы бұрышы ашылды. Қолға алынған бастаманың басты міндеті – «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру. Орталықта шет мемлекеттерде экономиканың түрлі саласында қолданылатын тәжірибелер таныстырылмақ. Яғни, бұл дегеніміз «Эксподағы» жобалар өміршең деген сөз. Көрмеден аяқталған соң ел экономикасына қызмет етпек.

Авторлары: Әсем Қабылбек, Серік Қоңырбаев

10. Рухани жаңғыру

ЭКСПО-2017 көрмесінің екпіні тек елорда төңірегін ғана шарпып тұрған жоқ. Күллі қазақ даласы дүбірге бөлеулі. Мәселен, Қызылорданың Қармақшы ауданында қара үйлер тігіліп, қаймағы бұзылмаған қазақы дәстүрлер туристерге таныстырылуда. Бұл өзі рухани тұрғыдан жаңғыруымызға да жақсы себеп екен.

Бүгін Алматыда Алатаудың етегінде орналасқан «Боралдай» сақ қорғандары археологиялық паркінде «Ұлы дала рухы-2017» халықаралық этнофестивалі басталды. Әлемнің 12 елінен қатысушыларға арнап 12 қанатты 60 киіз үй тігілген. Көкпар, аударыспақ, қыз қуу сынды ат спорты түрлерінен жарыс болады.

Базарбек Атығай, «Ұлы дала рухы» этномәдени фестивалі сценарий авторы:

-Биылғы этномәдени фестивальдің ең үлкен жаңалығы асау үйретуді көрсетеді. ШҚО арнайы шақыртумен келген Тәттімбет Кәпұлы деген азамат өзінің шәкіртімен келіп асауды басықтыру, асауды үйрету өнерін көрсетеді.

Дәл осындай шара Сыр өңірінде түркі халықтарының әйгілі абызы Қорқыт ата ескерткіші кешенінде өтті. Рухани жаңғыру бағытында және халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесі аясында ашылған этноауылда қазақтың салт-дәстүрі қамтылған. Мұнда келген туристер зергерлер мен қолөнершілердің таңғажайып туындыларымен таныса алады. Қыз қуу, теңге ілу, асық атып, арқан тарту сияқты ұлттық ойындардың да көркі қызды. Ал жауырыны жуан жігіттер өзара түйе палуанды анықтады.

Серік Жақсығұлов, жырау:

-Рухани жаңғыру деп отырғаны – біздің қазақ халқының мәдениеті мен әдебиеті, өркениеті өрістейтін уақыты. Тектілігімізді, дегдарлығымызды танытатын, жалпы рухани барлық саланы, жыраулықты, күйшілікті, ақындықты дамытатын кезең. Өткеннен өнегелі тағылым беретін шара аясында жыраулық өнер де ұлықталды.

Жайық маңында ел тарихын зерделеуге мүмкіндік беретін қазына табылды. Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Қарабау ауылында осыдан 2 мың 200 жыл бұрын жерленген адамдардың қаңқасы анықталды. Аумағы 50, биіктігі 1,5 метрлік көне қорғанды қазған аргеологтар екі адамның мүрдесін шығарды. Олардың бойынан алтын бұйымдар мен көне «ақинақ» семсер, ондаған моншақ, жүздеген жебе ұштарын және қола айна тапты.

Марат Қасенов, археологиялық топтың жетекшісі:

-Қарабау обаларының ерекшелігі сонда, бұл сармат дәуірінің Каспий ойпаты мен Батыс Қазақстанда көптеген обаларға ұқсас. Бір обадан 3 қабір табылып отыр. Сонымен бірге әлі де қазба жұмыстарын жалғастырсақ, 6-7 қабір болады. Біз тек қана қазір бір ғана обаны қазір тазалап үлгердік.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы мақсат-міндеттерді іске асыруға арналған ғылыми конференция Астанадағы Назарбаев орталығында ұйымдастырылды. Ресей, Әзербайжан мен Қырғызстанның сарапшылары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, тарихшы ғалымдар «Ұлы даланың рухани мұрасы» тақырыбында сөз қозғады.

Амангелді Қашқынбаев, Мемлекет тарихы институты директорының орынбасары:

-Қазақ қоғамы менің ойымша, ол әрқашанда эволюциялық жолмен дамып келе жатқан қоғам. Осыны ескеруіміз қажет. Сондықтан бұл жерде асығыс бүгін істеп тастау керек деген болмау керек. Қандай да болсын қоғам рухани негізсіз дами алмайды. Бірақ сол рухани қажеттілік, рухани құндылық заманның талаптарына сай келуі тиіс.

Осы ретте шымкенттік жас өнертапқыштар Рухани жаңғыру бағытында қолға алынған маңызды бастамаға өз үлестерін қосуды ұйғарды. Олар қазақ әліпбиін латынға аударудың оңтайлы жолын ойлап тапты. Тың жобаны студенттер ұстаздарымен бірге бір айда жасап шығарған.

Қуаныш Рысқұлов, жоба жетекшісі:

-Паспортта 26 әріппен латын тіліне ағылшын вариантын жазады. Біз әзірге осыны негізге алып отырмыз. Егер мемлекет тарапынан біздің Латын әріптерін белгілі бір нұсқада бекітіп беретін болса біз соған қарап бағдарламаны жарты сағатта дайын қыламыз.

Рухани жаңғыру және қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуда ақпараттық қолдаудың маңызы зор. Осы ретте журналистерге артылар жауапкершіліктің салмағы басым. Бұл туралы Қазақстан халқы ассамблеясы журналистер клубының кеңейтілген отырысында айтылды. Жиылғандар  "Рухани жаңғыру: Сананың ашықтығы" тақырыбында ой бөлісті.

Авторлары: Бағдат Бектұрғанқызы, аймақтағы тілшілер

11. Чайковский атындағы байқау

Астана аспаны классикалық әуендермен қалықтауда. ЭКСПО-2017 көрмесі қарсаңында Петр Чайковский атындағы жасөспірімдер арасындағы байқау басталды. Сайысқа қатысуға 400-ге жуық музыкант өтініш білдіріп, соның 120-сы жолдама алған. 10 күнге созылатын байқауда 20 елден келген өнерпаздар өнер көрсетеді. Жеткіншектер фортепиано, скрипка, виолончель аталымдары бойынша сынға түседі. Жеңімпаздар анықталар сәт жақын. Өнер додасында Жапония, АҚШ, Оңтүстік Корея, Германия сынды 10 мемлекеттің танымал музыканттары қазылық етуде. Олардың арасында отандық өнер жұлдызы Айман Мұсақожаева да бар. Мамандар байқау барысында талай таланттың көзін ашып, оларға бағыт-бағдар береміз деген сенімде.

Айман Мұсақожаева, Халық әртісі:

-Біздің балаларымыз мына конкурсқа қатысып, олар үшін бұл сабақ болды. Бізге де, оларға да болды.