Хабар телеарнасы

Жеті күн 10.06.2017

Сюжеттер
1. EXPO 2017: АШЫЛУ САЛТАНАТЫ 2. ЕХРО-2017 3. Кеңейген көкжиек
4. Жасыл экономика 5. Берекелі байланыс 6. Елбасы қабылдаулары
 
7. Елбасы қабылдаулары 8. EXPO-2017  

1. EXPO 2017: АШЫЛУ САЛТАНАТЫ

Сөз жоқ, кеше дүйім елдің делебесі қозды. Себебі көрменің ашылуы көпшілік күткеннен де әсерлі болды. Енді осы әсерге әр беру үшін әңгімемізді әріден бастаған дұрыс-ау?!

Париждің төрінде бөрігімізді аспанға атып, атойлатқан сәттен бүгінге дейін санасақ, тура 1661 күн өтіпті. 

Саусақты бүккендегі ойымыз – аз уақыттағы жұмыстың ауқымдылығын айту. Рас, талай нәрсе түгенделіп, талай іс ілгері басты. 100-ден аса сәулетті ғимарат салынды. Жаңа заманауи үлгідегі қос нысан, вокзал мен әуежай терминалы, пайдалануға берілді. Тіпті «Болашақтың мекені» бой көтерді» десек, артық көсілгеніміз болмас?! «ЭКСПО» қалашығына биіктен қараған біледі: құдды ғарыштан келіп қонған ғаламаттай көрінеді.

Ендігі міндет – шараға шаң жұқтырмай абыроймен өткізу. Мұның жауапкершілігі алдыңғыларынан асып түседі. Әрине, айтқанға емес, атқарғанға – ауыр. «Көтере алмайтын шоқпарды беліңе байлама» дейтін халықпыз ғой. Сондықтан тізгін ұстағандар үш айлық көрмеге көз тигізбеуді күні бұрын ойласты. 

6 маусымда Мемлекет басшысының төрағалығымен Ақордада кезекті рет алқалы кеңес өтті. Жиынға қатысқандар әуелі ұйымдастыру мәселелеріне мән берді. Одан кейін қауіпсіздік жайын қарады. Соңғысы – күштік құрылымдардан асқан қырағалықты талап етеді. Себебі сізге мәлім: әлемді әбігерге салғысы келетіндердің саны көп. Бұл тұрғыда жалғыз елорданың ғана емес, жалпы елдегі тәртіпті қадағалауға алу қажеттігін Елбасы қадап айтты. Және сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

Апта басынан бері Арқа төсіндегі жұрт арқа-жарқа. Ұлан-асыр қылып ұйымдастыратын қазақтың тойын көрмекке 20-ға жуық елдің президенттері мен премьер-министрлері де келді. Жаһанда 200-ден аса мемлекеттің барын ескеріп, «бас қаламызға бас бұрғандар – соның 10%-ы ғана» деп ойлау – ағаттық. Халық санымен қарағанда, бұл – төрткүл дүниенің тең жарымы деген сөз. Және Ресей мен Қытай сынды алпауыттар бар қатарда.

Сонымен, кеше кешкісін көптен күткен шараның шымылдығы түрілді. Түрілген сәтте санаға сіңген сан түрлі күдіктің бос сандырақ екеніне де көз жетті. Көрме алаңын көргендер біледі: аяқсыз қалған бір құрылыс жоқ, барлығы да «қыздың жинаған жүгіндей». 

Келешегімізді кемелдендіре түсетін Халықаралық Экспо-2017 көрмесіне әлемнің 115 мемлекеті мен 22 халықаралық ұйымы қатысуда. Дүйім дүниеде сәулеті мен дәулеті келіскен кешенімізге таңдай қағушылардың санында шек жоқ. Бір ғана «Нұр әлем» сферасының өзі жасампаз энергияны жан-жақты паш етеді. Ендеше Елбасының ғылыммен ұштасқан ғажайып кешенді ресми ашу салтанаты жайында рет-ретімен баяндайын.

Тура бес жыл бұрын арқаның бел ортасында төрткүл дүние телміре қарайтын халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесі бой көтереді дегенде, мұқым әлем күмәнмен қараған еді. 2012 жылы Парижде өткен Халықаралық көрмелер бюросы Бас ассамблеясының 152-сессиясында жаһан жұртының таңдауы Бельгияның Льежіне емес, Қазақстанның елордасына түскен еді. Енді, міне, арманы асқақ Астана әлем елдеріне кезекті рет өз әлеуетін паш ете білді. Мұнда ағылған мемлекет басшыларының барлығы Қазақстанмен етене араласуға мүдделі. Дамудың даңғыл жолына түскен елімізбен орайы келгенде ортақ іс бастауға ниеттілердің қатары жыл санап артып келеді.

Көздің жауын алатын көрмеге бірінші болып Чехия Республикасының Президенті Милош Земан аттады. Жұбайымен қатар келген ол – кезінде Қазақстанның кандидатурасын бірден қолдаған көшбасшылардың бірі. Шарапаты мол шараға арнайы ат басын тіреген мәртебелі меймандарды Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр әлем» сферасында ыстық ықыласпен қарсы алды, әріптестеріне ізгі ілтипат білдірді.

Қараса көз тоймайтын нысанның диаметрі – 80, биіктігі 100 метр шар түрінде тұрғызылған. Бұл ретте «Болашақ энергиясы» деп айдар таққан тақырып та кездейсоқ емес. Баламалы қуат көздері – бұл қазіргі заманның түйткілді шешімдерін шешуге бағытталған өзекті де өткір тақырып. Сәйкесінше тараптар емен-жарқын дидарласа келе көрменің бар сән-салтанатына өздері куә болды. Осы орайда Елбасы көшбасшылармен естелік суретке түсті. 

Нұрсұлтан Назарбаев кідірместен әріптестерімен көрме кешенінің Конгресс-орталығына бет бұрды. Энергетика мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы жетістіктерді тамашалауға келген халық мәртебелі меймандарды аяғынан тік тұрып қарсы алды.

Тоқтаусыз ұрған ду қол шапалақ ,мерекелік көңіл-күй жиылған жұртты жадыратып, жайната түсті. Осы орайда Ұлт көшбасшысымен қатар әлем елдерінің президенттері мен шетелдік делегаттарға тарихи тағылымы мол теңдессіз жиыннан «Болашақ энергиясына» қатысты бірегей үзінді ұсынылды. Театрландырылған инновациялық шоу бірегей бастаманың көрігін қыздырып қана қоймай, келушілердің делебесін қоздырды.

Көп күттірмей ортаға Халықаралық көрмелер бюросының туы мен еліміздің көк байрағы шығарылып, мемлекетіміз бен ұйымның ресми әнұраны шырқалды.

«ЭКСПО» көрмесі тарихының тамыры ғасырлардан сыр шертеді. Ашылу салтанатына 115 мемлекет пен 22 халықаралық ұйым қатысты. Әр ел өз тың технологияларын паш етуге ниетті. Дүниені дүбірге бөлейтін шараға шартараптың басым бөлігі келгеніне сіз бен біз куә болдық. 

ТМД және Шығыс Еуропа елдері елдері арасында тұңғыш рет өткізіліп отырған теңдессіз шарада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мінберден сөз алып, қазақ жеріне арнайы келген меймандарға өз ризашылығын білдірді. Президент бұл көрме жаһандық кеңістікте елімізді танытудың жаңа белесі екенін атап өтті. Осыдан бір жарым ғасыр бұрын Лондонда бастау алған дүниежүзілік іс-шара бүгінде жаңа идеялардың бесігі саналады. Бас қаламыз Астана жаһандық үрдіске өзінің айрықша үлесін қосып қана қоймай, керемет көрмені өткізген 35 қаланың қатарына кірді. Яғни тәуелсіз Қазақстанның символы ретінде мойындалған жас қаламыз жаңа қырынан танылады деген сөз.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: 

- Қымбатты қазақстандықтар, құрметті қонақтар, ханымдар мен мырзалар. Әсем Астанаға қош келдіңіздер! Бүгін біздің елімізде ғана емес, дүниежүзі көрмелерінде тарихи күн. Біз «ЭКСПО» көрмесін ТМД елінде алғаш рет өткізгелі отырмыз. 35 елдің қатарындамыз. Тәуелсіз Қазақстанның символы Астана жаңа қырынан танылатын болады. 115 ел мен 22 халықаралық ұйым қатысты. «ЭКСПО» осыдан 166 жыл бұрын жаңа идеялардың бесігі болып табылады. «ЭКСПО» – ғылыми жаңалықтар көрмесі ғана емес, барлық елдерді бір-бірімен байланыстыратын алтын көпір.100-ден астам сәулетті ғимарат бой көтерді. Қалада жаңа әуежай, қонақүйлер бой көтерді. Осының барлығы «ЭКСПО-дан» кейін елге қызмет ететін болады.

Нұрсұлтан Назарбаев жаһандану заманында жаңа жетістіктерге қол жеткізбесе болмайтындығын атап өтті. Елбасы Қазақстан қойнауы қазба байлыққа толы ел болғанымен, жасыл экономиканы жадынан тастамайтын мемлекет екенін паш етті. Сол себепті де «ЭКСПО» бағдарламасында ғылым мен ақыл-ой ұштасқан 6 мың іс-шара өткізіледі. Осы орайда Елбасы еліміздің ең үздік жобалары ұсынылған «Нұр әлем» сферасына тоқталып, ұлы дала төріндегі шараны ашық деп жариялады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Осыдан бірнеше жыл бұрын бізге артқан сенім үшін алғысымды білдіргім келеді. Осымен «ЭКСПО» көрмесін ашық деп жариялаймын. Ұлы даланың төріне қош келдіңіздер!

Санаулы жылдар ішінде таңдай қақтырарлық кешен тұрғыза білген Қазақстан басшысына Халықаралық көрмелер бюросының президенті де алғысын жаудырды. Еліміздің ғылымын дамытуға септігін тигізетін бұл шараны «жаһандану заманында кезек күттірмейтін оқиға», – деп атап өтті ол.

Стин Кристенсен, Халықаралық көрмелер бюросының президенті:

- Мен үшін мынандай керемет көрмеге сіздермен бірге қатысу үлкен абырой. Күллі әлем көз тіккен осы «ЭКСПО» көрме аясында қыруар шаруа атқарылғанын атап өткен жөн. «ЭКСПО» көрмесі – дүние жүзі халқы қызығушылық танытатын бірегей оқиға. Дамудың даңғыл жолына түскен қазақ еліне бұл жолы дүние жүзінің сарапшылары жиналады. 93 күн бойы шараға келушілер болашақ энергиясының қауқарына куә болады. Бұл ретте бізге осындай алаң ұсынып отырған Астанаға және Қазақстан Президентіне кезекті рет алғысымды білдіріп, баршаларыңызға сәттілік тілеймін!  

Халықаралық «ЭКСПО» көрмесінің ашылу салтанаты әрі қарай мерекелік бағдарламаға ұласты. Бұл ретте көрме кешені алаңында субұрқақтан түрлі шоумен қатар 6 мың адамға арналған Амфитеатрда арнайы жасыл технологиялардың бар қауқарын паш ететін қойылым ұйымдастырылды. Бұл ретте «Нұр әлем» сферасы лазерлік шоуға бөленіп, оның соңы салтанатты отшашуға ұласты. Енді 10 қыркүйекке дейін баршаның күллі адамзат жетістіктеріне куә болуға толық мүмкіндіктері бар.

Авторы: Елдар Бақпаев

 

2. ЕХРО-2017

«Болашақтың энергиясы» тақырыбының таңдалуы да, көрменің басты нышаны «шар пішінді нысан» болуы да тегін емес. Ғылым тіліне салғанда, күллі ғалам осындай сфера бейнесіндегі атом мен молекулалардан құралған. Және олардың өзара түйісуінен энергия туады. Міне, сол қуат көздерін тиімді өндіре білсек, келешегіміз кемел болмақ.

«Қазақстандық сфера» біз өмір сүретін кеңістікке жаңадан қосылған молекула іспетті. Тек мұның басқаларынан айырмашылығы бар. Ол табиғаттың бойында тұнып жатқан энергияны алдымен өзіне сіңіріп, кейін адамзатқа тарту етеді. Осылайша жер қойнауындағы қазба байлықтарын қазуды қойып, қоршаған ортамызды қорғау жолына қадам басуға мүмкіндік болады. 

Кешегі көрменің салтанатты ашылуында көрсетілген инновациялық қойылымның да «жіпше иіріп әкеліп» айтқан түпкі идеясы осы болатын. Шоуды тамашалағандардың талайы таңдай қағып қалды. Ең бастысы – ел риза. 

Өз ішімізден ғана өре түрегелгеніміз жоқ. «ЭКСПО-ның» ұйымдастырылуы жайлы жалпы жаһан жұрты жарыса айтып жүр. Оған бір ғана дерек келтірейін. Мәселен, көрме кешеніндегі халықаралық медиа-орталық 500 адамға деп жобаланған. Ал кешегі кеште 1200-дей журналист келді. Және оның 800-і – шетелдіктер. Шартараптың түгел шуласқанын осыдан-ақ байқауға болар.

Дәл қазір елордадағы елдің санын дөп басып айту қиын. Бастапқы болжамға сенсек, «бір миллионнан аса қонақ келуге» тиіс болатын. Қала көшелеріндегі халықтың қарасына қарасаң, мамандар долбары дұрыс секілді көрінеді.

 

3. Кеңейген көкжиек

Соңғы 3-4 күнде Астанаға ат ізін салған меймандардың басым бөлігі – аса мәртебелі адамдар. Олардың Арқа төсінде аялдауына екі оқиға себепкер. Әуелгісі, әрине, «ЭКСПО» халықаралық көрмесінің ашылу салтанаты. Одан кейінгісі – Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті.

1996 жылдан есептегенде, ынтымағы жарасқан қоңсылас елдердің басшылары осымен 22-мәрте жолығып отыр. Бірақ бұрынғыларынан бұл жолғы жиынның жөні бөлектеу. Өйткені 16 жылдан кейін «алтылық» құрам «сегіздік» болып толықты. Яғни ұйым қатарына Үндістан мен Пәкістан қосылды.

Бұл тарихи рәсімнің басқа емес, тап қазақтың бас қаласында жүзеге асуының өзіндік астары бар. Себебі қырғи-қабақ болып келген қос мемлекеттің бір дастарқан басында отыруына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ықпал еткен. Анығы, Қазақстанның бастамасымен құрылған «Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің» аясында алғаш рет қол алысып, бітіскен еді. Сол жеңістің «жемісті жалғасы» ретінде енді Үндістан мен Пәкістан бірігіп жұмыс жасауға белді бекем буынды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: 

- Символично, что именно в Астане 12 лет назад были подписаны решения о предоставлении двум странам статуса наблюдателя нашей организации - это Индия и Исламская республика Пакистан. Важность нашего заседания в том, что эти страны впервые участвуют в нашей организации и организация расширяется. Теперь зона ответственности ШОС охватывает территории более чем в 3 млрд человек. Таким образом, организация вступила в новый этап своего институционального развития уже как «Шанхайская восьмерка».

Шартараптың жарты бөлігін қамтитын «Шанхай сегіздігі» біраз маңызды мәселенің байыбына барып, көбесін сөгерлік күшке ие. 

Атап айтар болсақ, аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, терроризм мен діни экстремизмге қарсы күрес, трансұлттық қылмыстың алдын алу, заңсыз есірткі айналымын тұсаулау сынды «тағдыры ұзақ» түйткілдердің түйінін бірлесе шешуге мол мүмкіндік туып отыр.

Сонымен қатар экономикалық тұрғыдағы байланысты да жаңа бір белеске шығарудың шеті шығып тұр. Ұйымның Үндістан мен Пәкістан сынды алып нарықтармен толығуы – Орталық және Оңтүстік Азияның сауда-саттығын тереңдете түсуге түрткі.

Осы ортақ мақсаттарды жүзеге асыру үшін жиынға қатысқан ел басшылары 11 құжатқа қол қойылды.

 

1996 жылы «Шанхай бестігі» құрылды. Аты айтып тұрғандай, құрамына Қазақстан, Қытай, Ресей, Қырғыстан, Тәжікстан елдері енді. Еуразия аумағының тыныштығын көздеген мемлекет басшылары әуелі шекараны шегендеу ісін қолға алды. Қажетті құжатты қабылдады. Соның нәтижесі көршілік сенімді нығайтып, шекарадағы әскер қысқарды. 1997 жылы ұйым терроризм, экстремизмге қарсы күресудің алғышартын жасады. Содан бері бұл тақырып күн тәртібінен түспеді.    

2001 жылы ұйымға Өзбекстан кіріп, одақ «алтылық» деген атауға ие болды. Іргелес елдер күрделі мәселелердің мәніне терең үңіліп келеді. Соның бірі – әлемді алаңдатқан экология. Тараптар бұл жолы да Астана алаңында осы түйткілді талқыға салды. Арал проблемасын да айналып өтпеді. Бұрынғы нулы жердің қу медиенге айналғаны қазір әлемге аян. Оның зардабын әуелі ұйымға мүше елдер тартып отыр. Мұны біздің Президент баса айтты. Табиғи апаттарды асқынбай тұрып алдын алуға үндеді. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Следует признать, что все эти годы мы ходили вокруг да около сохраняющихся в пространстве ШОС экологических проблем. Некоторые из них, такие как тематика, например, Аральского моря вышли сейчас за региональные рамки. Наглядным примером является идущий на протяжении 12 лет переговорный процесс по согласованию проекта концепции сотрудничества ШОС в области охраны окружающий среды. В этой связи предлагаем усилить взаимодействие по линии заинтересованных руководителей наших министерств и ведомств.

Тараптар тілегі бір болмай, тірлік те түзелмейді. Бұл тұста Елбасы тағы бір өзекті мәселені ортаға салды. Дәлірек айтсақ, заңсыз есірткі айналымының жолын кесу. Жасыратыны жоқ, бүгінде Орталық Азияда бұл бизнестің базары қызып тұр. Оның жолын кесу үшін түрлі амалдар қаралды. Мәселен, осыдан екі жыл бұрын ұйым арнайы бағдарлама әзірлеуге кіріскен. Алайда сол кездегі сөз іске келгенде кенжелеп қалған. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- С противодействием наркотрафику в рамках ШОС задействованы самые разветвленные многоуровневые механизмы взаимодействия. Вместе с тем компетентные органы наших стран второй год не могут утвердить антинаркотическую стратегию государств-членов ШОС на 2017-2022 годы и программы действия по его выполнению. Я думаю, что об этом нам еще доложат. Важно, чтобы мы дали поручение оперативно решать эти вопросы.

Дәл қазір жаһанда есірткіге есі кеткендерді санап болмайсың. Қазақшалап көкнәр аталған бұл өсімдіктің таралуына көп ел қарсы болса да, оны бизнеске айналдырғандар айылын жияр емес. Әсіресе ауған жерінде ол улы заттың көп таралғанын білеміз. Ақпарат құралдары сол ел азаматтарының 30%-ы анашаға тәуелді деп жазады. Оның сыртында бірді-екілі Қазақстан аумағынан ауған есірткісінің тәркіленгенін көреміз. Ол Ауғанстанның асқынған жарасының бірі ғана. Одан бөлек таулы елдің тұрғындары түрлі жанжалдардан жапа шегіп, жан сауғалап жүр.  

Шавкат Мирзиеев, Өзбекстан Республикасының Президенті:

- Ауған мәселесін шешудегі халықаралық ұйымның бастамаларын Өзбекстан қолдайды. Біз ол елдің экономикасы мен әлеуметтік инфрақұрылымының қалпына келгенін қалаймыз. Алайда Кабулдағы соңғы оқиға ресми биліктің елдегі жағдайды бақылауда ұстай алмай жатқандығын көрсетіп отыр.

6 жылдан бері бақылаудан кеткен Сирия мәселесі де жиында сөз болды. Төрткүл дүниеге таныс Шам еліндегі тартыс тынышталып келеді. Алайда оқтың үні түбегейлі өшкен жоқ. Ресей, Түркия, Иранның араласуымен қазір қауіпсіз аймақ құру жоспары тұр. Бұл істің бәрі елорда төрінде талқыланды. Мұны Ресей басшысы атап өтіп, ел Президентіне алғыс айтты. 

Владимир Путин, Ресей Федерациясының Президенті: 

- Қазақстан Президентіне Астана алаңын ұсынғаны үшін алғысымды айтқым келеді. Астана процесі арқылы біз қақтығыстарды азайтуға қол жеткіздік. Оған дәлел – белсенді әскери іс-қимылдардың тоқтауы және дислокация аймағының құрылуы. Бұл, әрине, Сириядағы жағдайдың сапалы өзгерісіне ықпал етті. Бірақ дағдарыс аяқталған жоқ. Оны түбірімен жою үшін көп күш жұмсау керек. 

Бірлестіктің іргесі кеңіп, тағы екі елмен толықты. Нақтырақ айтсақ, Үндістан мен Пәкістан Шанхай ынтымақтастық ұйымның толыққанды мүшесі атанды. Жер дауына қатысты бір-біріне аракідік доқ көрсетіп тұратын қос ел бір мүддеге жұмылды. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- В Астане состоялось историческое событие для нашей организации. Мы приняли двух новых членов, выполнивших все процедурные обязательства для вступления в нашу организацию - Республику Индия и Исламскую Республику Пакистан. Таким образом Шанхайская организация сотрудничества де-факто стала фактором мировой политики,  мировой экономики, включая в свой состав основной состав населения нашей планеты и огромный вклад в экономику земли. Поэтому, позвольте мне от себя и вашего имени сердечно поздравить господина Нарендра Моди, господина Наваз Шарифа с вхождением в состав совета, а народы этих стран с вхождением в ШОС в качестве полноправного государства члена.

Өткенге оралсақ. 2002 жылы Үндістан мен Пәкістан арасында Кашмир мәселесінің ушыққан кезекті жанжалы басталып, арты қарулы қақтығысқа ұласты. Әлемдік деңгейдегі аса үлкен соғысқа жол бермеу үшін қазақ Президенті екі ел басшыларын Азиядағы өзара ынтымақтастық пен сенім шаралары кеңесіне қатысуға, келіссөз жүргізуге шақырды. Сол саммит кезінде олар өздерінің ядролық қаруын бірінші болып қолданбайтын болып мәлімдеме жасады. Міне, сол кездегі Елбасының арағайындық қадамы бүгінде жалғасын тапты. Осымен екінші рет қос ел қазақ жерінде қол алысты.     

Нарендра Моди, Үндістан Премьер-Министрі: 

- Осындай белді ұйымға қосылу біздің оған мүше мемлекеттермен болған бұрынғы ынтымақтастығымызды жаңа деңгейге шығарады. Үндістан сіздермен бірлесіп терроризммен күресуге атсалысуға ниетті. Экологиялық мәселе де өзекті. Оны шешу аймақ елдерімен бірге орындалады. Баршаңызға сенім білдіріп ұйымға қабыл алғандарыңыз үшін алғыс айтамын.    

Мухамад Наваз Шариф, Пәкістан Ислам Республикасының Премьер-Министрі: 

- Шанхай ынтымақтастық ұйымы қазірдің өзінде аймақ тұрақтылығын кепілі болуда. Осы арқылы экономикалық жоспар сәтімен жүзеге асырылып келеді. Біз ұйымға мүшелікке қабылдана отырып, оның барша міндеттемелерін орындауға атсалысамыз.

Жиын барысында Қазақстан Президенті ұйымға мүше елдерге қаржы институты керек екенін қаперге салды. Өйткені ол – экономиканы ынталандырудағы таптырмас күш.    

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- У нас нет еще проектов которые бы нас всех объединяли и были бы общим для всех. Прежде всего, до сих пор не созданы механизмы финансирования проектов, таких как банк развития, специальный счет ШОС или иные институты. 

Қытай Халық Республикасының Төрағасы экономикалық байланыспен қатар мәдени қатынастарды да нығайту керектігін айтты. «Жастар жиынын өткізіп, берік достықтың үлгісін өнеге ету қажет», – деді. Түптеп келгенде одақтың жоспары жойқын. Жиын соңында қонақтар ұйымның төрағалық жұмысын жоғары бағалап, Президентке алғыс білдірді. Естелік суретке түсіп, келер жылы ресми Бейжіңде бас қосатын болып тарқасты. 

Авторлары: Сәкен Сейітханұлы, Айдос Меделбеков

5. Берекелі байланыс

Әрине, халықаралық көрме алаңында ғана өзгелердің озығын көреміз деп отыру жарамайды. Техниканың тілін жетік меңгерген мемлекеттермен арадағы қарым-қатынасқа қарқын беру қажет. Мәселен, іргелес Қытай. Біздің біраз істе ілгері басуымызға олар себепкер бола алады. Өйткені «соңғы» дегеніңіздің барлығы солардың қолында. Бұл орайда қазақ-қытай байланысының басқаларға үлгі боларлықтай деңгейде екенін ескерген жөн. Демек бағытымызда бұрыстық жоқ.

Аспан асты елінің басшысы Си Цзиньпиннің Астанаға жасаған осы жолғы сапарының қорытындысын саралай келе, оны да «тарихи оқиға» деп таныған дұрыс шығар.

Бұл сапардың жөні де, жолы да бөлек. Өйткені Қытай Халық Республикасының Төрағасы Қазақстанға екі мақсатты көздеп келді. Бірі – 25 жылдық дипломатикалық әріптестіктің кезекті жоспарын түзу. Екіншісі – Шанхай ынтымақтастық ұйымының жиынына қатысу. 

25 жылдан бері қос елдің қатынасы ұдайы дамып келеді. Жақын көршілердің сан-саладағы әріптестігі әрленіп, байланысы бекіді. Мәселен, тек осы жылдың біріншісі тоқсанындағы тауар айналымы 2,1 млрд долларға жеткен. Тек біздің экспорт – 1,2 млрд. Бұл көрсеткіштерге қарап Қытайдың қазақстандық тауарларға қызығушылығын анық аңғаруға болады.  

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

- Это ваш третий визит в нашу новую столицу. И мы в официальном порядке за последний календарный год встречаемся в третий раз. Это говорит о самом высоком уровне сотрудничества между нашими странами. Наши встречи, наши доверительные отношения влияют на весь спектр отношений между нашими правительствами, министерствами и ведомствами.

Если коротко подвести итог углубленно наших отношений, можно сказать, что отношения Китая и Казахстана – это образцовые межгосударственные отношения. У нас нет нерешенных вопросов, любые возникающие вопросы решаются. Китай стал основным партнером Казахстана в экономике по объему прямых иностранных инвестиций, выданных кредитов и совместных предприятий.

Рас. Екі елдің экономикалық байланысында қарқын бар. Қазақстанның қара алтын өндіру ісіндегі бірлескен жобалары сөзімнің маңызын айқындайды. Қос мемлекетке де пайдалы бұл іс алдағы уақытта жалғасын табады. Өйткені көрші елдің кәсіпкерлері келісімді тағы ұзартуға ынталды. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- За эти годы, когда мы с вами вместе работаем, поставлено более 100 миллионов тонн нефти через Казахстан, более 180 миллиардов кубометров газа. Товарооборот по китайским пограничным данным вырос на 46 процентов, по нашим данным — на 30 процентов. Сейчас мы осуществляем, как мы договорились, перенос 51 предприятия в Казахстан. Уже три работают, по шести идет работа и дальше мы продолжаем. Идут работы по энергетике, транспорту, логистике. Особо хочу отметить вашу идею развития великого Шелкового пути «Один пояс, один путь». Казахстан знает, что вы его объявили у нас впервые и мы его активно поддержали». 

Си Цзиньпин, ҚХР Төрағасы:

- Сіз «Бір белдеу, бір жол» бастамасы осы Қазақстанда Назарбаев Университетінде алғаш көтерілгендігі туралы әділ атап өттіңіз. Үш жылдан аса уақыттан кейін бұл бастама әлемдік қауымдастықтың үлкен қолдауына ие болған-ды. Бұған біз жақын арада Бейжіңде көз жеткіздік – бастама бүкіләлемдік үрдіске сай келеді. Бұл – экономикалық жаһандану, әлемдік ынтымаққа жауап беретін біздің ортақ бастамамыз. 

«Қытай – Қазақстан – Еуропа» бағытындағы контейнерлік тасымал да күн санап көбейіп келеді. Мәселен, биылғы қаңтар мен ақпандағы көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда 2,6 есеге көп. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Казахстан, как и хотел, становится транзитным государством за счет торговли с Китаем. И вы знаете, что теперь от Тихого Океана через Китай, Казахстан в Европу открыт путь, это все благодаря, господин Председатель, Вашему огромному вниманию казахстанско-китайским отношениям, отношению дружбы, отношению братства, которое китайский народ и Вы лично питаете к нам, за что я премного благодарен. 

Дағдарыс кезінде экономикалық өсімге қол жеткізу – қос тараптың тілегі. Жаңғырған Жібек жолы ХХІ ғасырда ғаламдық экономиканы тығырықтан шығаратын игі жолға айналуы бек мүмкін. Тынық мұxиттан бастап Батыс Еуропаға дейінгі аралықты алып жатқан ұлан-ғайыр кеңістіктің ортақ мұраты осы. Өйткені сауда-саттық – экономиканың басты қозғалтқышы. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Реализация двустороннего плана интеграции в стратегических инициативах открывает новые возможности для обеих стран. Например, контейнерные перевозки по маршруту Китай-Казахстан-Европа сегодня демонстрируют устойчивую позитивную динамику и удваиваются. От границы Китая через Казахстан проложена дорога, северный маршрут, через переход на станции «Дружба» через Россию в Европу. Центральная железная дорога, которую мы провели через Жезказган в Каспийское море и Южный, через Алматы и Иран в Персидский залив. Мы уверены, что имеющийся потенциал позволит достичь к 2020 году перевозки 2 млн контейнеров. Таким образом, Казахстан становится важным транзитным государством. Это отвечает нашим интересам. 

Тұрақтылық болған жерде экономика өркен жаяды. Осыны ескерген көшбасшылар аймақтағы қауіпсіздік жайын да сөз етті. Аспан асты елінің басшысы Қазақстанның ядролық қарудан бас тарту бастамасын жоғары бағалап, өзгелерге үлгі боларлық іс екенін тағы бір еске салды. 

Си Цзиньпин, ҚХР Төрағасы:

- Ортақ мүдделерді бұдан да тиімді қарастыру керек. Жаһандық-жергілікті қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету қажет. Қытай Қазақстанның ядролық қарудың таратылмауы, халықтардың достығын арттыру саласындағы үлкен белсенді күшіне жоғары баға беріп отыр. Біз халықаралық істердегі Қазақстанның рөлінің өсуін, әсіресе 2017-2018 жылдардағы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі тұрақты емес мүшелігін қолдаймыз.

Үлкен жиын алдында қос ел қарым-қатынас қарқынын еселеді. 10-нан аса құжатқа қол қойылды. Олар экономикадан бастап, барлық саланы қамтиды. Енді осы жүйелі жоспар көршілес елдірдің экономикасына көрік береді. 

Ақордадағы ресми кездесуден кейін Қазақстан мен Қытай басшылары «ЭКСПО-2017» көрме кешенін аралады. Си Цзиньпин қытайлық павильонға барып, шара кезінде жұрт назарына ұсынылатын бағдарламамен танысты. Онда қытайлық ғалымдардың баламалы қуат өндірудегі тың жаңалықтары қойылған. Ізін ала мемлекеттер басшылары «Қазақстан мен Қытай – Еуразияның транзиттік көпірі» атты телекөпірге қатысты. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Китайская экспозиция на тему «Энергия будущего: Зелёный Шёлковый путь» является одной из самых крупных на «ЭКСПО». КНР является мировым лидером в сфере возобновляемых источников энергии. Уверен, участие Вашей страны в «ЭКСПО-2017» внесет весомый вклад в развитие технологий и культурных связей. 

Телекөпір барысында екі ел басшылары Ляньюньган портынан Қазақстан арқылы Орталық Азия мен Түркияға сапар шегетін жаңа контейнерлік пойыздардың жұмысына бастау берді. Теміржол «Қорғас – Шығыс қақпасымен» түйісетін болады. Транзиттік бағдарға тоқталсақ, пойыз Германияның Тильбург, Қытайдың Ченду және Ташкент бағыты бойынша қатынайды. Жаңа жоба аясында алғаш рет қазақстандық Алтынкөл станциясының қуаты пайдаланылады. 

Си Цзиньпин, ҚХР Төрағасы:

- Дәл қазір трансеуразиялық жүк пойызының жолға шығуына куә болдық. Бұл – тарихи сәт. Осы жоба Қытай және Қазақстанмен қатар «Бір белдеу, бір жол» бойында орналасқан мемлекеттердің транспорттық-логистикалық ықпалдастығын дамытып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Сегодня началась реализация двух важных проектов. Стартовали первые поезда с контейнерами из порта Ляньюньган на Центральную Азию, в Турцию. Запущено контейнерное сообщение из сухого порта СЭЗ «Хоргос-Восточные ворота» в китайский город Чэнду. Это наглядный пример нашего эффективного сотрудничества сопряжения программ Экономический пояс Шёлкового пути и «Нурлы жол». В планах достигнуть показателя двух миллионов контейнерных перевозок в 2020 году. Это послужит экономическому росту, процветанию наших стран и народов. 

Ляньюньган порты мен «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағын бірлесіп дамыту жөніндегі уағдаластыққа Қазақстан мен Қытай осы жылдың 15 мамырында қол қойған болатын. Қабылданған құжат негізінде қос елге де пайдалы іс ілгері басты. Осыдан-ақ таранзиттік әлеуетті арттыруға басымдық берген мемлекеттердің ерекше екпінін көреміз. 

Авторлары: Сәкен Сейітханұлы, Әлібек Әлиев

6. Елбасы қабылдаулары

Бас қаламызда бой көрсеткен мәртебелі меймандардың арасында испан Королі Филипе VI да бар. Монарх кеше мемлекет басшыларымен бірге «ЭКСПО» халықаралық көрмесінің ашылуы салтанатына қатысты. Осы тұста айта кетсек, испандықтардың павильоны «Энергия ғаламшар үшін» атауымен жұмыс істейді. Олардың да болашақты баянды етер бастамалары баршылық. 

Ал бүгін испан Королі Қазақстан Президентімен жеке жүздесті. Нұрсұлтан Назарбаев құрметті қонақты барынша сән-салтанатпен қарсы алды. Ақордада дәстүр бойынша сарбаздар сап түзеп, екі елдің әнұраны шырқалды. 

Бұл – Фелипе Алтыншының елімізге жасаған алғашқы ресми сапары. Соңғы рет Корольдің әкесі Хуан Карлос Бірінші Қазақстанға 2007 жылы келген еді. Міне, араға жылдар салып, оның ұлы екі ел арасындағы ынтымақтастыққа дәнекер болып отыр. Жалпы, қазақ-испан дипломатиялық қарым-қатынасы 1992 жылы басталған. Былтыр арадағы сауда айналымы 1 млрд доллардан асты. Осы уақытқа дейін сенімді серіктесімізден бізге 194 млн доллар тікелей инвестиция тартылған. Ал елімізде испандық капиталдың қатысуымен 93 компания жұмыс істейді. Екеуара өткен кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев Испания Солтүстік Еуропадағы Қазақстанның ең жақын әрі сенімді әріптесі екенін айтты. Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері Пиреней түбегіндегі елмен ынтымақтастықты ырысты етуге етене кіріскен. Біздің тарап ол жаққа қара және түрлі-түсті металдар жөнелтсе, Испаниядан дәрі-дәрмек, цитрус өнімдері мен ауыл шаруашылығына қажетті химиялық заттар және түрлі қондырғылар жеткізіледі. Әрине, Испаниядағы қаржылық дағдарыс салдарынан арадағы сауда-саттық қарқынды дами қойған жоқ. Бірақ қазір экономикалық қиындықтарды еңсерген мемлекет арадағы алыс-берісті арттыруға ден қойып отыр. Қазақстанның қалауы да осы. Бұдан бөлек мәдени-гуманитарлық, әскери-техникалық және құқық қорғау салаларындағы әріптестік те күн санап жанданып келеді. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Я искренне приветствую Ваш первый визит в Казахстан. Испания с первых дней независимости очень близка нашей стране. Мы гордимся, что с такой большой страной, как Испания, с ее великой историей и культурой мы имеем добрые отношения. С королем Хуаном Карлосом I, Вашим отцом, мы начинали строить эти отношения. Мы очень благодарны за поддержку в первые годы нашей независимости. Благодаря Вашей стране мы стали председателем ОБСЕ, Испания также поддержала наше избрание непостоянным членом Совета безопасности ООН.  Я готов выслушать Вас и продолжить те отношения, которые сложились при Вашем отце и дальше.

Фелипе VI, Испания Королі:

- Менің қазақ еліне алғашқы сапарым «ЭКСПО» көрмесінің ашылу салтанатымен тұспа-тұс келгеніне өте қуаныштымын. Сіздерді осы тарихи сәтпен құттықтаймын! Мені ыстық ықыласпен қарсы алғаныңызға алғысым шексіз. Сіз айтып өткендей, тамыры тереңге тартқан екі ел арасындағы ынтымақтастықтың дамуына менің әкем үлес қосқан болатын. Мен осы ықпалдастықты одан әрі дамытуға себепкер болғанымды мақтан тұтамын.

7. Елбасы қабылдаулары

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы мен испан Королінен бөлек Астанаға келген құрметті қонақтардың әрқайсысымен жеке жолықты. Тағы да естеріңізге сала кетейін, «ЭКСПО» көрмесінің салтанатты ашылуына бас-аяғы 20-ға жуық елдің президенттері мен премьер-министрлері және түрлі халықаралық ұйымдардың басшылары қатысқан болатын. 

Қазақстан этностар арасында қарым-қатынас орнату жағынан әлемге үлгі. Бұл – БҰҰ-ның Бас хатшысы Антониу Гуттериштің пікірі. Мәртебелі мейман Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуінде бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамту жолында Қазақстанның атқарар рөлі ерекше екендігін атап өтті.

Антониу Гутерриш, БҰҰ Бас хатшысы:

- БҰҰ мен Қазақстан арасындағы әріптестік әртүрлі саланы қамтиды. Су ресурстары, энергетика, жаһандық жылыну, терроризм мәселелері. Осылай тізбектей беруге болады. Қазақстанның әрқайсысы бойынша тың бастамасы бар. Әрі оларды жүзеге асыруға әлеуеті жетеді. Сондықтан Қазақстанның БҰҰ-дағы рөлі маңызды.

«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне арнайы келген мәртебелі меймандар қатарында Чех Республикасының Президенті де болды. Елбасы айтулы шараның ашылу салтанатында Милош Земан мырзаға ризашылығын жеткізді. Екеуара кездесуде қос ел арасында байланыс берік, саяси және экономикалық қатынаста оң қарқын байқалатындығы айтылды. Қазақстан Президенті Милош Земанның мемлекет қайраткері ретінде халықаралық және аймақтық мәселелерге қатысты айрықша ұстанымын білдіріп келе жатқандығын атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Благодарю Вас за то, что приняли наше приглашение. Приехали на открытие нашей выставки. Вчера видели, были свидетелем. Я очень благодарен. Хорошо помню Ваш визит в Казахстан в 2014 году. Время быстро идет. С тех пор много сделано между нашими государствами в экономике, политике. Я вас привестствую, господин Президент.

Милош Земан, Чех Республикасының Президенті:

- Біз Қазақстанды Орталық Азиядағы маңызды серіктес ретінде қарастырамыз. Тіпті алып держава десек те болады. Тікелей сіздің бастамаңызбен осындай әсем қала Астана бой көтерді. Бұл – Сіздің еңбегіңіздің жемісі.

Чех Президенті Астананың келбеті мен сәулетіне жоғары бағасын берді. Және Қазақстанды аймақтық көшбасшы ел санайтынын айтты. Алдағы уақытта бизнестегі әріптестікті арттыра түсуге мүдделі. Бұл ретте чех кәсіпкерлер тобының Астанаға келгенін және олардың Қазақстан экономикасына инвестиция салуға ниетті екендігін жеткізді.

Шанхай ынтымақтастығы ұйымы мүшелігіне Пәкістан қабылданды. Бұған әзірлік жұмыстары 12 жыл бұрын басталған еді. Тиісті нормативтік құжаттар бекіп, сан сала бойынша үдерістер ойдағыдай атқарылды. Бұл туралы Елбасы Пәкістан Республикасының Премьер-Министрі Наваз Шарифті қабылдауы кезінде айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Спасибо, что Вы прилетели на саммит ШОС и «ЭКСПО». 12 лет назад мы здесь начали процесс приема Пакистана в ШОС.

Наваз Шариф, Пәкістан Ислам Республикасының Премьер-Министрі:

- Мен Қазақстанға қашан да қуана келемін. Әсіресе Астана келбеті қайран қалдырады. Осы ретте сіздің тарапыңыздан атқарылған жұмыс орасан зор. Мұны ерекше атап өту керек. Осындай кемеңгерлігіңіз бен көшбасшылығыңыздың арқасында Қазақстанның аты күллі әлемге танылып отыр.

Енді Үндістан да Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдер қатарында. Беделді ұйым құрамына қосылу турасындағы мәселелер Мемлекет басшысының Үндістан Премьер-Министрі Нарендра Модимен кездесуінде сөз болды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- У Казахстана и Индии, кроме сотрудничества, других мнений нет. 12 лет назад здесь начался процесс вступления Индии в ШОС. Завтра такое решение будет принято – Индия станет полноправным членом ШОС. Такая мощная страна, как Индия будет в наших рядах. И можем решать большие вопросы. Наши отношения – на большом уровне. И наши экономические связи не соответствуют. Объективных причин нет. Всё же можем подумать, как будем поднимать эти отношения.

Нарендра Моди, Үндістан Республикасының Премьер-Министрі:

- Мені құшақ жая қарсы алғаныңыз үшін алғысымды білдіремін. Тығыз жұмыс кестеңізге қарамастан, арнайы уақыт бөліп отырсыз. Дұрыс айтасыз, Қазақстан мен Үндістанның тарихи һәм мәдени құндылықтары ұқсас. 2015 жылы осы қалаға алғаш рет келген кезімде, Астананың ерекше үлгіде бой көтергені және экономикалық өсу қарқынына қарап таң қалған едім.

Ал Беларусь Президенті Қазақстанның «ЭКСПО» көрмесі кешенін салудағы тәжірибесін зерделеуге асық. Александр Лукашенко өз елінде халық шаруашылығы жетістіктері көрмесін өткізуде біздің елден үлгі алмақ.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- За два с половиной года построен целый район с соответствующей инфраструктурой. Возведены жилые дома для участников выставки, гостиничный комплекс, конгресс-холл и другие сооружения, необходимые для проведения этого масштабного мероприятия. После проведения выставки здесь будет функционировать Международный финансовый центр «Астана».

Александр Лукашенко, Беларусь Республикасының Президенті:

- Біз павильондарды аралап көріп қана қоймай, сіздердің экспозициялық кешендер құрылысындағы тәжірибелеріңізді мұқият зерттемекпіз. Өйткені біз де халық шаруашылығы жетістіктері көрмесін ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз.

Сондай-ақ Беларусь Президенті Елбасының тарихты зерттеуде әділеттілікті қалпына келтіруге жете көңіл бөлетінін атап өтті. Бұл ретте бұрынғы лагерьдің орнына «АЛЖИР» музейін ашуға көп күш жұмсалғанын тілге тиек етті. Осы лагерьде болған Беларусь әйелдеріне қатысты бірқатар хаттар мен іс-қағаздарын ала келгенін жеткізді.

Елбасы Түрікменстан Президентімен де кездесті. Нұрсұлтан Назарбаев Гурбангулы Бердімұхамедовке «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің ашылуына шақыртуын қабыл алғаны үшін алғыс айтты. Түрікменстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстанға шақырғаны үшін ризашылық білдіріп, айтулы шараны өткізудің өзектілігіне тоқталды. Кездесуде екіжақты қатынастың дамуында оң қарқын байқалғаны айтылды. Бұған Түрікменстан Президентінің биылғы сәуір айында Қазақстанға келген сапары ықпал еткені анық.

Гурбангулы Бердімұхамедов, Түрікменстан Республикасының Президенті:

- Өте нәтижелі сапар болды. Сәтті келісімдерге қол қойдық. Ең бастысы, сізбен келіскеніміздей, Үкіметаралық комиссияға қатысты уағдаластықтардың нәтижесін көріп отырмыз. Тауар айналымы, басқа да салаларда оң өзгерістер бар. Бұл ретте сізге ризашылық білдіремін.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Очень рад принимать Вас здесь, хороший действительно Ваш визит был, самое главное – хочу благодарить за то, что приехали. Вы собрали правительство, с Казахстаном будем работать по-новому, по-другому. Сразу выросла торговля, пошел обмен товарами, продукцией, машиностроением, это то, что нужно нашим людям, нашим народам.

Шанхай ынтымақтастық ұйымы өзін өңіраралық бірегей бірлестік ретінде танытты. Шанхай хартиясының қабылданғанына – 15 жыл. Осы тұрғыда бұл жолғы жиынның тарихи мән-маңызы ерекше. Бұл туралы Мемлекет басшысы осы ұйымға мүше мемлекеттердің қорғаныс министрлерімен кездесуінде айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- ШОС стал серьезной региональной организацией. Он создавался для того, чтобы народы, близкие по истории, по территории, по культуре, после решения проблем границы между собой решали вопросы экономического и культурного сотрудничества. Самое главное – сохранить «шанхайский дух». Мы консенсусом всегда решали все вопросы. Экономическая часть сейчас сильно развивается на основе новой программы «Шелковый путь», которая поддерживается всеми членами ШОС, особенно Казахстаном – самым близким соседом с КНР. Поэтому ваша деятельность оборонных ведомств должны решаться в этом русле.

Саммит аясында Елбасы Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрімен жеке кездесті. Мохаммад Джавад Зариф кеңес отырысына және «ЭКСПО» көрмесінің ашылуы рәсіміне арнайы келді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Спасибо, что Вы приехали на открытие «ЭКСПО», это очень приятно для нас. Наши отношения всегда были хорошими, нет причин, чтобы они ухудшались.

Мохаммад Джавад Зариф, Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі:

- Екі ел арасындағы ынтымақтастық жоғары деңгейде. Қарым-қатынастың нығаюына сіздің Иран еліне, Хасан Руханидің Қазақстанға іс-сапары оң ықпал етті.

Жүздесуде Мемлекет басшысы Иранда өткен сайлауда қазіргі Президент Хасан Руханидің жеңіске жеткені туралы хабарды қуана қабылдағанын жеткізді. Мохаммад Джавад Зариф Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне тұрақты емес мүше болып сайлануымен құттықтады.

Авторлары: Бағдат Бектұрғанқызы

 

5 маусым күні Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын қабылдады. Қабылдауда Кәрім Мәсімов Нұрсұлтан Назарбаевқа қауіпсіздік турасында мәлімет берді. Анығы, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі қарсаңындағы күштік құрылымдардың бірлескен жоспарлы жұмысын баяндады. Сөз соныңда Президент Астанада өтіп жатқан ауқымды халықаралық іс-шаралар аясында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесін толық бақылауға алу қажеттігін атап өтті.

Сондай-ақ тап сол 5 маусымда Елбасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа төрағасын қабылдады. Мемлекет басшысы соңғы жылдары шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған көптеген шараның қолға алынғандығын жеткізді. Ал Тимур Құлыбаев Президентке Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қазіргі қызметі жөнінде есеп берді. Өз ісін бастаймын деген азаматтарды оқыту үшін биыл Үкімет тарапынан 27 млрд теңге бөлінгенін атап өтті. Оның 11 млрд теңгесі шағын қаржы ұйымдары арқылы бөлінсе, қалғаны «ҚазАгро» есебінен ауылдық жерлерге беріледі. Бұл қаражатқа 30 мың адамды оқыту жоспарланып отырған көрінеді. Оның 20%-ға жуығы тиісті білімді алған соң, өз бизнесін ашуға мүмкіндік алады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Вот это очень важно. Мы же в последнее время много важных решений приняли по поддержке МСБ. И со стороны правоохранительных органов, местных, микрокредитование, обучение людей бизнесу.

Тимур Құлыбаев, «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа төрағасы

- Біз былтыр «Бастау» бағдарламасын іске асырдық. Алдын ала іріктеуден өткен азаматтарға 30 күн ішінде бизнес жүргізудің қыр-сырын үйретеміз. Ол үшін әкімдіктермен бірлесіп, шағын қаржы ұйымдарын құрдық. Үкімет бұл бастаманы қолдады. Ағымдағы жылы 1 млрд 200 миллион теңге бөліп отырмыз. Біз 80 ауданда 15 мың адамды оқытамыз. Даярлықтан өткізу мәселесі өте маңызды. Себебі адамдар өз бизнесін қалай бастау керектігін біле бермейді.

8. EXPO-2017

Айта кеткен жөн, «ЭКСПО» өңменіңнен өтер дағдарыс дауылы соғып тұрған тұста да экономиканың тұралап қалуына жол бермеді. Қайта қозғаушы күшке айналды. 55 мыңға жуық жұмыс орны ашылып, ел «екі қолға бір күрек» тапты. 408 кәсіпорын 414 миллиард теңгенің тапсырысын орындады. Бұл қаржы екі облыстың бюджетіне пара-пар.

Ал енді көрменің болашақта берерін айтсақ, оны «бағасыз байлық» деп есептеуге болар?! Қоршаған орта тазарады. Адамның табиғатқа жасар жамандығы азайып, өмір жақсарады. Әрине, ол үшін біраз жылдай маңдайымыз майланып, самайымыздан су ағуы тиіс. Егер халықаралық шараның пайдалы тұсына алдын ала болжам жасау қажет болса, онда осынау үлкен бастаманың алғашқы күнін аңдаған жөн-ау. 

Зейнеткер Кабира Сламбекқызы заттарын жинап жолға шықты. Мемлекеттік қызметте талай жыл тер төккен. Ендігі көздеген бағыты – Астана. Көп уақыт бойы көріспеген достарымен қауышпақ ниетте.

Кабира Өмірбай, Шымкент қаласының тұрғыны:

- 2016 жылы 10 маусымда билет сатылымға бірінші шығарылды. Бі, 40 жыл бұрын мектеп бітірген сыныптастарымыз 2 күнге билет алдық. Бір күнде павильонның бәрін аралап үлгермейсің. Біздің сыныптастарымыз Ресейден, Германиядан келіп көреді.

Балалық шақтың қызықты кезеңдерін бірге өткізген достардың жұбы жазылған емес. Әлемнің әр қиырында болса да үнемі байланыста. Уәде бойынша барлығы «Бәйтеректің» маңына жиналды. Бірі Қазақстанға Ресейдің Саратов қаласынан келсе, өзгелері еліміздің әр қиырынан.

Сырлас достардың айтатын әңгімесі көп. Сағынысып қауышқандар үшін білім ұялары қашан да ыстық. Бас қалаға көптен келмегендер сылқым қыздай түрленген Астананың келбетіне тәнті. Әрі халықаралық шараның тақырыбымен жақсы таныс.

Кабира Өмірбай, Шымкент қаласының тұрғыны:

- Бұл жерде біздің Қазақстанымыздағы әдемі, әсем Астана қаласын көрсетейік дедік. Екіншіден, «ЭКСПО» көрмесі – жастардың болашағы.

Людмила Ким, Саратов қаласының тұрғыны (Ресей):

- Астанада мәдени орындар көбейген. Шынымды айтсам, зәулім ғимараттар геометрия сабағын еске түсірді. Теп-тегіс жолдар, айнала жасыл-желекке оранған. Осыған қарап марқайып қаласың.

«ЭКСПО» көрмесінің алғашқы күні. Халықаралық кешенге қарай ағылған жұрттың қарасы көп. Алуан түрлі сәулетімен көз тартатын ғимараттар алыстан менмұндалап тұр. Барлығы ең бірінші болып көрмеге қатысушы елдердің павильондарын көруге асық. Мамандандырылған көрмедегі қызылды-жасылды түстер көздің жауын алады.

40 жылдан соң жиналған парталас достар көрмені тамашалауға ұстазын шақыруды да ұмытпапты. Саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне сарп еткен Валентина Пак әлі тың. Жасы 70-тен асқан. «ЭКСПО» көрмесінің бірінші күні павильондарды аралап, энергияға қатысты тың мәліметтерге қанықты. Кезінде тәлім-тәрбие берген оқушылары бүгінде өмірден өз орнын тапқан үздік мамандар. Есейіп кетсе де, әрқайсысын баласындай айналып-толғанады.

Валентина Пак, оқу ісінің үздігі:

- Мынау қызыл медаль иегері, мынау оқу озаты. Менің осы сыныбым кілең мықтылардан құралған. Барлығы 8 оқушы мектепті медальмен бітірген еді. Өзім соңғы рет Астанада 2004 жылы болдым. Қала одан бері адам танымастай өзгерген. «ЭКСПО-ға» арнап салынған кешендер керемет. Алған әсерім ерекше. Мектеп бітірген түлектермен бәленбай жылдан соң осында кездесемін деп еш ойлаған емеспін.

«ЭКСПО» көрме аумағын самсаған зәулім ғимараттармен толтырудан ғана тұрмайды. Халықаралық шараның тақырыбын ашу да үлкен өнер. Оның үстіне Қазақстан таңдаған тақырып «Болашақтың энергиясы» деп аталады. Бұл терең ізденісті талап етеді. Сондықтан қатысушы елдер аянып қалмауда.

Көрмеге 115 мемлекеттен бөлек 22 халықаралық ұйым да қатысуда. Бүгін алғашқылардың бірі Біріккен Ұлттар Ұйымы өз павильонын таныстырды. Жаһан тыныштығына жауапты ұйым Қазақстанның бастамасына дән риза. Мұндағы кинетикалық құмның берері мол. Балаларды құмда ойната жүріп жасынан ғылымға баулиды. Мамандар жасыл экономика тақырыбы аясында шөлейтті алқаптарды суармалы егіске айналдырудың тың тәсілдерін ұсынды.

Джихан Султаноглу, БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі, БҰҰ-ның «ЭКСПО-ның» Бас комиссары:

- Қазақстан энергия тиімділігін іске асыру бағытында осы заманғы озық жетістіктерді өндіріске енгізуге нақты қадам жасап отыр. Бұл ретте жасыл экономикаға айрықша назар аударылып жатыр. Бұл жаңашылдық БҰҰ тарапынан жоғары бағаланып отыр.

Мысыр, АҚШ, Түркия және Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Түрікменстан елдері де келушілерге баламалы энергия көздеріне қатысты соңғы технологияларын таныстырды. Әр мемлекеттің өз энергетикалық құндылықтары, баламалы қуат көздері бар. Бірі – күннен, бірі судан қуат алады.

Джошуа Уокер, АҚШ павильонының президенті және бас атқарушы директоры:

- Астанадағы «ЭКСПО» арқылы әлемге жұртына не бере аламыз? Америка 3 ай бойы өзінің энергетика саласындағы барлық мүмкіндігін көрсетуге тырысады. Бәрінен бұрын көрменің ашылуы жоғары деңгейде өтті. Шынымды айтсам, мұндай күтпеп едім.

Халықаралық «ЭКСПО» көрмесі – «біздерде анандай бар, мынандай бар» деп өз мемлекеттің әлеуетін көрсетуге зор мүмкіндік. Табиғи ресурстары аз елдер – баламалы қуат көздерін игеруде көшбасшы. Табиғаттың берген сыйын тиімді, үнемді пайдаланады.

Сажу Ингалло, турист:

- Кариб аралдарының өкілі ретінде айтарым, көрмеде әр мемлекеттің технологиясын байқап, сол елге қатысты сырттай пайым жасайсың. Ал Астанаға жолға шығарда аздап сескендім. Мен мүлдем білмейтін ел деп уайымдадым. Келгеніме 1 аптадан асты, қалаға үйреніп кеттім. Бәрінен де көрменің ашылу салтанаты өте керемет өтті. Түрлі-түсті отшашу көздің жауын алады.

Оңтүстіккореялықтардың павильонына жиналған жұрттың қарасы көп. Сутегімен жүретін автомобильді көруге барлығы асық. Швейцариялықтардың экомобилі де одан қалыспайды. Экологиялық жағынан өте тиімді. Бір сөзбен айтқанда, күн сәулесінің қуатымен жүретін көліктің алуан түрін көргіңіз келсе, «ЭКСПО-ға» келіңіз.

Қазақстан – жасыл экономика тұжырымдамасын қабылдаған елдердің бірі. Ендігі міндет – 2050 жылға дейін еліміздегі баламалы энергияның үлесін 50%-ға жеткізу. 166 жылда кейін жер жаһанның ірі қалаларын аралаған «ЭКСПО» көрмесі Cарыарқа даласына табан тіреді. Әр көрме – жаңа идеялар мен инновацияның бастауы. Оның игілігін күллі адамзат пайдаланады. Қазақстан таңдаған тақырып – энергия. Ол – ұзақ мерзімді ресурс. Жер қойнауы түгесілсе, жел, су және күннен алынатын энергияның әлеуеті зор.

Пәрімбай Тұрбеков, зейнеткер:

- Әр елдің павильонын тамашалап жатырмыз. Жақсы. Энергия жағын көбірек айтып жатыр. 

Көрме көретін дүние болса ғана – көрме. «ЭКСПО» – ғылыми жаңалықтардың бастауы ғана емес, тәжірибе алмасатын алаң. Еліміздің Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Сауд Арабиясы Корольдігінің Энергетика, өнеркәсіп және минералды ресурстар министрі Халид Абдулазиз Әл Фалихпен кездесті. Тараптар баламалы энергия көздерін бірлесіп дамытуға уағдаласты.

«Кел және өз қуатыңды тап». Бауырлас Түркияның көрмедегі ұраны осы. Көптің назарына Анадолы жұртындағы барлық минерал түрлері көрсетіліп, баламалы энергияға қатысты жобалар қойылған. Көрмеге келушілерге энергия үнемдеудің қыр-сырымен де бөлісуге де әзір. Жалпы «ЭКСПО» көрмесіне келген жұрттың энергияға қатысты көрсем, білсем деген талабы таудай.

Тарык Сөнмез, Түркия ұлттық павильонының комиссары:

- Біз 3-4 айдың ішінде Түркия Республикасының ұлттық павильонының ішін толтырып үлгердік. Өте қуаныштымыз. «ЭКСПО» көрмесі өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Осындай елеулі шараның өтуіне бастамашылық еткен Қазақстан Президенті мен халқына алғысым шексіз.

Елорда 90 күн бойы баламалы қуат көзіне қатысты адамзаттың жетістіктерін күллі жаһанға паш етеді. Көрме аяқталған соң ғимараттар бос қалмайды. Барлығы халық игілігіне берілмек. «ЭКСПО» көрменің жүрегі – «Нұр әлем» деп аталатын сфера. Қазақстанның павильоны. Көрме аяқталған соң жаһан жұртына баламалы энергияны дамытып, дәстүрлі қуат көзінен арылудың тетігін үйрететін ғылыми орталыққа айналмақ. Қазақ – қонақжай халық. Тәуелсіз Қазақстан тарихында қатарынан 3 ай ұлан-асыр той болған емес. Шараның қонақтары өзге жұрттар. Демек сынайтындар көп. Шақырған қонақтардан ақша алудың құпиясы да сол, үнемі қолындағысын беріп үйренген қазақ енді нарық талабы мен инновациялық жобаларды қатар игермек.

Авторлары: Әсем Қабылбек, Нұрбек Байбосын, Әлібек Әлиев 

Тасқа қашалған тарихтан мәлім болғандай: Күлтегін бабаны күңірендірген бір-ақ дүниенің барына куәміз. Ол – елдің бірлігі. Асылында, түркі тұлпарының тұяғы таптамаған тарап аз-ау?! Соған қарамастан қағанаттың ғұмыры ұзаққа созылмады. Себебі ағайын алауыздыққа бой алдырған еді. Демек қай заманда болсын, барлық жеңістердің алтын қайнары, ел қорғағанда күш-қуат берер асқақ айбары – біртұтастық. Сондықтан санамызға бабалар өсиетін барынша құйып алғанымыз құба-құп болар?! «Рухани жаңғыру» дегеніміз осы.