Хабар телеарнасы

Жеті күн. 21.11.2015

Сюжеты
1. Мемлекет басшысының төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті 2. Елбасы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевті қабылдады 3. Мәжіліс бюджет жобасын мақұлдады
4. Мемлекет басшысы «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметовті қабылдады 5. Елбасы халықаралық «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесінің дайындық мәселелері жөнінде кеңес өткізді 6. Мемлекет басшысы Француз Республикасының Қазақстандағы елшілігіне барды
7. Елбасы Қазақстанға ресми сапармен келген Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті Мохаммад Ғанимен кездесті 8. «Самұрық-Қазынада» трансформациялау жүріп жатыр 9. Акциздік салық тұтынушыға әсер етпейді
 
10. Жанармайды сыртқа сататын күн де туады 11. Әкімдер есебі басталды  

1. Мемлекет басшысының төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті

Жаңа экономика, жаңа бастамалар және жаңа инвестициялар. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі кезеңді «жаңаруға жол ашатын жағдайға» балады. Ал, сол жолға түсу, ең әуелі Үкіметтің білгірлігіне байланысты.

Қазір «үріп ішіп, шайқап төгетін заман» емес. Мемлекеттік шығыстарды 1,5 триллион теңгеге қысқартуға мәжбүр болдық, бір қуанарлығы – бұған әлеуметтік төлемдер ілікпеді.

«Қиын кезең» деп қабақ шытқанымызбен, осы уақытқа дейін қамсыз отырған жоқпыз. Бұл тұста Нұрсұлтан Назарбаев екі жайтты атады.

Бірі – Индустриялды-инновациялық бағдарлама, әрине сынауға сылтау табатындар көп шығар, бірақ бір нәрсемен келісуіміз керек. Ашылған, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар 5 триллион теңгенің өнімін шығарған екен. Бұл Қазақстан үшін қомақты көрсеткіш. Екіншісі – «Нұрлы Жол». Бағдарлама күні ертең тұтас экономиканың бойына қан жүгіртеді. Сосын «100 нақты қадам», «Бес реформа» бар. Жалпақ жұртқа жар салдық, жарияладық, бастамаға сүйсінгендері ия болмаса қолынан келе ме екен деп сырттай бақылап жүргендері тағы жетерлік, қалай болғанда да шегінерге жол жоқ.

Президент: «Бұл ар-ұжданның ісі», – деп қайраттандырды. 

Мүлікті заңдастыру мен жекешелендіру бойынша жұмыс жүріп жатыр. Алайда, серпін керек. «Беті жылтыр» журналдарда жарық көретін жағдайы жақсы азаматтарға қаратып Мемлекет басшысы біраз мәселені айтты. Қазақстанның қалталылары бұл кампаниядан қалыс қалмауы тиіс. Сөздің тоқетері осы. Үкіметтің кеңейтілген отырысында жекемен әріптестік, инвестиция тарту, зейнетақы мәселесі, азық-түліктің, бензиннің бағасы талқыланды. Елбасы Үкімет мүшелерінен әрбір жағдайды халыққа түсінікті тілмен түсіндіруді талап етті. Жер-жаһан лаңкестікке лағынет айтып, мигранттар мехнатын тартып отырған тұста Қазақстанға жолыққан экономикалық қиындықтардың «жарасы жеңіл» деген ойға келдік.

Ақордаға келген шенеуніктердің жүрісі ширақ. Асығыс сырт киімдерін шеше сала, барлығы келелі жиын өтетін бөлмеге беттеуде. Үкімет мүшелері, Парламент басшылары мен ұлттық компаниялардың төрағаларын дөңгелек үстел басына жиған Елбасы күн тәртібіне шығарылған ең негізгі мәселелер бойынша ведомство жетекшілерінің есебін тыңдады.

Қазіргі экономикалық ахуалды ескере отырып, бюджет қаражатын үнемдеуді міндеттеген Президент мұның алғашқы көрсеткіштерін де естіді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Мы на сколько сократили государственные раходы. Мне сказали что это 1,5 триллиона тенге. 1,5 триллиона тенге сокращены госрасходы. Вы смотрите как мы рассходовали. И ничего не случается при этом. Может подумат еще сократить рассходы. Если надо конечно.

«Мұның барлығы мемлекеттің артық шығындарын қысқартып, қажетсіз құрылымдарды оңтайландырудың нәтижесі. Салықтан түскен әрбір тиын халық игілігіне қызмет етуі керек» деді Елбасы. Бұл орайда «Самұрық-Қазына» төрағасы Өмірзақ Шөкеевтің де айтары бар екен. Ол өзі басқарып отырған ұлттық компанияның еншілес ұйымдарының санын 560-тан 200-ге қысқартуға бел буып отыр. «Осындай оңтайландыру амалдары арқылы едәуір ел қазынасын үнемдеуге болады» дейді ол. 

Өмірзақ Шөкеев,«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ басқармасының төрағасы

-Бізге екі бірдей құбыр желілерімен айналысатын компанияның қажеті жоқ деп ойлаймын. Сондықтан болашақта «ҚазТрансГаз» бен «ҚазТрансОйл» компанияларын біріктірген жөн болады деген ұсыныс айтқым келеді. 

Өмірзақ Шөкеев ұлттық компанияның дүниежүзіндегі өкілдіктерін қысқартып, оны Лондон, Бейжің мен Мәскеуде ғана қалдыруды ұсынды. «Самұрық-Қазына» басшысы компания тасының өрге домалауы үшін шет елдік білімді мамандардың қажеттігі туындап отырғанын айтты.

Десе де Президент шақырылған мамандардың қалтасына қыруар қаржыны салып қайта қоя бермей, бар білімін пайдалану керектігін айтты және оларды таңдауға аса мән беруді міндеттеді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Я хочу, чтобы вы это не фетишизировали - приехал, что-то решил. В свое время чикаксие мальчики натворили в Москве делов во главе с Атсманом. Поэтому здесь надо быть очень осторожными и смотреть как будто наши ничего не стоят, а они придут за большие деньги за нас будут работать. Я непротив того, чтобы пришли, тем более у нас примеры есть.

Ал қызметіне жуырда ғана тағайындалған Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев: «алдағы уақытта теңге бағамының күрт құбылуы күтілмейді» деп сендірді.

Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы 

-Жақын уақытта теңге бағамының күрт төмендеуі не болмаса күрт жоғарылау ықтималдылығы аз. Себебі мұнай бағасының құбылуы сынды күрделі мәселелер орын алып болды. Ал егер мұнайдың барелі 40 доллардан да төмендеп кетсе, теңге бағамын өзгерту мәселесін қарастыруымыз керек.

Бұдан кейін мінберге Әсет Исекешев шығып, Индустриялды-инновациялық бағдарламалардың жай-жапсарымен таныстырды.

Әсет Исекешев, ҚР Инвестициялар және даму министрі

-«Нұрлы Жол» бағдарламасына қатысты барлық жобалар уақытында аяқталады. Жаңа экономикада транслогистикалық секторға ерекше көңіл бөлінеді. Сондай-ақ инновациялық жобаларды жүзеге асыруды жалғастыра береміз.

Ал еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев баяндады.

Ерболат Досаев, ҚР Ұлттық экономика министрі

-Қазақстан Республикасы экономикасының өсімі соңғы 10 айда бір пайызды құрады. Ал өндірістік сала 1,3 пайызға төмендеді. Ол тау-кен саласы көрсеткішінің 2,2 пайызға азаюуымен байланысты.  

Бұл жиында да Елбасы әдеттегідей халықтың тұрмыс-тіршілігін бірінші кезекке қойды. Күнделікті қолданылатын тауарлар негізсіз қымбаттамауы тиіс. Бұған қоса кәсіпкерлерге де қысастық жасалмауы шарт. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Сдерживание цен тоже не должно превратиться в очередной инструмент давления на бизнес. Не должен ухудшаться бизнес климат, подавлять предпринимательскую инициативу. Необходимо четко различать обоснованное повышение спекулятивного роста цен. Товар должен иметь объективную рыночную цену.

Халыққа ең қажетті өнімнің бірі жанар-жағармай екені белгілі. Нұрсұлтан Назарбаев бұл салаға жауапты мамандарды да орнынан тұрғызып, жұртшылықты толғандырған сұрақтардың жауабын талап етті.   

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Вчера по телевизору задают вопрос по «Хабару» или по какому я не помню. Говорят как это так цены на нефть уменьшились в три раза, а бензин повышается? Объясни простому колхознику простым языком?

Сауат Мыңбаев, «Қазмұнайгаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы

-У нас открытые границы с Российской Федерацией. Туда сюда возится. И у нас радикального отличия в цене от России и Беларусии быть не может. Мы все эти годы держали временами на 40% ниже, чем в РФ.

Президент «ЕХРО» құрылысына барынша отандық кәсіпкерлердің тартылуын және құрылыс барысында өз елімізде шығарылатын өнімдерді пайдалануды тағы да тапсырды. Сондай-ақ, Елбасы әлемдік дағдарыстың қаһарын айтып, қаймана қазақты қаймықтыра бермей, тығырықтан шығарар нақты амалдар қарастыру керектігін ескертті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-«Мировой кризис» деп айта бергеннен одан май шықпайды. Ондай кризистер бола береді алдыңғы жақта. Қандай шаралар қолдану керек. Қиын-қыстау заманда қандай жаңашылдық, қандай жағдайларменен шығу керек? Осы қаланы біз ең қиын жағдайда салып тастадық. Өткен ғасырдың соңғы он жылдығында. Бізде түк жоқ еді. Ақша да жоқ, қаражат жоқ, түк те жоқ. Ештеме жоқ.

Ескертулердің бір сыпырасы Үкімет мүшелеріне де қатысты болды. «Еңсені тіктеп, алға қарай сеніммен қадам басу керек». 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Алдыға қарау керек. Елді қорқыта бермей анау-мынау деп. У Правительство есть такой наклон. Страхи наводить. Смотрите идет. Ничего не идет. «Елмен бірге көрген ұлы той» деген қазақтың сөзі бар. Халықтың барлығы көріп отыр. Лаңкестікті де көріп отыр, экономикалық жағдайды да. Барлығы баяғыдай емес бізде. Бұдан өтеміз. 

Әлемдегі қазіргі экономикалық жағдай «жуанның жіңішкеріп, жіңішкені үзілер» шағы. «Бәсекеге қабілетсіз кәсіпорындардың өз жұмысын тоқтататын уақыты да осы кезең», – деді Елбасы. Үкіметтің шапағаты тек тегеуріні мығым кәсіпорындарға тимек. Ал қалғандары өз өздеріне банкроттық жариялайды.  

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-«Банкротство» деп айтқан кезде ойбай салып барлығы қорқады. Дүние жүзінде күн сайын миллион компания банкрот болады. Миллион компания қайтадан құрылып жатады. Оны ешкім сезбейді де. Бізде жабу керек. Елді таратып жіберу керек. Никто так не делает.  

Президент мемлекеттік-жекеменшік серіктестікке де үлкен көңіл бөлу керектігін атап өтті. Бұл үшін қажетті заң жобаларының барлығы қабылданған. Жиында сөз болған тағы бір мәселе жекешелендіру төңірегінде болды. Еліміздегі 65 ірі компания мен олардың 182 еншілес ұйымдары жекешелендіруге жіберілуі керек. Десе де Үкіметтің оларды қадағалай алатындай мүмкіндігі болуы шарт. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Правительство должно иметь возможность контролировать то имушества, которое есть в Казахстане. А все это делается для того, чтобы привлечь новое руководство, новые деньги, новые технологий и инноваций. С начало запуска этой акций в конкурентную среду передано лишь 2013 объектов. Это сколько от запланированного? Кто знает? Минфин? – это примерно 28 процентов. –Вот. Правительство работает на 28 процентов.

Сондай-ақ Президент Үкімет мүшелеріне мүлікті заңдастырудың екінші толқынын жүзеге асыруға нұсқау берді. Президент осы уақытқа дейін шет елдік шоттарда қаражаттарын жасырып келгендерге енді аяушылықтың болмайтындығын ескертті. «Мүмкіндік барда бұл қаржыларды елге әкеп заңдастыру керек»,– деді Мемлекет басшысы. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Я предупреждал и еще раз хочу сказать. После этой легализаций мы начнем искать деньги запрятонные от налогов по всему миру. Наверно все вы видели, Генеральный прокурор везде со мной ездил и подписал договор о правовой помощи с самыми крупными странами. Начиная США. ОСЭР объявил что он расскроет все счета. Никаких авшоров не будет. Мы предлагаем принести деньги и жить спокойно и спать спокойно. Не дергаться когда звонок в дверь. 

Жиында азық-түлік бағасы да айрықша айтылды. «Базарлардағы баға халқымызға қолжетімді болуы тиіс. Қажет болса мұны базарға барып өзім қадағалаймын»,– деді Президент. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Егер де мемлекет тамағын сырттан алып келетін болса, ол тәуелсіз мемлекет емес. Өзінің отыны мен өзінің тамағы бар ел – нағыз тәуелсіз ел. Сен маған айттың ғой, 80 процент мы обеспечиваем деп? 80 процент на прилавке должно быть. Нет оснований поднимать цены. 

Сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ ішіндегі тауар айналымы өз елімізге зиянын тигізбеуі керек. Мемлекет мүддесі қашан да басты назарда болады. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-У нас единое экономическое пространство. Кстати, оно не должно приносить ущерб. В этих условиях даже Европейский союз говорят о закрытие своих границ. То есть интересы государства, экономика каждой страны важнее всего. Надо иметь это ввиду.

Әлеуметтік аз қамтылған тұрғындарға арналған бағдарламалар, оның ішінде, атаулы көмек те жалғаса береді. Сонымен, қатар, дөңгелек үстел барысында баспананы жалға алу жайы да айтылды. Мемлекет басшысы: «Бұл бағдарламаның аясы әлі де кеңейтілуі керек. Себебі ол халыққа тиімді»,– деді. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Арендное жилье. Мы специально с вами ждали и это приняли. Очень важное применяемая в мире система. Развитое арендное жилье по стране позволит передвигаться человеку по стране, уезжать, передвигаться по стране где работа есть. Получить в аренду квартиру и жить.

Енді зейнет жасына жеткендер жастарға жұмыс орынын босатып беруге мәжбүр болады. Президент Парламент жасақтаған бұл заң жобасына вето қойып, қайта қарауға жіберді. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Необходимо определить четкую позицию по выходу госслужащих на пенсию по достижению пенсионного возраста. Хватит. 25 лет держали и тащили. Надо уходить. Есть конкретный срок у каждого. В советское время за 2-3 года если отпустит то обрадовался и уходил. Қазір ешкім кеткісі келмейді.

Президент Үкімет мүшелеріне елімізде жүргізіліп жатқан кез келген реформаны халыққа кеңінен түсіндіру қажеттігін айтты. «Мәселен зейнеткерлікке шығу жасын ұлғайту бастамасы әу баста түсінбеушілік туғызғанымен оның астары енді ғана халыққа түсінікті болып отыр», – деді Елбасы. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Думаете так просто поднимать пенсионный возраст? Для простого человека это больно. Но если ему сказать что твой дети не смогут получать пенсий через 15 лет. Этого он не понимает. Но это надо разьяснить. Что длительность жизни растет. На глазах за 10 лет. От 64-72 лет. Пожелое население будет расти как во всем мире. Если бы мы не увеличили пенсионный возраст, мы придем к тому, что не будет денег на пенсию. 

Сайып келгенде министрлер кабинеті, ұлттық компания басшылары мен жалпыға қойылған ортақ міндет 5 институционалдық реформа мен «100 нақты қадам» – Ұлт жоспары бағдарламасын толық қанды жүзеге асыру тапсырылды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Где бы я не был, везде об этом в мире знают. Поддерживают и ждут. Что мы конкретно будем делать. Или все это останется на бумаге. Дело чести для нас сейчас. Сделать во время все. Болып жатқан жағдай жаңартуға жол ашады деп санау керек. Жаңа экономикаға жаңа бастамаларға, жаңа инвестицияларға. Оны қалай табу біздің мамандығымызға байланысты. Білгірлігімізге байланысты. Осы күнде Үкімет мүшелерінің барлығы білімді. Тілдерді біледі, оқып келген. Дүниенің барлығын көрген. Барлығын қағазға, интернетке қарап түсіне алады. Жолды да табу керек. Тауып жатқан елдер де бар, солардың жолымен жүруге болады.

«Қиын-қыстау кезеңнен елді аман алып шығуға толық мүмкіндік бар. Тек бар ресурстарды жүйелі қолдана білу шарт», – деді Президент. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Барлық айтатын мәселе бізде жақсы кездерде халықтың жағдайы жақсы болып келді. Қазіргі кезде Құдайға шүкір жаман емес. Алып бара жатқан ештеме жоқ. Ел аман. Жұрт тыныш. Өз шаруаларын жасап жатыр. Дастарханында тамағы бар. Бас басында үйі бар. Астында машинасы бар. Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өттік қой. Айтыңдаршы, қазақтар осы 550 жылда осылай жақсы өмір сүрді ме? 

Талғат Уәли, тілші

-Жиын соңында Елбасы бес институционалық реформаға қажетті заң жобаларын уақытылы қабылдағаны үшін Парламент депутаттарына алғысын білдірді. Ал Үкімет мүшелері мен ұлттық компания басшыларына жыл соңына дейін ел бюджетін үнемдеудің өзге де амалдарын қарастыруды және қажет болса оңтайландыру шараларын одан әрі жалғастыруды тапсырды.

Авторлары: Талғат Уәли, Жұмағали Біргебаев

2. Елбасы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевті қабылдады

«Саусақ бірікпей, ине ілікпейді». Дәл осы аталы сөз қазір еліміздің ақша-несие, кәсіби тілмен айтқанда – монетарлық саясатын жүргізу кезінде көп қолданылып жүр.

Өйткені теңге теңгерімін қалыпқа келтіру үшін жұрттың жұмылғаны маңызды болып тұр. Сіз бен біз басы артық ақшамызды төл валютамызда ұстасақ құба-құп. Апта басында Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық Банктің басшысын қабылдады. Данияр Ақышевтың жұмыс жоспарын тыңдады. Бірқатар тапсырма жүктеді. Негізгізі – теңгенің бәсін арттыру.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Казахстанцам надо возвратить доверие к нашему тенге. С долларизацией экономики надо бороться. Нехватает ликвидности для экономики. И в условиях плавающего курса национальной валюты, людям надо объяснить, что ничего экстраординарного не происходит. Происходит нормальное влияние снижение цен на энергоносители: нефть, газ и металлы, наши экспортные позиции на тенге. За инфляцией надо следить. То есть здесь акимы областей и все, должны контроллировать и смотреть. То есть больше производить продовольствия в Казахстане, у нас есть возможность. Больше их продавать непосредственно на рынке. Тогда мы будем нормально защищать своих людей.

Ұлттық валюта еркін айналымға түскелі бері белгілі бір мөлшерде тұрғындардың сенімін жоғалтқаны рас. Долларға деген сұраныс артты. Бұл теңгенің жанды жеріне тиді. Бірақ, Ұлттық банк жағдайды түзеуге талпынуда. Данияр Ақышев журналистермен болған брифингте: «доллар үстем» деген түсініктің тоңын бұза аламыз», - деді. Жоспар түзілген көрінеді. Әуелі, төл ақшамызға қайтадан сұраныс артуы үшін ынталандыру тетіктері көбейеді. Сату-сатып алу рәсімдерін, тауар, қызмет көрсету бағаларын тек өз валютамызбен белгілеу жолға қойылады. Ал, салымдарды теңгемен сақтау анағұрлым тиімді етілмек. Бұл бас қаржы құрылымы қолға алмақ шаралардың бір парасы ғана. 

Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы 

-Экономиканы долларсыздандыруға байланысты алдымызда үлкен міндеттер тұр. Әрине, бұл оңай шаруа емес. Бірақ, біздің нақты жоспарымыз бар. Дедолларизация жұмыстары халыққа салмақ салмайды. Теңгеге деген сенімді экономикалық ынтыландыру тетіктері арқылы жүзеге асыратын боламыз.

3. Мәжіліс бюджет жобасын мақұлдады

Ұлттық валюта бағамының құбылуы – қазынаның кіріс-шығысын да қайта қарауға мәжбүр етті. Қысқа мерзімнің ішінде Үкімет 2016-2018 жылдарға арналған бюджет параметрлерін нақтылады. Бұл жолы Министрлер кабинеті 1 доллардың бағамын 300 теңге көлемінде есепке алған. 

Ерболат Досаев, ҚР Ұлттық экономика министрі

-Бір АҚШ долларына есеп айырысу бағамының 250 теңгеден 300 теңгеге дейін өзгеруін, Мұнай бағасын 2016-2017 жылдары бір барреліне 40 доллардан және 2018-2020 жылдары бір барреліне 50 АҚШ доллары деңгейінде сақталатын әлемдік тауар нарығындағы үрдістерді ескере отырып нақтыланды.

Теңге бағамы әлі де тұрақтаған жоқ. Осыған байланысты Үкімет жанынан арнайы қор құрылады. Онда 400 млрд теңге сақталады. Бұл қаражат валюта құны құбылған жағдайда артық шығындарды жабуға жұмсалмақ. Жалпы бюджет жобасын нақтылау барысында кейбір шығындар қайта қаралып, мемлекет есебінен жүзеге асырылуы жоспарланған жобалардың саны қысқарды. Оңтайландыру шаралары шамамен 1,5 трлн теңгені үнемдеуге мүмкіндік беріп отыр. Бірақ әлеуметтік төлемдердің көлемі бір тиынға да азайған жоқ. Керісінше, 2016 жылға арналған әлеуметтік шығындар 416 млрд теңгеге ұлғайған. Алдағы үш жылда салаға 6,5 трлн теңге бөлу қарастырылып отыр. 

Ендігі жылдың қаңтарынан бастап азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеудің жаңа үлгісі қолданысқа енгізіледі. Бұл мақсаттарға қосымша 305 млрд-тан астам теңге қарастырылған. Күш құрылымдары мамандарының зейнетақы жүйесін реформалау үшін тағы 12,7 млрд теңге бөлінеді. Сондай-ақ студенттердің, мүгедектердің және асыраушысынан айырылған азаматтардың жәрдемақыларын 25 пайызға арттыру көзделіп отыр. Бұл төлемдерге қосымша 65 млрд теңге бағытталады.  

Омархан Өксікбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

-Ол жерде бірде-бір шегерім жоқ. Керекті зейнеткерлердің де, әлеуметтік шығыстардың да, жалақылардың да барлығы толыққан бюджетке салынған. Бұл жерде олар өздерінің қаражатын алатындығына 100 пайыздық кепілдік беруге болады.

Құжатта биылға арналған инфляция дәлізі 6-8 пайыздан 8-10 пайызға дейін кеңейтілген. Болжам бойынша 2016-2017 жылдары бұл көрсеткіш 6-8 пайыз көлемінде, 2018 жылы 5-7, ал 2020 жылға қарай 3-4 пайыз деңгейінде тұрақтайды. 

Бюджет жобасына енгізілген бұл өзгерістерді Мәжіліс мақұлдады. Келесі аптада құжат Сенаттың жалпы отырысында қаралады деп күтілуде. 

4. Мемлекет басшысы «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметовті қабылдады

Қиын реформалар кезі. Алған бағыттың айқындығын халыққа «нұротандықтар» айтуы тиіс.

Апта ішінде Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев партия төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметовті қабылдады. 

Елдің күн тәртібінде тұрған мәселе көп, демек «Нұр Отанға да» артылар жүк ауыр. Осы орайда Елбасы бес институционалдық реформаны жүзеге асыруға керек 80-ге жуық заң қабылданғанын және келесі жылы «100 нақты қадам – Ұлт жоспарын» орындауға кірісетінімізді айтты. Бұл тұста партия үлкен жұмыстармен айналысатын болады. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-«Нұр Отанның» істейтін шаруасы өте көп. Жалпы жағдай қиын дүниеде. Біздің төңірегімізде де оңай емес. Дегенмен осындай жағдайда елге барлығын түсіндіріп жасауымыз керек. Қиын кезде реформалар жасау керек. Қиын реформалар. Кейбіреу түсінеді, кейбіреу түсінбейді. Түсіндірер болсақ, барлығы түптеп келгенде халықтың қамы. Болашақта жаман болмасын деп қазір қиындау болса да, кейін жақсы болсын деп біраз реформалар жасаймыз. Ол реформалар баяғы 90-жылдың басында жасағаннан кем болмайды. Қиыншылығы жағынан да, барлығы жағынан да. Бірақ арт жағы жақсы болады деп елге осыны түсіндіру жағдайын мен «Нұр Отан» партиясына тапсырамын.

5. Елбасы халықаралық «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесінің дайындық мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Кестеге сәйкес. «Экспо» құрылысына қатысты осыны айтуға болады. Отандық мердігерлерді тарттық. Қомақты қаржы бөлдік.

Енді сол қаржының тиімді, орынды жұмсалуы бақылауға алынды. Құрылысқа қажеттінің бәрі мүмкіндігінше жергілікті өнім болуы тиіс. Бұл бір. 

Екіншіден, көрмені өткізуге жер қойнауын пайдаланушылардың барлығын тарту керек.

Апта ішінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «ЭКСПО-2017» көрмесінің дайындық мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Ақордаға жиылған Үкімет мүшелері мен ұлттық компания басшылары Елбасына «ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындықтың жай-жапсарын баяндап, бірқатар тапсырмалар алып қайтты. Президент Нұрсұлтан Назарбаев алдымен халықаралық шараның маңызын тағы бір мәрте еске салды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-2017 жылы өтетін көрмені жеңіп алғанымыз дұрыс екендігін әлі күнге дейін айтуға болады. Біз үшін ол бір жағынан үлкен ұлттық жобамыз. Екінші жағынан экономикамыздың өсуіне, жаңа технологияға мүмкіндік береді деп санаймыз. Өткізу үшін 1,5 жыл қалды ма? Ол көп емес. Барлық құрылыс жұмыстарын келер жылдың күзіне қарай бітіруіміз керек. Қиын-қыстау экономиканың жағдайына қарамай қажетті қаржыны «ЭКСПО-ға» беріп отырмыз.

Президент алдында құрылыстың қарқыны мен атқарылып жатқан шаралар жөніндегі негізгі баяндаманы Ахметжан Есімов жасады. Жаңа басшы қызметіне келе сала ең алдымен компанияда оңтайландыру жұмыстарын жүргізіп, бюджеттің бірталай қаражатын үнемдеп қалғанын айтты.

Ахметжан Есімов, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы

-Компанияның құрылымын оңтайландыру жұмыстарының арқасында ол мобильді, әрі ықшам болып өзгерді. Департаменттердің жұмыстары нақтыланып, басқарма төрағасының орынбасарлары мен басқарушы директорлар саны едәуір қысқарды. Бұл шаралар 150 млн теңге көлеміндегі қаражатты үнемдеуге мүмкіндік берді.

Одан кейін «АСТАНА-ЭКСПО» компаниясының басшысы құрылыс алаңындағы қазіргі жағдайды баяндады.

Ахметжан Есімов, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы

-Бүгінгі күнге дейін көрме нысандарының іргетасы құйылып болды. Жыл соңына дейін металл-құрылғыларының құрастыруын аяқтаймыз. Ол ұлттық және тақырыптық павильондар. Жалпы құрылыс жұмыстары жоспарға сай жүріп келеді. Онда 8 мың адам, 450 бірлік техника жұмыс істеп жатыр. 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ахметжан Есімовке «ЭКСПО» құрылысына отандық компанияларды мейлінше көптеп тартып, өз елімізде шығарылатын өнімдерді пайдалану жөнінде айрықша пәрмен берді. Бұл бір жағынан Қазақстан экономикасын көтеруге сеп болса, тағы бір маңызды тұсы жұмсалатын қаржы ел ішінде қалады.  

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Надо посмотреть и минимизировать импорт и все покупать в Казахстане. Ничего страшного. Пересмотрите все. Все что можно было. Деревянные изделие, мебельное изделие и все другие. Сократить импорт. Расход валюты. Не будем давать никаких денег. За тенге будем покупать. Везде посмотрите. Пусть они стройтели не хотят? Других привлекем. Которые придут в Казахстан. Я же хорошо знаю всех наших подрядчиков. Красавцы все они такие сидят. Столько работают в Казахстане. Им лишь бы там закупить. У них своя компания там есть. И немножка там поднять цену. Все вот поручаю вам. 

Осыған дейін құрылысқа бөлінген қаржыны игеруде түрлі шикіліктің болғаны белгілі. «Бюджет қаражатын қолды етті» деп айыпталған басшылар қазір істі болып жатыр. Осыны ескерген Президент біраз кадрлық ауыс-түйістер жасаған болатын. Енді оның алғашқы нәтижелері де көріне бастады. Құрылысқа қарастырылған қаражаттың 78 миллиард теңгесі үнемделіпті. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-В целом ход строительства идет нормально? График выполняется? Сумма оптимизации?

Ахметжан Есімов, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы

-Сіз қолдаған екі ұсыныс бойынша 55 млрд болған еді. Ал мен атап өткен мәселелер шешімін тапса, бұл қаражат 78 млрд-қа жетеді деп ойлаймын. 

Жиын барысында «ЭКСПО» қалашығының басты нысаны болатын шар тәрізді ғимараттың атауын қою жөнінде де біраз пікірталас болды.  

Ахметжан Есімов, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы

-Өзі ерекше болайын деп тұр! Биіктігі 100 метр. Диаметрі 80 метр. Мұра болып қалып жатады. Осы бағытта сіздің тапсырмаңызды ары-бері ойластырып, ұсыныс жасайық деп отырмыз. Нұрлы әлем, Әлем нұры деп атасақ.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Вот, два названия я предлагаю. Біріншісі – «Әлем шар». Сенің айтып отырғаның «Нұр әлем». Я думаю не принципиально, обзавем как-нибудь. «Әлем шар» десек дұрыс болады. Әлем деген дүние, жерге бәрін кіргізіп отырмыз. Тут энергия конечно не присутсвует. Вы предложили «Нұр әлем», я предложил «Әлем шар». Давайте выберим что нибудь.

Жалпыға қойылған тағы бір ортақ міндет – көрмені абыроймен өткізу арқылы мемлекеттің беделін арттыру. Шараға 2 млн-нан астам адам келеді деп жоспарланып отыр. Оның 85 пайызы – қазақстандықтар, қалғандары – шетелдіктер. Бүгінде жүзден астам елдің 53-і және 11 халықаралық ұйым көрмеге қатысатынындарын ресми түрде растапты. 

Ерлан Ыдырысов, ҚР Сыртқы істер министрі

-СІМ өзге елдерден көрмеге қатысу жөніндегі ресми жауап алу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Онымен арнайы комиссарлар айналысуда. Бұл шараларға үлкен назар аударылуда. Сіздің тапсырмаңыз бойынша комиссарлар әлемнің 40-тан астам елдерін аралады. 

«ЭКСПО-2017» көрмесінің мән-мағынасы мен маңызын Мемлекет басшысы ел ішінде ғана емес, жер жаһанға ауызынан тастамай айтып жүр. Сондықтан әлемдік аренадағы ел беделі үшін бұл шараны абыроймен атқару шарт. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Везде я об этом говарью, в плоть до выступления в ООН, во всех государствах. Если вы заметили, начиная с сентября месяца я побывал во всех основных странах мира, встретился со всеми основными лидерами мира. КНР, Россия, Приезд Президента Японии, Лондон, Париж, везде во встречах с капитанами бизнеса и в Нью-Йорке я говорил об «ЭКСПО». И все с большим вниманием и большим интересом слушали это. И сказали о готовности и этим надо воспользоваться.

Сондай-ақ әлемдік деңгейдегі іс-шараның өтуі барысында қауіпсіздік мәселесіне де аса ден қойылмақ. Көрмеге келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету күштік құрылымдарға қатаң тапсырылды. «Себебі әлемдегі лаңкестік әрекеттер бізді бейжай қалдырмау керек», – деді Елбасы. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Необходимо все примитивные меры принять для не допущение каких нибудь эксцесов и угроз во время массовых мероприятий на выстовке. Это надо отрабатывать с сегодняшнего дня. Во всех наших мероприятиях массовые скопление народа в спортивных, народных мероприятий заранее. Наши спецслужбы, правоохранительные органы должны обеспечить безопасность и полный правопорядок. Поручаю совбез постаянно держат этот вопрос на контроле. МВД, КНБ,СЫРБАР надо продолжить слаженную работу во всем месте. 

Нұрсұлтан Назарбаев: «Жаһанды жайлаған дағдарыстың салдарынан өзге елдерде жаппай қысқартулар жүріп жатқанда, біздің елде жаңа жұмыс орындарының ашылуы экономикамыздың тұрақтылығын көрсетеді», – деді. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Әлемдік дағдарыс бізге де өз әсерін тигізуде. Дегенмен Қазақстан халықаралық көрмені абыроймен өткізуге дайындық жасауда. Жаңа нысандарды пайдалануға беріп, жұмыс орындарын ашудамыз. Өзгелер бар нысанын жауып, жұмысшыларын қысқартуда. Осыдан біздің экономикалық мүмкіндігіміз, қуатымыз туралы білуге болады. Ендеше алға қойған жоспарды бірлесе атқаруға жұмыла күш салайық.  

Президенттің айтуынша, бұл көрме Қазақстанның атағын төрткүл дүниеге танытуға тікелей себепші болмақ. Дүниежүзі қазақ елінің салт-дәстүрін, тарихы мен мәдениетін танымақ.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Дүниенің бәріне паш еттік, дегенмен кейде тыңдап отырсаң білмейді әлі көпшілігі дүниені. Мына жағдайда Қазақстанды көрсетіп қалуға, мүмкіншілігін көрсетуге, мәдениетін көрсетуге, тарихын, дәстүрін көрсетуге үлкен жағдай жасалып отыр. Соны қолдануымыз керек.

Жиын соңында Мемлекет басшысы «ЭКСПО» нысандарының құрылысы жоспарға сәйкес уақытта аяқталуы керектігін тапсырды. «Себебі көрменің өтуіне бір жарым жылдай ғана уақыт қалды. Ендігі негізгі міндет осы», – деді Президент.

Авторлары: Зайнұр Байжігіт, Талғат Уәли, Руслан Жакеев

6. Мемлекет басшысы Француз Республикасының Қазақстандағы елшілігіне барды

Қаралы халықтың қайғысына ортақпыз! Осы аптада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі Франция елшілігіне барып, көңіл айту кітабына жазбасын қалдырды.

Жазықсыз жандардың нақақ қаны төгілген терактілерді айыптап, суыт хабарды зор күйзеліспен қабылдағанын білдірді. Өзінің және қазақ елінің атынан барша Франция халқына көңіл айтты. Зұлымдыққа қарсы әлем жұртын жұмылуға шақырды. 

«Терроризм – ұлтқа немесе дінге бөлінбейді» дей келе, Мемлекет басшысы БҰҰ-ның жуырда өткен сессиясында «Ислам терроризмге қарсы» форумын ұйымдастыруды, сонымен қатар бұл жауыздықпен күресудің бүкіләлемдік желісін құруды ұсынғанын айтты. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Қазақстан мен Францияның арасындағы достық қарым-қатынасты ескере отырып, жақында менің сапарым барысында бізге көрсеткен құрметті, екі елдің арасындағы қарым-қатынастың жоғары деңгейде екенін ескеріп мен Қазақстан халқының атынан өзімнің көңілімді білдіріп әдейі хаттама жаздым. Францияның Президентіне өзімнің көңілімді білдірдім. Осындай қиын жағдайда қаралы күндерде біз Франция халқымен бірге екенімізді білдіреміз. Француз халқы дүниедегі мәдениеттің, адамзаттың ошағы болып саналады. Сондықтан бұл елге тиген ауыр ахуал бәріміздің де жанымызға батады. 

Франсис Этьен, Францияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі

-Біз үшін осынау ауыр күндерде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қайғымызға ортақтасып, арнайы көңіл айтуы – үлкен демеу. «Досты басыңа іс түскенде білесің» дейді. Мен қос елдің ынтымақтастығы одан әрі беки түсетіндігіне сенімдімін. Айта кетерлігі, Парижде болған оқиға кезінде қаза тапқан адамдардың арасында Қазақстан азаматтары жоқ.

Еуроодақ билігі бұл оқиғалар қайталануы мүмкін деп алаңдаулы. Сондықтан тұтастай кәрі құрлықта қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Адамдар көп шоғырланған аудандар бақылауға алынды. Арнайы органдар шапшаң түрде «Стад де Франц» стадионының маңында жарылыс ұйымдастырған үш жанкештінің аты-жөнін анықтады. Олар: 20 жастағы Биляль Хадфи, 31-дегі Абдеслам мен 29 жастағы Омар Исмаил Мұстафа. Сәл кейін халықаралық іздеу салынған Салах Абдеслам есімді лаңкес қолға түсті. 

Қазір терактілерге қатысы болуы мүмкін деген өзге де күдіктілер іздестіріліп жатыр. Ал, Ресми Париж жарылыстарды ұйымдастырған «Ирак және Левант» лаңкестік ұйымына қарсы соғыс жариялады. Террористік топ мүшелері ең көп шоғырланған Сирияның Ракка қаласын әуеден соққылай бастады. Шабуыл кезінде содырлар орныққан аудандарға 20 бомба тасталған. 

Президент Франсуа Олланд: «Бұл – зұлымдықпен күрестің басы ғана» – деді. Енді Елисей сарайы әлем елдерін лаңкестікке қарсы коалиция құруға шақырып отыр. 

Жалпы Париж оқиғасы ешбір мемлекетті бей-жай қалдырмады. Алысқа бармай-ақ қоялық. Көрші жатқан қырғыз бен өзбек, тәжік пен түрікмен мемлекеті ел іргесін бекемдеуге көшті. Әуе һәм темір жол бекеттері мен ірі сауда орындарындағы бақылауды еселеді. 

Қазақстан да қалыс қалған жоқ. Шекара шегенделіп, сақтық шаралары күшейтілді. Ұлттық қауіпсіздік комитеті қазір өзге күштік құрылымдармен тығыз байланыста жұмыс істеуде. 

7. Елбасы Қазақстанға ресми сапармен келген Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті Мохаммад Ғанимен кездесті

Аймақтық қауіпсіздік жайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кеше Ауғанстан Президенті Мохаммад Ғанимен пікір алысты. Бұл оның елімізге жасаған тұңғыш ресми сапары. Қауіпсіздіктен бөлек, өзара қарым-қатынастың көкжиегін кеңейтудің нақты жолдары айқындалды.

Ауғанстанға 600 мың тоннадан астам бидай жөнелтетін болдық. Жол салуға қолғабыс етіп, құрылыс материалдарымен, локомотивпен және вагондармен көмек көрсетуге уағдаластық. Тағы қандай келісімдер бекітілді?

Қазақ елі мен Ауғанстан арасындағы ынтымақтастық. 

Серіктестікті нығайтуға, еліне инвестиция тартуға келген Ашраф Ғани! Бұл – Ауғанстан президентінің Қазақстанға алғашқы ресми сапары. Ел билігін бір жыл бұрын өз қолына алған 65 жастағы басшы төңіректегі әріптестерін түгендеп жүр. Оның ішінде қазақ елімен жан-жақты қатынасты тереңдетуге мүдделі. 

Ұлы Дала елі де Ауғанстанмен байланысты нығайтуға ниетті. Экономикалық һәм гуманитарлық қатынасты ширату екі мемлекетке де пайдалы. 

Алайда ауғанның ахуалы әлі күнге дейін тұтас өңірге ықпал етіп отыр. Жуырда ғана болған дүрбелеңдерге қарамастан Мохаммад Ғани Қазақстанға келіп-кетуге уақыт тапты. Демек осы кездесудің әуелі ресми Кабул үшін маңызы зор. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Казахстану очень нужен стабильный, процветающий Афганистан, с которым мы хотели наладить самые добрые, близкие отношения. Мы с глубоким понимание относимся к тем трудностям, рискам в условиях которых вы живете. В последние годы намечется стабилизация. Мы этому радуемся. 

Тұрақтылық тасы өрге қарай домалады. Ендігі кезек – экономикалық қатынастарға серпін беру. Ағымдағы жылдың 8 айында алыс-беріс 200 млн доллардан асты. Тараптар сауда-саттықты тереңдетуді көздеп отыр. Астықты қазақ елі бидайын тасымалдайды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Қазақстан Ауғанстанға 600 мың тоннадан артық бидай таситын болады. Біз бүгін жол салуға, құрылыс материалдарын беруге келістік. Темір жол локомотив вагондарыменен көмектесу мәселесіне келістік. Ауғанстан жерінде геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу керек, жер қойнауындағы байлықтың барлығы Қазақстанмен бірдей. Бізде ондай мамандар бар. Ол жөнінде сөйлестік.

Геология ауған халқы үшін жаңа сала. Ел ішіндегі байлықтың кенішін игеруге 30 жылдан асқан азаматтық соғыс жол бермей отыр. Тәліптермен арпалысып жүрген ауғанға қазақ елі қол ұшын созды. Айтпақшы, өңірдегі терроризмнің ең ірі ошағына айналған Ауғанстандағы лаңкестермен күрес те күшейеді. 

Мохаммад Ашраф Ғани, Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті

-Терроризм – баршаға ортақ қауіп. Ол ұлт, шекара таңдамайды. Бұл зұлматпен бірігіп күресуіміз қажет. Келіссөздер барысында сол лаңкестікке қарсы тұрудың жолдарын талқыладық. 

Терроризмді құрықтау өз алдына, есірткі трафиктерінің қатері де осы елден төніп тұр. Бұл зұлыммен де Қазақстан күресті күшейткенін айтты Нұрсұлтан Назарбаев. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Біздің Орталық Азия елдеріне қандай қаупі бар? Бірлесіп не істеуіміз керек? Құқық қорғау органдары, арнаулы органдар бірлесіп қандай жұмыс істеу керек терроризмге қарсы? Осының барлығын біз түбегейлі сөйлестік. Ауғанстан ішінде азаматтық соғысы бар, күресіп жатқан ел. Сондықтан қару-жарақ жағынан сіздерге көмек керек. Оны да біз қарастыратын боламыз. 

Қазақстан тарапынан ауған еліне көрсетілген жан-жақты қолдау қомақты. Құны 20 млн долларды құрайтын 21 мың тонна азық-түлік жеткізілді. Ауғанстанның 1 мың азаматына білім беруге 50 млн доллар бөлді. Бұл бағдарламаның алғашқы түлектері елінде қызмет етіп жүр. Бұның сыртында қазақ елінің мектеп, көпірлер салып бергені тағы бар. Елбасының айтуынша, еліміз мұндай гуманитарлық көмек көрсетуі келешекте де тоқтамайды. 

Мохаммад Ашраф Ғани, Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті

-Қазақстанның ауған халқына көрсеткен қолдауы үшін шын жүректен алғыс айтамын. Әрбір ауған азаматы осынау көмектің қазақ елінен келгенін жіті біледі. Сол үшін шексіз риза. Біз бұл ынтымақтастықты нығайтуға дайынбыз. Әсіресе, Қазақстан бизнесі елімізге инвестиция салса деген ниеттеміз.

Ауғанстанға қарыштап даму үшін инвестиция жеткіліксіз. Шетелдік капиталдың ағылмауы – елдегі тұрақсыздық салдарынан. Аз-мәз инвесторлардың қатарында Қазақстан да бар. 

Екі ел лидерлері бұл сапар екіжақты ынтымақтастықты тереңдете түсеріне шүбә келтірмеді. Сөз соңында Мохаммад Ғани Алматыда трамвайды тоқтатқан ауған жігітінің ерлігін айтып, бір марқайды. 

Авторлары: Мұхтар Ыбырайым, Айдос Меделбеков

8. «Самұрық-Қазынада» трансформациялау жүріп жатыр

Қысқарту емес, қайта құру. Жоғалту емес, жаңарту. Трансформациялау бағдарламасының көздегені осы.

Қазақстандағы экономикалық тұрақтылыққа сеп болып отырған «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры басқарудың белсенді инвестор үлгісіне көшті. Соған сәйкес қолда бар активтерді оңтайландырып, еліміздегі жаңа әрі тұрақты өндірістерді дамыту жоспарланған. Бұл туралы Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев мәлім еткен болатын.  

Трансформация аясында «Самұрық-Қазына» мобильді және тиімді индустриялды-қаржылық холдингке айналады. Мұнай, уран және инфрақұрылым салаларындағы, сондай-ақ өзге де дамушы компаниялардың коммерциялық активтерін басқарады. Олардың коммерциялық портфельдерінен EVA (Ивь), яғни экономикалық қосымша құн алып отырады. Қазір отандық кәсіпорындарды 2020 жылға дейін осындай табыс төлемін өтей алатындай деңгейге көтеру жоспарда. Әзірше EVA нәтижесіне тек «Эйр Астана» қол жеткізген.

Биыл «Самұрық-Қазына» компаниялар тобы шығындарын 519 млрд теңгеге қысқартқан. Бұл бізге қандай пайда әкелді? Ең әуелі қаржылық көрсеткіштерді айтарлықтай жақсартты. Шығынды азайтып, қордың табысын көбейтуге септігін тигізді. Мәселен, ағымдағы жылы кіріс көлемі 300 млрд теңгеге жетпек. Биыл табыс пен тиімділігіне қарай оңтайландыру басталған. Оған құны 633 миллиард теңге болатын инвестициялық жобалар ілікті. Бірақ бұл қысқартудың Үдемелі индустриялды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы, «Нұрлы Жол», «EXPO-2017» жобаларына еш қатысы жоқ. 

Ал қысқартуға енбеген жоспарларды іске асыру жалғасуда. Нәтижесі жаман емес. 

Биылғы межеде 14 инвестициялық жоба жүзеге асырылады. Нәтижесінде 7 мыңға жуық жұмыс орны ашылады. Алдағы екі жылда 17,6 миллиард долларды құрайтын 26 жоба қолға алынбақ. Сонда 45 мың адам еңбекпен қамтылады. Қайта құрылымдауға ірі компаниялар да қосылады. Мәселен, «Қазақстан Темір Жолына» қарасты кәсіпорындар саны 102-ден 30-ға дейін азайтылады. Ал «ҚазАтомӨнеркәсіпте» 82-ден 38-ге, «Самұрық-Энерго» компаниясында 38-ден 19-ға дейін қысқарады. Бұл шараны тиімділікті арттыру немесе басқарудағы «қателікті түзету» деп білген абзал. Негізгі нәтиже қандай? 2020 жылға қарай 680 миллиард теңге табысқа бағытталады. Жалпы IPO-ны қоса алғанда, 43 ірі активті жекешелендіру көзделген. Бұл қатарда «ҚазМұнайГаз», «Қазақстан ТемірЖолы», «ҚазАтомӨнеркәсіп», «Самұрық-Энерго» компаниялары бар. Жаңадан құрылып жатқан Астана қаржы орталығы алаңында «Тау-Кен Самұрық» компаниясының 25%-тен кем емес үлесін сату көзделіп отыр.

Жалпы, трансформацияның бір артықшылығы нарықтық экономикаға жол ашады. Бұл өз кезегінде бағаның тұрақтануына әсер етеді.

9. Акциздік салық тұтынушыға әсер етпейді

Соңғы уақытқа дейін отынның бұл түрі елімізде арзанға саудаланып, ақырында тұтас мұнай өңдеу саласы тұралаудың аз-ақ алдында қалды. Өйткені, көрші елдер нарығындағы бензиннің қымбат бағасы ескерілмей, іштегі отын солтүстікте-Ресейге, оңтүстікте-Қырғызстан мен Өзбекстанға контрабандалық жолмен жөнелтіліп жатты. Нәтижесінде, мемлекет қазынасы артық табыстан қағылды. Екіншіден, елдегі бензиннің ішкі сұранысын жабу үшін үздіксіз жұмыс істеп келген отандық мұнай өңдеу зауыттары уақытылы жөндеу көрмеді. Үшіншіден, ортақ экономикалық кеңістіктегі Қазақстан одақтас елдердегі бензин бағасына теңеспегенде, ерте ме, кеш пе, отын тапшылығына тап болары анық еді. Міне, нарық заңдылықтарына мемлекеттің араласуы осындай жағымсыз құбылыстарға алып келді. 

Ал бензин бағасын бекітуден бас тарту арқылы Үкімет жоғарыдағы мәселелердің барлығын бір-ақ шешті. 

Арзан бензин игілігін жылдар бойына көріп келген халық, әрине, оның қымбаттағанына қуана қойған жоқ. Керісінше, арзандай ма деген үмітті үкілеп жүр. 

Владимир Школьник, ҚР Энергетика министрі

-Менің айтарым – бензин бағасы арзандамайды. Әзірге оған негіз жоқ. Маған «әлемде мұнай арзан. Қазақстанда бензин неге қымбат», – деген сауалды жиі қояды. Бірақ біз бір мәселені ескермейміз. Мұнай бағасы доллармен белгіленеді. Біз бензинді теңгеге аламыз. Демек доллардың құны өскен жағдайда теңгемен сатылатын бензиннің арзан болмасы анық.  

Дегенмен бензиннің қымбаттамайтыны да белгілі болды. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев Парламент Мәжілісінде мәлемдеді. «Жанармайдан тарығып отырған жағдайымыз жоқ. Тек өзара ымыраласып, бағаны негізсіз көтеріп отырған саудагерлер бар», – деді министр. 

Ерболат Досаев, ҚР Ұлттық экономика министрі

-Бізде бүгінде бензинге деген сұранысқа ұсыныс сай. Ешқандай тапшылық жоқ. Мұны осында отырған энергетика министрінің орынбасары да растай алады. Әлеуметтік желіде жазылған бензин бағасына қатысты ақпараттар шындыққа сай келмейді. Ол тек халықты дүрліктіру үшін жазылған дақпырт әңгіме.

Жалпы «бензин бағасы қымбаттайды» деген әңгіменің жаңаша қарқын алуына апта басында шыққан Үкіметтің қаулысы себеп. Оған сәйкес, қарашаның 25-нен бастап Қазақстанда бензин мен дизель отынына акциздік салық бүгінгі 4,5 - 5 мың теңгеден 11 мың теңгеге дейін өседі. 

Билік өкілдері бұл бюджетке қосымша кіріс әкелетін бастама екенін айтады. Және оның ауыртпашылығын тұтынушы емес, көтерме саудамен айналысатындар көтереді. Сарапшылар болса: «Акциздік салықтың өсуі жанар май бекеттеріндегі бензин бағасына айтарлықтай әсер етпейді», – деп болжайды. 

Еліміздегі бензинді қымбаттатып отырған тағы бір жағдай – оны Ресейден алатынымыз. 2017 жылға дейін Қазақстан солтүстіктегі көршісінен тағы 1 млн тоннаға дейін сұйық отын жеткізуді жоспарлап отыр. Дегенмен, одан кейін бұл мәселенің де өзектілігі жойылады деген жорамал бар. Өйткені сол кезеңде елдегі мұнай өңдеу зауыттарының қуаты артып, Қазақстан бензин импортынан бас тартып, тіптен оның экспортына қол жеткізеді.

10. Жанармайды сыртқа сататын күн де туады

Қазақстанда жылына 14-15 млн тонна мұнай өңдейтін үш зауыт бар. Олар ішкі нарыққа қажет жанар-жағармайдың 70 пайызын қамтамасыз етіп отыр. Қалған отыз пайыз мұқтаждықтың орнын Ресей, Беларусь, Қытай бензинімен толтырудамыз. 2022 жылы біздің ел бұл тәуелділіктен толық құтылмақ. Мақсат орындала ма?

Бүгінгі таңда Қазақстан миллион тонна жанар-жағармайға зәру. Қордағы бос бөшкелерді толтыру үшін елдегі мұнай өңдейтін үш зауытта жаңарту, жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр. 2009 жылы басталған, 2017-де аяқталмақ. 

Владимир Школьник, ҚР Энергетика министрі

-Зауыттар толық жаңартылған соң, бензин тапшылығынан құтыламыз. Тіпті, өз қажеттілігімізден артық өндіреміз. Көршілерімізге экспорттайтын да күн туады. Бізде тасымалдау жағы ыңғайлы. Орта Азиядағы мемлекеттер бензинді Ресейден алады. Енді біз ресейлік әріптестерімізбен бәсекеге түсеміз. Бізді осындай жақсылық күтіп тұр.

Бұл жақсылыққа жету үшін зауыттардың құрылысына қомақты қаржы құйылып жатыр. Мәселен, Атырау мұнай-өңдеу зауыты 3,1 млрд долларға, Шымкенттегі зауыт 1,8 млрд, Павлодардағы мұнай-химия зауыты 700 млн долларға жөнделуде. Жалпы шығын 5 млрд доллардан асады. 

Атырау мұнай өңдеу зауытында 2016 жылы құрылыс жұмыстары толық аяқталмақ. Биыл зауытта хош иісті көмірсутектер өндіретін кешен іске қосылған. Бұл кешеннің жылына 133 мың тонна бензол мен параксилол өндіруге қуаты жетеді. 

Сондай-ақ қара алтын өңдеуді 1945 жылы бастаған зауыт Қазақстан нарығына 200 мың тонна жоғары октанды бензин шығарып үлгерген. Жаңғырту жұмыстары біткен соң, авиациялық керосин өндірісін 10-11 есеге көбейтіп, сұйылтылған газды 20-30 мыңнан 245 тоннаға жеткіземіз деп сенімді отыр. 

Қайрат Оразбаев, Атырау МӨЗ бас директоры

-Ең үлкен алдымызда тұрған мақсат – мұнайды терең өңдеу кешенінің құрылысын келесі жылы бітіру. Бұл құрылысты бітіргеннен кейін өз өнімдерімізді «Еуро-5» стандартына келтіреміз. Автобензиннің көлемін 1 млн 100 мыңнан көбейтіп 1 млн 700 мыңға апарамыз. Жылына «Еуро-5» стандартымен 1 млн 640 мың тонна дизель отынын шығарамыз.

Осыдан отыз жыл бұрын ашылған Шымкенттегі зауыт Құмкөлден шыққан 5,30 млн тонна мұнайды өңдеуге қуатты. АИ-96, 92, 80 маркалы жағармайдан бөлек, мазут, сұйылтылған газ, автокеросин өндіреді. Аппараттары, катализаторлары, сорғы жабдықтары ауыстырылып, жаңа қондырғылар орнатылған соң, қуаты 6 млн тоннаға артып, 89 пайыз жоғары сапалы мұнай өнімдерін жасап, «Еуро-3» стандартына сай бензинді көбейтпек. 

Бауыржан Сыздықов, Шымкент МӨЗ бас операторы

-Біздің аймақта да жаңғырту жұмыстары болды. Шығарып жатқан өнімдеріміздің сапасын арттыру үшін күрделі қондырғылар орнаттық. Қазір жаңа кешен салынып жатыр. Ол аяқталса, К-4, К-5 маркалы бензин өндіреміз.

Павлодар мұнайхимия зауытындағы жаңғырту жұмыстарынан соң ішкі нарық бензин мен дизельді отынға мұқтаждықтан толық құтылмақ. Батыс Сібірдің мұнайын өңдеуге негізделген зауыт енді Қазақстан қара алтынын кәдеге асыруға қызмет етпек. 6 жаңа қондырғы орнатылып, мұнайды тереңдете өңдеуге қол жеткізілмек.

Саятай Әліпбаев, Павлодар МХЗ технология орталығының директоры

-Зауытымыздағы жаңарту жұмыстары біткеннен кейін зауытымыздың қуаттылығы 7 млн-ға артады. Ол деген Қазақстанның ішкі нарығында дефицит жанар майлар болмайды және де халықтың тұрмысын шешуге көп себін тигізеді деп білеміз.

Айтпақшы, Батыс Еуропада жұмыс істеп жатқан қазақстандық тағы бір мұнай өңдеу зауыты бар. «Петромидия» - Румынияның Констанца қаласында орналасқан. Осыдан сегіз жыл бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық мұнай өнімдері батыс нарығында болуы тиіс деп «ҚазМұнайГазға» тапсырма берген. Нәтижесінде, талғамшыл европалықтарды сапалы бензинмен қамтамасыз етіп отырған Петромидия іске қосылған. Бұл зауытта да биыл жаңғырту жұмыстары жүргізілді.

Азамат Жанғұлов, «ҚазМұнайГаз International» компаниясының аға вице-президенті 

-Біз өте күрделі тапсырманы жүзеге асырдық деп ойлаймын. 400 млн-ға жуық қаражат салып, зауытты жаңғырттық және зауыттың көрсеткіштерін жақсарту үшін, инфрақұрылымын жетілдіру үшін арнайы қаржы жұмсадық. Шығын ақталды деп ойлаймын.

Шығынның нәтижесі жаман емес. Бұл зауыттың бензині «Еуро-5» стандартында. Қазақстандық бұл брендті тек Румын автожүргізушілері ғана емес, Молдова, Грузия, Франция, Испания және Болгария жұрты да тұтынады. 

Айтпақшы, бензин тапшылығынан толық құтылу үшін Маңғыстау өңірінде жап-жаңа мұнай өңдеу зауытын салу жоспарланған. Жоба 6 миллиардқа бағаланып, қүұрылыс жұмыстары 5 жылда аяқталады деген үміт бар. Зауытта жылына 10 млн тонна мұнай өңделеді. Ал шикізатты мұнай өндіруші компаниялар ары-бері тасымалға ақша шығындамай, сыртқы нарыққа өндіріс аймағынан бірден сатпақ. 

Владимир Школьник, ҚР Энергетика министрі

-Біз төртінші зауыт саламыз деп отырмыз. Алайда оны жүйелі ойластыруымыз керек. Оны салу үшін ақшаны қайдан аламыз? Қалай қайтарамыз? Артық бензинді кімге, қаншаға сатамыз? Кіммен бәсекелес боламыз? Осының бәрін ойластыруымыз керек. Өте мұқият сараптама жасамасақ болмайды. Оның үстіне нарық тұрақсыз, мұнай бағасы өзгермелі, доллар бағамы, инфляция коэффиценті күнде өзгереді.

Ескіні жамап, жаңартуға ұзақ уақыт кетті. Қомақты қаржы шықты деушілер жоқ емес. «Алайда бәрі де ел игілігі үшін жасалып жатқан шаруа», – дейді жауаптылар. Расында да солай! 

Авторлары: Мақпал Мадиярова, Виктор Сутягин, Лилия Шаймарданова, Салауат Игіліков

11. Әкімдер есебі басталды

Алғашқы болып Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин брифинг өткізді. Брифингте тілшілер Калачидің қалпын, Шаңтөбе кенішіндегі жағдайды сұрады.

Астанаға іргелес жатқан аймақтың болашағы зор. Жалпы жағдайды сөз етсек, жетістік те көп, кемшілік те бар. Әсіресе коммуналдық шаруашылық шатқаяқтап тұрған сыңайлы. Өткен аптада ғана «Бурабай жылусыз қалды» деген ақпаратқа алаңдаған едік.

Тілші

-Бурабайдағы пәтер бизнесі. Қаланың 60 пайызы неге қыста үдере көшеді?

Ахметжан Жұмалиев, «Бурабай тазалық» КК директоры 

-Тұрғындардың 4-5 пәтері бар. Өздері Астанада, Шымкентте, Ресейде жүреді. Үйлерде авария болса, су аға береді.

Тілші

-Аристон елі. Көкшетау тұрғындары  қолдарын қашан ыстық суға салады?

Шамрат Садвакасов, Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары

-Қазақстанда ТЭЦ жоқ 2 қала ғана бар. Соның бірі – біз.

Тілші

-Әкімдер қалай жылынады? Жалпы өзіңіз көп қабатты үйде тұрасыз ғой? 

Төлеген Ташмағамбетов, Бурабай ауданының әкімі

Жоқ, мен жер үйде пәтер жалдап тұрам. Қызметтік үй жоқ.

Тілші

-Жылы ма? 

Төлеген Ташмағамбетов, Бурабай ауданының әкімі

-Жылу жақсы, өзім де тексеруіме мүмкіндік бар. Жалдамалы пәтерім 20 котельныйдың ең соңғы нүктесінде, соны тексеріп отырамын.

Жұмбақтас, Бурабайды Қазақстанның інжу-маржаны десе де жарасады. Жерұйық десек те артық айтқандығымыз емес. Міне, Бурабайдың бас символы – Жұмбақтас. Алайда курорттық аймақтың әкімшілік орталығы Бурубай поселкесінде жұмбақ болып тұрған мәселелер жоқ емес.

Бурабай поселкесі. 5 мыңға жуық тұрғыны бар елді мекенде қыста тіршілік тоқтайды деуге болады. Өйткені тұрғындардың негізгі табыс көзі – туризм. Тағы бір мәселе жылуға қатысты. Бурабай неге жылусыз қалды? Себеп – бірнешеу. 

Бірінші, ауылға жылу таратып тұрған қазандық 57 көп қабатты үйді қамтамасыз етеді. Жылу 25 қыркүйекте берілген. Алайда көп ұзамай қазандықтың бір құрылымы істен шыққан. Жылуға жауапты мекеме басшысы жанұшыра жауап берді, түсірілім тобын көргенде.

Ахметжан Жұмалиев, «Бурабай тазалық» КК директоры 

-Вообще авария, біз өзіміз тоқтаттық. Бізде 90 квт насос, соның полумуфтасына гидроудар болды. 

Қажетті құрал Көкшетауда жоқ. Халық шулады. Петропавлға кісі салды. Бас-аяғы 10 сағат ішіндегі іркілісте тұрғындар тоңып та, телефон шалып та үлгерген тиісті телеарналарға.

Ахметжан Жұмалиев, «Бурабай тазалық» КК директоры 

-Полумуфта жоқ мұнда. Көкшетауда да жоқ. Сондықтан тезірек Петропавлмен звонлдасып, аннан алып, кісі жіберіп, 3-4 сағатта насосты әкелдік. 

Мән-жайды халықтың өзінен сұрадық. Бірі есік ашпады. Бірі:

-жылу бар ма?

-ну тепло есть.

Борис Борисұлын көшеден кездестірдік. Тақырып туған жеріне қатысты екенін білгесін бізге ілесіп жүре берді.

-Жильцов нет. Міне, көршілер, мұнда жабық. Адамдар аз. Бәрі жазда пәтерге беріледі, ал қыста, қазір жабық. 

Қарашаның бетті қарып түсер аязы Бурабай маңын да қысып тұр. Минус 20. Айтпақшы, елді мекеннің қақ ортасында орналасқан жаңа жылу қазандығы неге биыл берілмеді?

Аудан әкіміне келдік. Төлеген Ташмағамбетов Бурабай поселкесіндегі жылу жайын жайып салды.

Төлеген Ташмағамбетов, Бурабай ауданының әкімі

-Ол қазандықты жіберу үшін 7,5 мың тонна мазут керек. Ол мазутпен жұмыс істейді. Оған 230 млн ақша керек. 

Тілші

-Айтпақшы, Бурабай кентіндегі көп қабатты үйлердің 60 пайызы қаңырап бос тұр. Пәтер жабық, иелері сыртта. Демек, қазандықтың қаншама гигакалориялары құр ауаны жылытып тұр деген сөз. Иесіз үйлердің қарызы қанша?

Ахметжан Жұмалиев, «Бурабай тазалық» КК директоры 

-Бізде қазір 16-17 млн қарыз. Есік ашпайды.

Тілші

-Сіздер оларға ешнәрсе жасай алмайсыздар ма?

Ахметжан Жұмалиев, «Бурабай тазалық» КК директоры

-Біз түк істей алмаймыз! Бізге даже олардың адрестерін бермейді. Сотқа оларды бере алмаймыз. Частный собственность сондықтан.

Көкшетау. Облыстың бас қаласы. Қала халқының саны – 140 мың. Шаһардың бас жоспары бар. Сарыарқа атты жаңа мөлтек аудан бой түзеп келе жатыр. Ал бұрын салынған шағын аудандардың жағдайы қиын. Мәселен, облыс әкімінің бас порталына Бірлік ауылының тұрғындары шағым хат жазған. Сол хаттың ізімен Бірлікке бардық.

Алмагүл Мұқашева, Көкшетау қаласының тұрғыны

-Автобустар жаман жүреді. Аралары 20 минут дейді, 30-40 минут турасында. Кішкентай авто, үлкені керек. Микрорайон үлкейіп барады.

Әкімге үшбу хат жолдағандардың бірі – осы Алмагүл. «Көкшетау деген аты болмаса, көшеміз көктем мен күзде балшық, ал қыста көлік келмейді», – дейді қиналып.

Алмагүл Мұқашева, Көкшетау қаласының тұрғыны

-Жолдарымыз өте жаман. Бір-екі ай болды автобус жүргізушілері бармаймыз деді бізге келуге. Акимат айтады, бәрі істелді, отчетта бар деді, соны көріңіз деп хат жаздық Кулагинге. 

Жергілікті билікке тұрғындардың талабын жеткіздік. 

Шамрат Садвакасов, Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары

-Микрорайон Бірлікке 2017 жылға свет тартамыз, жолды істейміз. Бірақ ақша жетпей жатыр. Автобус біздің жаман жеріміз, бірақ, уақытша жүреді. 

Жер үйлерді айтасыз, көп қабатты баспанада тұратындардың да шекесі шылқып тұрған жоқ. Ыстық су жоқ. Халық амалсыз «Аристон» атты мына су жылытқыш құрылғыны 40-50 мың теңгеге сатып алуға мәжбүр. 

Шамрат Садвакасов, Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары

-Қазақстанда ТЭЦ жоқ 2 қала ғана бар. Соның бірі біз. Жылу мәселесі бәрімізде қиындау. 40 пайыз ыстық су бар қалада, басқалары «Аристонмен» жылытып отыр. 4-ші котел салсақ 2018 жылы. Бүкіл қалада ыстық су болады.

Нұрбек Әмиша, тілші

-Көкшетауда кемшілікті де, тіршілікті де көрдік. Әлеуметті саладағы мәселелер біртіндеп еңсеріліп жатқанымен, шешімін күтіп тұрғаны орасан көп. Облыстың әлі келмейтін, Үкіметтегі билік тізгінін ұстағандардың қолдауы қажет шаруа шаш етектен. 

Авторлары: Нұрбек Әмиша, Абдулла Байдолла