Хабар телеарнасы

«Өмір жолы». Режиссер Әзірбайжан Мәмбетов

Әзірбайжан Мәдиұлы Мәмбетов 1932 жылы 2 қыркүйекте қазіргі Ресей Федерациясы, Волгоград облысы, Палласовка ауданы, Савинка селосында дүниеге келген. Қазақстандық және бұрынғы Кеңес театр, кино және опера режиссері, педагог, қоғам қайраткері, КСРО және Қазақстанның халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

Қазақстанның Халық қаһарманы және ең жоғары «Отан орденінің» иегері.

Астана қаласының Құрметті азаматы (2000 жыл).

Мәмбетов өзінің режиссерлік өнер жолын 1957 жылы Қазақтың мемлекеттік академия драма театрында Ш.Хұсайыновтың «Ертіс жағасында» пьесасын қоюмен бастаған.