Хабар телеарнасы

«Қарақатпен шай». Маржан Арапбаева қандай келін? Комплекстері бар ма?

«Иә, солай!» деп ән салып, ел жадында жатталып қалған Маржанның өмірінде қандай өзгерістер бар? Күнделікті өмірде өзін қалай ұстайды? Сахнада тартымды көріну үшін қандай қадамдарға барды? Актерлік шеберлігін пайдаланып киноға түскісі келе ме?
Осы мазмұндас қызықты сұрақтар «Қарақатпен шай» бағдарламасының кезекті шығарылымында әңгімеленеді. «Хабар» арнасынан тамашалаңыздар!