Хабар телеарнасы

«Мерейлі отбасы 2021». Тұрсыновтар әулеті /Қостанай облысы

Тоқтарбай Тұрғанұлы мен Айжан Есенболқызының отасқандарына 60 жылға жуықтады. Кіндіктерінен тараған үш ұл, үш қыздан 11 немере, төрт шөбере сүйіп отыр. Бала тәрбиесіне келгенде бұл әулеттің өзіндік ұстанымы бар. Тумысынан өнерге жақын Тоқтарбай ақсақал домбырасын өмір бойы қолынан тастаған емес. Үлкен сахналарда айтысқа түсіп, өнер көрсеткен. Өткен ғасырдың 60-жылдары Алматыда агрономдыққа оқып жүрген кезінде, атақты Шәмшінің алдында күй тартқаны бар. Ұлттық оркестрдің құрамында болған.