Хабар телеарнасы

Әділқазылар алқасы

Нұрлан Абдуллин (Қазақстан) — танымал эстрада әншісі, тележүргізуші және кәсіпкер. Ол 2007 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын иемденді. Көптеген хит әннің авторы, сонымен бірге Асылбек Еңсепов, Ренат Гайсин, JCS тобы сынды т.б. орындаушылардың тәлімгері саналады.

Гульнур Сатылганова (Қырғызстан) – танымал әнші, Қырғыз Республикасының халық әртісі. Оны «Қырғыз эстрадасының Примадоннасы» немесе «Қырғыз эстрадасының ханшайымы» деп жиі атайды. Ол – көптеген ұлттық және халықаралық конкурстың, мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты.

Ситора Фармонова (Өзбекстан) – актриса, әнші. Өзінің комедиялық фильмдердегі рөлдерінің арқасында танымалдылыққа ие болды. Еуропа режиссерлерінің фильміне түскен алғашқы өзбек әртісі. Сондай-ақ ол – 2016 жылғы Жоғарғы лигада жеңімпаз болған «Азия Микс» КТК командасының қатысушысы.

Аловуддин Абдуллаев (Тәжікстан) – танымал театр және кино әртісі, Тәжікстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері. Сонымен қатар деректі фильмдердің режиссері ретінде де белгілі. Алайда оның танымал болуына сатиралары көп мүмкіндік берді. Мысалы, «Аловуддиннің әзілдерін» бүкіл Тәжікстан біледі.