Хабар телеарнасы

«Шашу» телехикаясы: фоторепортаж

«Шашу» телехикаясы: фоторепортаж

«Шашу» телехикаясын 26 қарашадан бастап «Хабар» арнасынан тамашалаңыздар!

Отбасылық құндылықтар мен қаймағы бұзылмаған қазақы ауыл өмірін насихаттайтын телесериал 32 бөлімнен тұрады.

Басты кейіпкерлер Арман мен Аида шетелде білім алып, сол жақта табысып, отбасын құрған. Ұлдары Алан 3-сыныпта оқиды. 10 жылдан астам уақыт АҚШ-та тұрып жатқан «шетелдіктердің» бір қалыпты өмірін Науат апаның хабары өзгертеді.

Анасының шұғыл хабарын естіген Арман Аида мен Аланды ауылға барып келуге көндіреді. Алайда олардың туған елге сапары өздері ойлағандай тез аяқтала қоймайды.

Шетелден келген қонақтар ауылда тұрақтап қала ма? Әлде мұхит асып өздері үйренісіп қалған орталарына қайтып кете ме? Ол жағы хикая соңында белгілі болады.