Хабар телеарнасы

«Рауза. Сакураның гүлдеуі» телехикаясы

Көпшіліктің көзайымына айналған «Рауза» телехикаясының екінші маусымы қылмыс әлемінің серкесі Сакураға арналады. Жастайынан спортқа жақын болып, құқық қорғау органында қызмет еткісі келген жас жігіттің не себепті түзу жолдан тайғанын телетуындыдан бірге білеміз. Жауына айналған бала кезгі досы Болатпен арадағы текетірес біраз жазықсыз жанның өліміне себепші болмақ.

Сакура қызы үшін қылмыс әлемімен қош айтыса ала ма? Киллерге айналған Кешаның тағдыры не болмақ? Жынды Маңқаның тірі екені рас па? Бірге тамашалайық!