Хабар телеарнасы

Мен Қазақстанды және қазақстандықтарды не үшін жақсы көремін

«Хабар» Агенттігі мен Бақыт Қилыбаевтың сценарлық шеберханасы өмірден алынған оқиғаларға негізделген «Мен Қазақстанды және қазақстандықтарды не үшін жақсы көремін» тақырыбында 50 киноновелла ұсынады.

Бұл жоба Қазақстанның әр түкпірінен келген қарапайым адамдардың шынайы оқиғаларына негізделген. Түсірілім процесіне Қазақстанның барлық аймағынан 50 шығармашылық топ атсалысты. Көрерменге дәрігерлердің, полиция қызметкерлерінің, курсанттардың, ұстаздардың, спортшылардың, еріктілердің ерліктері ұсынылатын болады. Ауқымды телевизиялық жоба Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған.