Хабар телеарнасы

«Келінжан» телехикаясы

«Келінжан» телехикаясы

Күләш апаның кенже ұлы үйіне келін кіргізеді. «Көмектесеміз» деген сылтаумен басқа үйдің келіндері де осында жиналады. Ал олардың негізгі мақсаты – жаңа өсек жинау.

Жас келін Асылым ерке өскен, бұған дейін үй шаруасымен айналысып көрмеген. Ақ босағаны аттаған ол енесінің және екі абысынының көңілінен шығу қиынға соғатынын түсінеді.

Енесі Асылымды жақтырмайды. Үйдегілерден тек жолдасы мен көршісі Қадыр ата ғана оны үнемі қолдап жүреді. Жолдасының жылы қабақ танытатын себебі Асылым оның қайтыс болған бірінші әйеліне ұқсайды.

Жас келін барлығын дұрыс жасауға тырысады: сиыр сауып, ерте тұруды, дәмді тамақ жасап, есік алдын тазалауды. Бірақ қолынан келмейді. Осы оның көңіліне қаяу түсіреді.

Асылым енесінің көңілінен қалай шығады? Бұл тұрмысқа шыдай алар ма екен?